facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
a-sh-ta-y-zh-ne-abu-dabideg-zho-ary-o-u-oryndaryny-granttaryna-ie-bol-an-aza-standy-mektep-o-ushylary
logo
АҚШ-тағы және Абу-Дабидегі жоғары оқу орындарының гранттарына ие болған қазақстандық мектеп оқушылары

01.05.2019

АҚШ-тағы және Абу-Дабидегі жоғары оқу орындарының гранттарына ие болған қазақстандық мектеп оқушылары

Селимжан Чалышкан, 18 жаста, туған қаласы — Алматы, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы

селимжан 3.JPG

Мені Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетіне және Гарвард университетіне қабылдады. Мен Гарвардты таңдадым, себебі оның көпғасырлық тарихы бар. Менің ата-анам, туыстарым және достарым – барлығы осы университетті таңдағанымды қалады.

Harvard University маған шәкіртақысы бар толық грантты ұсынды. Университет оқудың, тұрудың, тамақтың, медициналық сақтандыру мен жеке шығындардың барлығын өтейді.

Гарвард университетінде мамандықтардың таңдауы үлкен. 2000-нан астам пәндер мен 50 мамандық түрлері бар. Жоғары оқу орнында мықты түлектер қауымдастығы жұмыс істейді.

Мен жетінші сыныптан бастап осы оқу орынға түсуді армандадым.


Емтихандар жайында


Барлық американдық университеттердің талаптары бірдей. Harvard University-дің талаптары сайтында жазылып берілген. Бастапқыда SAT тестілеуі тапсырылады – бұл Америкадағы ҰБТ-ге ұқсас тест. SAT тестілеуінің екі түрі бар: жалпы және профильді пәндер бойынша. Жалпы тестілеу ағылшын тілін, математиканы, ал профильді тестілеу қызықтыратын пәндерді қамтиды. Профильді пәндер бойынша жоғары балл саны – 800. Мен математика, билогия бойынша 800 баллдан, ал химия бойынша 700 балл жинадым. Халықаралық студенттер бұдан бөлек IELTS немес TOEFL тестілеуін тапсырады.

Сонымен қатар эссе жазу керек. Эссенің тақырыптары мен сұрақтары университетке байланысты өзгеріп отырады. Кейбіреулер өзіңіз жайында, кейбіреулері нақты осы университетті таңдаған сепебер жайында жазуды сұрайды.

Әрі қарай мұғалімдерден ұсынымхаттар талап етіледі. Мен ұсынымхатты ағылшын тілі және билогия мұғалімдерінен сұрадым. Бұдан бөлек жеке деректер, өзіңіз жайында, сабақтан тыс уақытта айналысатын әуестеріңіз жайында ақпарат беретін сауалнама толтырылады.

селимжан 1.JPG

Өтінімді қарастыру үшін 75 доллардан басталатын жарна төленеді. Бірақ отбасының төлейтін жағдайы болмаса, университет өтінімді тегін қарастыра алады. Ол үшін мектеп меңгерушісі немесе кәсіби бағдарлау жұмысының маманы отбасының қаржылық жағдайын растау керек. Мен дәл осы жолмен бес жоғары оқу орынға өтінімді тапсырып, біреуіне де төлеген жоқпын.


Емтихандарға дайындалу жайында


Мен 9 сыныптан бастап, оқуға түсуге дайындалу керек екенін ұғындым. 11-12 сыныптарда емтихандарды тапсырып, сауалнамаларды толтыра бастадым. Репетиторларсыз өзім дайындалдым, себебі жеке дайындалу ыңғайлырақ. Оған қоса мектеп жақсы негіз береді.

Көптеген американдық жоғары оқу орындары секілді Гарвардта мамандықты екінші курстың басында таңдайсыз. Бірақ мен құжаттар пакетін дайындаған кезде, болашақта биологиялық ғылымдарды оқуды қалайтынымды белгілеп қоятынмын.


Оқуға түсуге не көмектесті


Менің ойымша, олипиадаларға қатысқаным Гарвардқа түсуме септігін тигізді. Мен 9 сыныптан бастап биология пәні бойынша республикалық олимпиадаларға қатысып жүрдім. 11 сыныпта республикалық олимпиадада алтынға ие болдым, кейін Қазақстанның республикалық құрамасына ендім. Ал халықаралық олимпиадаға барған кезде, қола медаліне ие болдым.

11 сыныптан бастап роботты техникамен айналысамын. Біз серіктесімізбен мәтінді айқындап, оны Брайль шрифтіне ауыстыратын құрылғының жобасын жасап жатырмыз. Осылайша зағип адамдар үшін қолжетімді ресурстар бойынша жұмыс істеп жатырмыз.


Кеңестер


Көбісі Гарвард сияқты университетке ақшасыз түсуге болмайды деп ойлайды. Іс жүзінде Harvard University – жомарт оқу орны. Университеттің сайтында отбасыңыз жылына 65 000 $-дан кем табыс тапса, университеттің гранты мен шәкіртақысына сенуге болады деп жазылған.

