Еркебұлан Алпысбай, 21 жаста, туған қаласы — Тараз, студент
Ɵмiрi жайында
Мен Таразда туып ɵстiм. Бiраз уақыт ата-апаммен Қордай деген жерде тұрдым бұл Тараз қаласының шекарасында орналасқан аудан. Анам «Болашақ бағдарламасы бойынша магистратураға түстi. 2011 жылы ол менi Америкаға, Нью-Йоркқа алып кеттi. Мен 2011 жылы Қордайда 9 сыныпты бiтiрiп кеттiм. АҚШ-та оныншы сыныпқа бардым.
Америкалық ағылшын тiлi мүлдем басқа, американдықтар сленгтi кɵп қолданады. Дiлі, мəдениеті ɵзгеше болатын, маған қиын болды. Алғашқы аптада осында тұра алмай, Қазақстанға ораламын деп ойладым.
12 сыныпты Америкада бiтiріп шықтым жəне маған университетке түсу керек болды. Мен қонақ үй бизнесiн оқуды қаладым, Cornell University-де жазғы курстардан ɵттiм. Америкада құжаттарымды жетi университетке тапсыра алдым. Мен грантқа түстiм, шəкiртақыға иеболдым, дегенмен 40 000 доллар тɵлеу қажет болды.
2014 жылы Stipendium Hungaricum Scholarship Programme бағдарламасы бойынша Будапешт қаласына келдiм, ал 2013 жылы Қазақстан жəне Венгрия келiсiмшартқа отырған болатын. Осылайша Венгрия Азия жəне ТМД елдерiнiң студенттерiн тартуды қалады. 2014 жылы Қазақстанның Бiлiм беру министрлiгi веб-сайтында байқау жариялады, оған қатысу үшiн құжаттарды жинап, емтихандарды тапсыру қажет болды. Сол кезде мен Америкада болдым жəне грантқа тапсыру үшін барлық құжаттарымды Қазақстанға, ата-анама жіберіп отыратынмын.
Жазда Қазақстанда келдім, ата-апама кɵмектестiм. Сол кезде грантқа ие болған талапкерлердiң тiзiмi шықты, солардың қатарында мен де болдым. Мен мүмкiндiктi пайдалануды шештiм, бiрақ визаны ашу кɵп уақытты алды, сол себепті мен Қазақстаннан қыркүйек айында ғана кеттім.
Будапешттегі əуежай қаланың сыртында орналасқан жəне қалаға кiрген кезде, Ұлы Отан соғысы жылдарында, КСРО кезiнде болған ескi үйлерге кɵзiң түседi. Америкадан кейiн бұл мен үшiн таң қаларлық болды, бiрақ қаланың ішіне кірген кезде, ол маған ұнады.
Алғашқы жарты жылы қиын болды, себебi мен мəдениетке жəне адамдарға үйрене алмадым. Қалада ағылшын тiлiнде жазылған тақталар болды, бiрақ барлығы, негiзiнен, венгр тiлiнде жазылған, ал бұл қиын тiл. Венгрия Еуроодақтың мүшесі боғанымен, аға буын ɵкiлдерi ағылшын тiлiнде сɵйлемейдi.
Қала жайында
Будапешт — Венгриядағы ең үлкен қала. Шамамен екi миллион халқы бар. Будапештте тұрып жатқан үш жыл уақыттың iшiнде қала қатты дамыды. Венгрия еуроаумақта орналасқандықтан, осында бүкiл Еуропадан кɵп саяхатшылар келедi. Испанияға немесе Францияға қарағанда, осында екi-үш есе арзанырақ. Сол себептi батыс елдерде тұратын адамдар осында келiп, үй сатып алады.
Бұрын Буда жəне Пешт – Дунаймен бɵлiнген екi қала едi, бiрақ қазiр олар бiрiктi.
Мен Дунай жағалауын жақсы кɵремiн.
Мен қаланың орталығында орналасқан Four Seasons Hotel мейманханасында жұмыс iстеймiн. Будапешттің ең танымал көпірі болып табылатын Шынжырлы көпір жақын орналасқан. Кейбір кезде жұмыстан шығып, жағалау бойымен серуендеп, үйге жаяу барамын. Бұл 30-40 минут уақытты алады. Жағалауда көп саяхатшылар болатыны маған ұнайды. Бұл көпірдің жанында The Hungarian Academy of Sciences деген кітапхана бар, егер бір нәрсені оқып немесе үй жұмысын істеу қажет болса, мен сол жерге барамын. Бұрын бұл Венгрияның бүкіл ғалымдары жиналатын орталығы болатын. Бұл әйгілі кітапхана, оның ішінде тіпті кешкі гала астар өткізіледі.
Будапештте қоғамдық көлік жүйесі жақсы дамыған, метроның төрт бағыты бар, ол бүкіл дерлік қаланы байланыстырады. Үшінші бағыты – ең ескі және ұзын. Бүкіл қала бойынша трамвайлар, автобустар жүреді. Студенттер үшін бір айлық билеттің қүны 3500 форинтті құрайды, бұл шамамен 4000 теңге. Бұл билетті метрода және автобуста пайдалануға болады.
Салықтар жайында
Будапештте салықтар үлкен. Бұрын қызмет көрсету салығы 27% құрайтын, бірақ 2017 жылдан бастап оны 18% дейін азайтты, сонымен қатар қосымша 4% бар – бұл қалалық салық. Салықтар бойынша студенттерге ешқандай жеңілдіктер берілмейді. Егер жұмыс істесеңіз, жалақыңыздан шамамен 34% салық ретінде алынады. Бұл үлкен сома.
