facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
a-sh-universitetter-ne-t-su-azhett-zhattar-emtihandar-zh-ne-dedlayndar
logo
АҚШ университеттеріне түсу: қажетті құжаттар, емтихандар және дедлайндар

10.06.2019

АҚШ университеттеріне түсу: қажетті құжаттар, емтихандар және дедлайндар

Мадина Арапова, 18 жаста, туған қаласы — Астана, студент


Мадина.JPG

Университетті таңдау жайында


Мен Астанадағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк Мектебiн бітірдім. Менің ең үлкен жетістігім – Шырмауық Лигасының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнына – Пенсильвания Университетіне түсуім.

Менің ата-анам және ағам жоғары білімді шетелде алды. Олар менің үздік білімге ие болу ниетімді қолдап, шабыттандырып жүрді. Сонымен қатар мен FLEX бағдарламасы бойынша АҚШ-да оқыдым, сол себепті бұл елмен таныс едім.

Университетті таңдаған кезде, «материалтану» және «нанотехнологиялар» мамандығының болуы мен үшін маңызды еді. Бұл магистратура деңгейінде оқылатын ерекше бағдарлама. Мен бұл факультеті бакалаврында бар университеттерді қарастырып жүрдім, университет зерттеушілерінiң ғылыми мақалаларын оқып, кредиттердің талаптарын қарап шықтым.

Пенсильвания Университетінде мені тәжірибелік қызметтің болуы еліктірді. Университетте көп топтық жобалар ұйымдастырылады, зерттеу қызметімен айналысуға және ірі компанияларда тағылымдамадан өтуге болады. Сонымен қатар ПУ өзінің айтулы тұлектерімен танымал, олардың қатарында Доктор Карл Джун, Алан Хигер, Илон Маск, Дональд Трамп.

Оған қоса университеттің және қаланың тарихы маңызды болды. Пенсильвания Университетін АҚШ негізін қалаушылардың бірі – Бенжамин Франклин Филадельфияда ашты. Бұл мегаполистi "Алғашқылардың қаласы" деп атайды. Менi жақсы ауа-райы, студенттiк ұйымдардың жəне рекрациялық клубтардың кɵп болуы елiктiрдi.


Оқуға түсу жайында


Өтінімді беру үшін, SAT немесе ACT, оған қоса Subject Tests пәндік емтихандарын тапсыру қажет. Алғашқысы мәтіндерді оқу мен талдау және математикалық дағдыларды сынайды. ACT ғылымдардағы білімді тексереді. Сонымен қатар ағылшын тілі емтихандарын – IELTS немесе TOEFL сәтті тапсыру қажет.

Дұрыс дайындалсаңыз, бір - бір жарым жыл уақыт кетеді. Мен бір жыл Америкада оқыдым, сол себепті ағылшын тілмен қиындықтар болған жоқ. Математиканы сәтті тапсыру үшін, мектеп бағдарламасын игеру жеткілікті. Деңгейіңді білу үшін, интернеттегі сынамалық тесттерден өтуге болады немесе тәжірибелі жетекшіңіз көмектесуі мүмкін. Мен Khan Academy және Erica Meltzer мен CollegePanda оқулықтары бойынша дайындалдым. SAT Subject Test үшін қазақстандық оқулықтарды білу жеткілікті, сұрақтардың және тесттің үлгісін білу керек. Barrons басылымы дайындалған кезде үлкен көмек береді.

Бұл деректердің барлығы тек бастапқы академиялық мүмкіндікті бағалайды. Университеттің өкілдері үшін әрдайым тұлғаның өзі маңызды. Сені шабыттандыратын нәрсенің болуы, күш-жігерің маңызды. Мысалы, мен химиямен, нанотехнологиялар саласындағы зерттеулермен, сонымен қатар еріктілік қозғалыспен әуестенемін.

Мадина1.JPG

Қабылдау комиссияның көңілін аударатын жеке әңгімені – эссені тоғызыншы сыныптың соңына қарай құру керек, бұл іріктеу барысында маңызды фактор болып табылады.

Тесттердің нәтижелерін, кейбір демографиялық деректерін, эссені және университеттің өзінен түскен сұрақтарды қамтитын құжаттар пакеті өтінімді ерте беру үшін қарашаның басында, ал қалыпты жағдайда қаңтардың басында тапсырылады.


Қиындықтар жайында


Қазақстандық мектеп оқушылары академиялық тұрғыдан білікті, бірақ бұл жеткіліксiз. Қабылдау комиссияның алдында өз кандидатурасын ұтымды ұсына білу керек. Маған Пенсильвания Университетінің студенттері және Түлектер қауымдастығының мүшелері өзінің ақыл-кеңестерімен көмектесті. Олар әлеуметтік желілерде және электронды пошта арқылы талапкерлермен белсенді араласады.