Қабылдау комиссиясы мен студенттердің беретн кеңесі – басынан аяғына дейін өзіңді жоғалтпай, алдамау және жоқ жетістіктерді қосып айтпау


Қабылдау комиссиясы мен студенттердің беретн кеңесі – басынан аяғына дейін өзіңді жоғалтпай, алдамау және жоқ жетістіктерді қосып айтпау.

Университеттердің сайттарын мұқият оқып шығыңыз, сол жерде барлық қажетті ақпарат бар. Сонымен қатар оларға хат жазып, түсінбеген нәрселеріңізді сұрауға болады. Ең бастысы – қорықпау керек.

Мен оқуды бітіргесін, Қазақстанға оралуды жоспарлаймын және алған білімім мен дағдыларым осында пайдалы болады деп үміттенемін.


Әсем Сағынова, 19 жаста, туған қаласы — Орал, Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы


асем 2.JPG


2019 жылдың наурыз айында маған Аризона Университетінің сәулет факультетінде оқу грантын ұсынып жатқанын хабарлаған хат келді. Мен кішкентай кезімнен шығармашылық бағытта дамып өстім, қолдан ерекше бұйымдар жасадым, суреттер салдым. Сол себепті мен үшін нақтылықты, шығармашылық пен креативті қамтитын мамандықты таңдау маңызды болды. Менің таңдауым сәулетші маманына түсті.

Жоғары сыныптарда бұл мамандық бойынша қандай жоғары оқу орнында сапалы білім алуға болатыны жайында ойлана бастадым. Сәулет, дизайн және жобалау саласындағы мамандармен көп әңгімелестім, бүкіл әлемдегі университеттер бойынша ақпараттарды зерттедім. Нәтижесінде таңдауым Аризона Университетінетүсті.

Forbes журналының пікірі бойынша, Аризона Университеті – баға пен сапаның үйлесімді байланысы бойынша үздік оқу орындарының бірі болып табылады. Ол The Times университеттерінің рейтингісінде 159 орын алып жатыр, бұл оқу орынның сәулет факультеті түлектерінің 90 % астамы мамандық бойынша жұмысқа орналасқан.

Университет оқуға жеңілдіктеріне ие болу үшін көп мүмкіндіктерді ұсынады – бұл мен үшін маңызды фактор болды.


Емтихандар жайында


Аризона Университетіне түсу үшін 6 баллдан жоғары нәтижесі бар IELTS, 580 баллдан артық және орташа бағасы 4 болатын SAT сертификаттары болуы керек. Құжаттарды сәулет факультетіне тапсыратын студенттерден шығармашылық жұмыстары бар портфолионы ұсыну талап етіледі.

Аризона Университетіне түсу үшін 6 баллдан жоғары нәтижесі бар IELTS, 580 баллдан артық және орташа бағасы 4 болатын SAT сертификаттары болуы керек


IELTS және SAT сертификаттарын алу үшін, емтихандарды онлайн тапсыруға тіркелу керек. IELTS-ке тіркелу British council, ал SAT-қа тіркелу collegeboard сайтында өтеді. Кейін емтиханды тапсыруды қалайтын қаланы және күнді таңдау қажет. Әрбір емтиханның орташа құны 50 мыңнан 70 мыңға дейін жетеді,бірақ біздің мектеп IELTS-ті тегін тапсыру мүмкіндігін береді.


Емтихандарға дайындалу жайында


Бізді IELTS-ты тапсыруға мектептің жоғарғы сыныптарында дайындады. Ең маңыздысы – емтиханның құрылымын білу және уақытты дұрыс есептеу. Дайындық барысында тестті интернетте тапсырып көруге болады.

Мен IELTS-тың құрылымы мен ерекшеліктерімен таныс едім, сол себепті жақсы нәтижеге жету үшін дайындықтың шамамен үш ай уақыты қажет болды. Шетелдік блогерлер мен ағылшын тіліндегі фильмдерді қарағаным емтиханда септігін тигізді. Бұл сөйлеу мен тыңдалымның дағдыларын жақсы дамытады.

асем 1.JPG

SAT емтиханы күрделірек болып келеді және оған дайындықты алты немесе одан да көп уақыт бұрын бастаған жөн. Себебі бұл емтихан математикалық тапсырмалар мен тесттерді талдауды қамтиды. SAT тестілеуіне дайындалуға арналған барлық материалдар ресми сайттарда бар.


Оқуға түсуге не көмектесті


Менің ойымша, маған мұғалімдердің берген білімі, ынта, мақсатқа талпынушылық, сонымен қатар жақын адамдардың және өз тәжірибелері мен пікірлерімен бөліскен мамандардың қолдауы көмектесті.


Кеңестер


Бастысы – алғашқы қадамдарды алдын-ала жасау, ақпаратты іздеу және білетін адамдардан көмек пен ақыл-кеңестерді сұраудан қорықпау. Көбісі білімдерімен қуана бөліседі, кейін жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Шетелдік университеттерде басқа жақтан келген студенттермен жұмыс істейтін бөлімдер бар, сол жерде сіздің сұрақтарыңызға міндетті түрде жауап береді.