Венгрияда студенттер үшiн жақсы жағдайлар жасалған. Студенттік картаңыз болса бойынша кинотеатрларда, электричка билеттерiне, ыстық суға жəне тағы кɵптеген нəрселерге үлкен жеңiлдiктерге ие боласыз.
Медицина жайында
Венгриядағы медицина сапалы болып келеді. Мен оқып жатқан бағдарлама құнының iшiне тұрғын үйден, шəкiртақыдан жəне оқу тɵлемiнен бɵлек стандартты сақтандыру кiредi. Бiрақ бұл сақтандыру тiс дəрiгерi, офтальмолог жəне кейбiр мамандардың қызметтерiн ɵтемейдi. Жедел жəрдем қызметi тегiн. Бiрақ егер адамды алып кетiп, емдеу қажеттілігі болса, кɵп ақша тɵлеу керек.
Тұрғын үй жайында
Будапештте университеттер қаланың ішінде, ал жатақханалары – қала бойынша алыс жерлерде орналасқан. Осында оқыған кезде, мен екі жыл жатақханада тұрдым. Университетке жету үшін шамамен бір сағат кететін. Вьетнамнан келген танысым баламен бірге пәтерде тұрып жатқанымызға бір жыл болды және біз пәтер үшін 100 теңгеге жуық ақша төлейміз. Ол университеттен 20 минуттық жерде орналасқан. Мен Дунайдың жанында, қаланың орталығында тұрамын.
Осында келген кезде, өз тіліңізде сөйлетін және Венгрияда бұрыннан бері тұрып жатқан адамды тауып алуға кеңес беремін. Себебі пәтерді жалдап тұрған кезде, үйдің иелері сіздің басқа елден келгініңізді көріп, бағаны екі-үш есе көтеруі мүмкін.
ТКҚ және телефон байланысы жайында
Коммуналдық қызметтердің есебі венгр тілінде келеді, сол себепті мұқият болу керек. Біз таныс адамдардың пәтерін жалдап жатырмыз және коммуналдық қызметтер үшін шамамен 10 000 форинт төлейміз.
Тамақ жайында
Будапештте голландық, неміс дүкендері сияқты әртүрлі супермаркеттер бар, бірақ тауарлары қымбаттырақ және барлығы дерлік сырттан әкелінеді. Мен азық-түліктерді маркеттерде сатып аламын. Сол жердегі бағалар екі есе арзанырақ және жаңа піскен азық-түліктер сатылады, себебі оларды Будапешт маңындағы ауылдарда тұратын жергілікті адамдар өсіріп, сатады.
Дәмді нан өнімдерін пісіріп, сататын орындар көп. Маған гуляш ұнайды – бұл дәмді етті кеспе.
Венгр тамағының 90% шошқа етінен болатындықтан, кейбір кезде қиын болады. Мейрамханаларда да тауық етін ұсынады, ал мен қазақ болғасын сиыр етіне үйренгенмін. Венгрияда тамақ майлы болып келеді, сол себепті мен сыртта сирек тамақтанамын.
Будапешт шығыс Париж болып саналады, себебі бұл ескі және әдемі қала. Көп адамдар ескі ғимараттарды сатып алып, пабтар мен мейрамханалар ашады. Қазіргі кезде кофе немесе шәй сатып алуға болатын орындар бұрынғы кезде министрліктер болған еді. Достарымызбен қыдырған кезде, Ruin Pub-қа барамыз.
Венгрлік Парламент те тарихи ғимаратта орналасқан, оның құрылымын көру үшін адамдар ішіне кіре алады.
Венгрияның опера театры – әсерлі құрылыс, бұл Австро-Венгрия империясы кезінде өте танымал опера еді.
Осында жылы су қайнар көздері көп. Біз достарымызбен сол жерлерге жиі барып тұрамыз.
Білім беру жүйесі жайында
Америкадан Венгрияға келген кезде, білім беру жүйесі аса ұнаған жоқ. Себебі Америкада теория әрдайым машықтану жұмыстарымен қатар жүреді, бізде виртуалды мейманхана болатын, біз соған қаржы салып, жұмыс істейтінбіз. Қонақ үй бизнесі саласында көбірек тәжірибеге ие болу керек, ал Венгрияда теорияны ғана үйретеді – біз дәрістерді тыңдап отырамыз, теорияны ғана ұғынамыз. Тәжірибе жылына бір рет қана болды. Үш жыл теорияны оқисың және тек бір семестрде тағылымдамадан өтесің. Қазірде мен Four Seasons мейманханасында тағылымдамадан өтіп жатырмын. Бұдан бөлек кейбір венгрлік мұғалімдердің ағылшын тілі деңгейі менікінен төмен болды және олар кейбір сөздердің мағыналарын түсінбейтін. Топтың ішінде мұғалімдермен пікірталастың болуы жетіспейді, бірақ жалпы барлығы жақсы.
Оқудың бір семестрі қалды, мен EXPO-2017 және Қазақстан туризмі жайында диплом жұмысын жазып жатырмын.
Адамдар жайында
Еуроодаққа дейін бұл ел Австро-Венгрия империясы болатын, экономикасы жақсы ірі мемлекет еді. Көптеген венгрліктерде олардың ұлы империя деген ой сақталып қалды. Менің ойымша, сол себепті Венгриядағы адамдар біраз пессимистік қасиетке ие болып келеді.
Будапештте тұрып жатқан үш жылдың ішінде мен венгр тілін түсіне бастадым және олардың өзара қатынаста сыпайы екенін естимін. Олар біраз пессимистік болса да, өмірге позитивті түрде қарайды.