Сізге сай келетін жоғары оқу орынды алдын-ала таңдап, ол туралы көбірек ақпарат жинауға кеңес беремін.


Университет жайында

Менің университетімде білімді тәжірибе жүзінде iске асыруға көңіл бөлінеді. Студенттерде зерттеулерді профессорлармен бірге өткізу мүмкіндіктері бар, олардың арасында өз саласындағы сарапшылар ғана емес, Нобель сыйлығының иегерлері және Хирша жоғары индекстi ғалымдар бар.

Пенсильвания университеті Американың ірі қалаларының бірінде орналасқан, сәйкесінше, ірі компанияларда тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар. Сонымен қатар университет мәдени тәжірибені, шетелдегі оқуды, стартап-жобаларды қолдайды. Оған қоса университетте танымал Уортон бизнес-мектебі бар, сол жерде кез-келген мектептің студенті оқи алады.

Университет түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша белсенді қолдау көрсетеді. Жақсы қарым-қатынастың неігізінде түлектерге қызметінің барлық дерлік салаларына есіктер ашылады. Оқуды бітіргеннен кейiн, студенттер оқуды жалғастырады немесе белгілі компанияларға жұмысқа орналасады.


Жоспарлар жайында


Жоспарым – материалтану және инженерия департаментінде жаңа материалдарды оқу. Өмірімді немен байланыстыруды қалайтынымды түсiну үшін, әлі де көп оқу және өзімді байқап көру керек. Мен білімімді мемлекетіміздің дамуы үшін тәжірибе жүзінде қолданатынымды білемін.



Райымбек Қабиев, 18 жаста, туған қаласы — Астана, New York University Abu Dhabi студенті, @raiymbekkabiyev


DSC_7664.jpg

Университетті таңдау жайында


Биыл мен IB халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша НЗМ-дегі оқуымды бітіремін.

Мен АҚШ-да оқуды шештім, себебі бұл елде алдыңғы қатарлы инженерлік білім. Ал мені әрқашан қызықты техникалық мамандықтар, әсіресе химиялық инженерия қызықтыратын.

Университетті таңдаған кезде, жоғары оқу орындардың рейтингісіне және достарымның ұсыныстарына жүгіндім. Университеттің техникалық мектебі мықты болды. Сонымен қатар мен үшiн саяхаттау, кампустарды ауыстыру мүмкіндігінің болуы маңызды.

New York University Abu Dhabi-де менің досым оқиды. Ол маған осы оқу орынға түсуге кеңес берді, себебі университетте техникалық мамандықтар және әртүрлі елдерде кампустары бар. Бұл менi қызықтырды және мен оқуға өтінім бердім.

SAT тестілеуіне 10 сыныпта дайындала бастадым, 11 сыныпта сәтті тапсырдым. Сонымен қатар 11 сыныпта мен Common Application-ды дайындадым – бұл талапкерлерді оқуға қабылдау үшін АҚШ университеттері қолданылатын сауалнама. Мотивациялық хат дайындадым, ұсынымхат жазып берген оқытушыларды таптым.

ПРИМЕР.jpg
Сауалнаманы толтырудың үлгісі.

Сонымен қатар қаржылық жағдайыңыз жайындағы құжаттарды дайындау керек. Әрбір университетте бұл үлгі ерекшеленуі мүмкін. Мен CSS Profile үлгісін толтырдым, ол үшін шамамен 16 $ төлеу керек болды.

Қараша айында Early Decision университетіне өтінім бердім. Кейін желтоқсанның соңында тағы 10 университетке өтінім бердім.

New York University Abu Dhabi оқу орнында егер Candidate Weekend-ке шақыру алсаңыз, Абу-Дабидегі кампусқа бару мүмкіндігі болады. Мен сондай шақыруға ие болдым, оқытушылармен таныстым, студенттермен араластым, сабақтарға қатысып көрдім. Осында оқуды қалайтыныма көз жеткіздім.


Қиындықтар жайында


Ең үлкен қиындық – дедлайндар. Университетте қүжаттарды тапсырудың үлгілері мен мерзімдері әртүрлі болуы мүмкін. Белгіленген уақытқа дейiн құжаттардың толық пакетін жинағаныңызға сенімді болуыңыз керек.

Мен Excel-дің үлкен кестесінде әртүрлі университеттердің дедлайндарын жазып алдым. Жақын уақытта болатындарды қызылмен белгілеп жүрдім. Бұл барлығын уақытында тапсыруыма көмектесті.


Университет жайында


New York University Abu Dhabi студенттер үшін ең жақсы жағдайлар ұсынады. Мысалы, ұшып келу кезiнде, денсаулық сақтау мәселелері бойынша студенттерге үлкен көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар оқуға арналған жағдайлары жақсы – ең жаңа зертханалар, аппаратура, мықты білім беру бағдарламасы, мықты оқытушылар.

Әртүрлі елдерде оқып, саяхаттау мүмкіндігі бар. Мен бірінші жылымды Абу-Дабиде, екінші жылды Нью-Йоркте өткізуді жоспарлаймын. Берлинде, Сиднейде, Шанхайда да кампустары бар.

Университеттің ерекшелігі – студенттердің және оқытушылардың интернационалдық қауымдастығы. Бұл қызықты, өй-өрісіңді кеңейтеді, жаңа мүмкіндіктер ашылады.


Жоспарлар жайында


Университет мамандықты екінші курста таңдау мүмкіндігін бередi. Мен астрофизика, инженерия және химия арасында таңдау жасаймын. Бірінші жылы математика, физика және химияны тереңдетіп оқуды қалаймын.

Сонымен қатар мен үшін зерттеу жұмыстарының болуы маңызды. Мен АҚШ-дағы алдыңғы қатарлы университеттердің біріне түсуді жоспарлаймын. Бұл Стэнфорд болуы мүмкін. PhD дәрежесін алуым мүмкін.


Әсел Омарова, 18 жаста, туған қаласы — Астана, Vassar College студенті


Асель1.jpeg

Университетті таңдау жайында


Мен жетінші сыныптан бастап Назарбаев Мектебінде оқып келдiм, бірақ соңғы екі сыныпты Haileybury британдық мектебiнде оқып бітірдім.

АҚШ-ға түсуді шештім, себебі əлемдегі үздік университеттер сол жерде орналасқан. Университеттерді рейтингтері бойынша таңдадым: өзімнің мүмкіндіктерімді байқап көру үшін үш беделді және үш қолжетімді оқу орынды таңдадым. Сонымен қатар media studies мамандығының болуы басты шарт болды.


Оқуға түсу жайында


Оқуға түсу көп уақыт пен күш-жігерді қажет етеді. Біріншіден, сommonapp.org сайтында тіркеліп, өзің жайында, қызығушылықтарың мен жетістіктеріңді көрсететін үлгіні толтыру керек. Екіншіден, барлық университеттер үшін бір үлкен эссе және әрбір университет үшін шағын эсселер жазып беру керек. Сол себепті барлық үлгілер мен өміріңіздің маңызды кезеңдерін айқындайтын эссені тексеріп алу үшін, құжаттарды алдын-ала дайындаған жөн.

Сонымен қатар мен SAT және IELTS тестілеуін тапсырдым. Жүйелі түрде дайындалмағанымнан, жоғары балл алу үшін SAT-ты үш рет тапсыруға тура келді. Соңғы емтиханды желтоқсан айында тапсырдым және нәтижелері уақытында келмейді деп уайымдадым. Барлығын қазан айына дейiн тапсырған жөн. Егер грантқа берсеңіз, ақпан айына дейін CSS Profile қосымша үлгісін жіберу керек.


Қиындықтар жайында


Оқуға түсудің ең қиын кезеңі – өзім туралы жазу болды, себебі бұны ешкім ешқашан үйреткен жоқ. Бұл кезеңнен дұрыстап өту үшін – өте көп жазып, одан да көбірек өңдеу керек. Көмек сұраудан қорықпаңыз. Маған EdUSА және әпкем көмектесті.

Сонымен қатар мен үшін тайм-менеджмент үлкен қиындық туғызды. Мен барлығын соңғы уақытта істедім. Барлық маңызды күндерді алдын-ала жазып қойып, уақытты дұрыс үлестірген жөн.

Асель.jpeg

Университет жайында


Мен Vassar College университетіне грантқа түстім.

Университет Нью-Йоркқа жақын орналасқан. Оның тарихы қызықты, себебі 1969 жылға дейін бұл оқу орынға тек қыздарды қабылдаған.

Маған университеттің атмосферасы ұнайды: ол үлкен емес, сол себепті әрбір студентке көп уақыт бөлінеді. Бұл орын мектебімді еске салады, маған осындай ортада даму оңайырақ.

Vassar оқу орнында өнер үлкен орын алады – әрбір дерлік студент шығармашылықпен айналысады. Бұл жаныма жақын.


Жоспарлар жайында


Келесі төрт жылдың жемісті болғанын қалаймын. Мен өзіме университеттің іс-шараларына және барлық ұйымдарға қатысамын деп уәде бердім.

Университетті бітіргеннен кейінгі жоспарларым әлі айқындалған жоқ. Америкада қалып, одан да танымал университетке магистратураға түскім келеді. Телевидение саласында жұмыс істеуді қалаймын, сериалдар түсіруім мүмкін. Бірақ төрт жылдың ішінде бәрі өзгеруі мүмкін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.