Мен елімнің дамуына өз үлесімді қосуды қалаймын. Сол себепті оқуымды бітіргесін, барлық алған білімді Қазақстанда қолданып, сәулетіміздің дамуына бағыттауды жоспарлаймын.


Ади Бауыржанұлы, 17 жаста, туған қаласы — Алматы, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы


ади 1.JPG


Мені Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетіне және Боккони университетіне қабылдады. Мен Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінде оқуды жоспарлаймын. Бұл Нью-Йорк университетінің БАӘ-мен дипломатиялық байланыстарының арқасында негізі қаланған жаңа жоғары оқу орны. Ол әлемдегі ең бай университеттердің бірі болып саналады. Маған оқудың, тұрудың, ұшып жүру мен қалған нәрселердің төлемдерін өтейтін толық грант берілді.


Емтихандар жайында


Мен SAT америкалық емтиханын тапсырдым. Ол базалық деңгейдегі математикалық және ағылшын тілінің оқылымы мен жазылымын қамтитын вербалды бөлімдерден тұрады. Бұның өзінде физика, химия, биология және күрделенген математика пәндері бойынша SAT-тың басқа да түрлерін тапсыруға болады. Бұл оқушының әуесіне байланысты және әртүрлі факультеттерге әртүрлі пәндерді тапсыру талап етіледі. Тест адамның академиялық тұрғыдан қаншалықты шыныққанын көрсетеді.

ади 3.JPG

Мен ағылшын тілі мен математика бойынша 1600 баллдан 1520 балл, физикадан 730 және күрделенген математика бойынша 800 баллдан 750 балл жинадым. Американдық университеттердің көбісінде межелік өту балы деген түсінік жоқ. АҚШ-ның университеттері жағдайлық қатынаспен ерекшеленеді. Мысалы, адам төмен нәтижемен Гарвардқа түсе алады. Дегенмен бұл адам тұлғалық қасиеттерінің басқа да қырлары дамыған болуы керек екенін түсінуі тиіс.


Емтихандарға дайындалу жайында


Дайындыққа кететін уақыт адамның ағылшын тілін, математиканы білу деңгейіне байланысты. Мен кем дегенде бір жыл дайындалу керек деген кеңес беремін. Бұл маңызды, себебі қазақстандық мектеп оқушылары үшін емтихандардың форматы беймәлім.

Мен SAT тестілеуіне 11 сыныпта, ал IELTS-қа 10 сыныптың соңында дайындала бастадым, арнайы курстарға бардым. Шынын айқанда, егер адам шетелдік университетке түсуді қаласа, IELTS-қа өздігінен дайындала алады. SAT тестілеуіне дайындалу қиынырақ. Шыдамды болмасаңыз, курстарға барған жөн.

ади 2.JPG

Американдықтарға SAT тестілеуін тапсыру әлдеқайда оңайырақ. Математиканы айтсам, біз олар өтетін тақырыптардың барлығын өтеміз, тіпті кейбір мәселелер бойынша мықтырақ боламыз. Ағылшын тілін алғанда, барлығы әлдеқайда қиынырақ. Бұл тіпті IELTS-тағы ағылшын тілі емес, олардың тілдері әлдеқайда терең – көркем әдебиет тілінің деңгейіне жақын болады.


Оқуға түсуге не көмектесті


Маған осы жылдар бойы мектепте алынған білім көмектесті. Сонымен қатар менің алдын-ала дайындала бастағаным үлкен рөл атқарды.

Интернетте SAT тестілеуін тапсырудың ерекшеліктерін талқылайтын көптеген форумдар бар


Интернетте SAT тестілеуін тапсырудың ерекшеліктерін талқылайтын көптеген форумдар бар. Сол жерде көп пайдалы кеңестерді табуға болады. Мысалы, reading бөлімінде көркем, ғылыми, тарихи және тағы басқа түрлерге бөлінген алты мәтін бар. Маған ДНК туралы ғылыми мәтінді оқу оңайырақ, ал көркем мәтінді оқу қиынға соғады. Сол себепті мен үшінші қатарда тұрған ғылыми мәтіннен бастайтынмын.


Кеңестер


Бұл шынымен күрделі процесс екенін түсіну керек, тіпті көп күш-жігеріңізді салсаңыз да, ешқандай нәтижесі шықпауы мүмкін, сол себепті түңілудің қажеті жоқ.

Мен өзімді отаншыл деп санаймын және оқудан кейін Қазақстанға оралып, күшімді осында байқап, адамдарға көмектесуді жоспарлаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
IT саласында білім беретін университеттер жинағы
IT саласында білім беретін университеттер жинағы
Зиянды тамақ дегеніміз не. Юлия Нугманова біздің тамақтануымыз туралы қолжетімді тілде түсіндіруі
Зиянды тамақ дегеніміз не. Юлия Нугманова біздің тамақтануымыз туралы қолжетімді тілде түсіндіруі
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы