facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
a-sh-kanada-pol-sha-a-k-shkende-nege-tap-bolu-a-bolatyny-turaly
logo
АҚШ, Канада, Польшаға көшкенде неге тап болуға болатыны туралы

30.07.2018

АҚШ, Канада, Польшаға көшкенде неге тап болуға болатыны туралы

Талгат Абдрахманов, 31 жаста, туған жері — Қарағанды, медициналық-сақтандыру саласы

Тұрып жатқан ел: АҚШ, Нью-Йорк

008

АҚШ — өте көп ұлтты мемлекет, сол себепті кез келген ұлт өкілі өзін бұл жерде еркін сезінеді. Дәл АҚШ-та нағыз өзіңді сезесің, ортақ қызығушылықтар бар адамдарыңды табасың. Бұл маңызды, себебі адам басқа бір елге мәңгі өмір сүруге көшкен кезде, ол өзін жерлестерінің жанында қолайлы сезінеді.

Бұдан басқа, АҚШ дамыған экономикалы, қызықты өмір сүруге болатын және көп мүмкіндіктер бар ел. Ал Қазақстанда мұнда келуге мүмкіндік беретін көптеген бағдарламалар бар.

АҚШ-тағы өмірдің артықшылықтары:

— жаңа әрі қызықты жерлер

— қазақстанмен салыстырғанда жақсы ақша табу мүмкіндігі

— ағылшын тілін жақсарту мүмкіндігі

— америкалық компанияда тәжірибе жинау мүмкіндігі, өйткені американдық бизнес моделі бүкіл әлемге танымал

Виза

АҚШ-қа туристтік визамен келуге болады. Қазір он жылдық визалық бағдарлама бар, ол бойынша АҚШ-та он жыл бойы тұруға болады, бірақ әр жарты жыл сайын шығып тұру қажет. Бұл ыңғайлы.

Екінші виза — оқу немесе студенттік, олар ағылшын тілі курстарында оқуға немесе бакалавр мен магистр деңгейлерін алуға мүмкіндік береді.

Үшінші түрі — Н-1В жұмыс визасы, ол американдық компаниямен келісімшартқа отырған кезде беріледі. Алдыңғы екі визаға қарағанда бұл визаны алу қиын, бірақ мүмкін.

Тіл

АҚШ-қа тілді мүлдем білмейтін адамдар келетін жағдайлар болады, сондықтан тілді білу деңгейі мұнда әртүрлі. Кез келген жағдайда бірнеше ай ішінде тілді жақсартуға болады.

Егер Нью-Йорқа келсең, онда ағылшын тілін білмеуге де болады, мұнда орыс тілінде сөйлейтін адамдар көп. Вашингтон, Калифорния, Лос-Анджелес, Чикаго қалаларында да дәл солай. Бірақ шағын қалаларда тек ағылшын тілінде ғана сөйлейді.

Тұрғын үй

Бөлмеге немесе пәтерге кіру үшін екі соманы төлеу қажет: үйдің бір айлық құны мен бір ай жалдауға тең депозит. Осыған дайын болу керек.

АҚШ-та бөлме табу оңай, бұл бөлмедегі орын да, бөлек бөлме де болуы мүмкін. Бірақ, пәтер табу үшін арнайы құжаттар мен белгілі бір табыс деңгейі болу керек, Нью-Йоркта бұл жылына шамамен 60 000 доллар. Сол себепті адам алғаш келген кезде әдетте оның құжаттары да, табыстары да болмайды, сондықтан басқа нәрсе іздеу қажет болады. Жалға беруші төрт айға төрт сома төлеуді талап ететін жағдайлар болады, бұл құжаттар мен табыстың орнын өтейді.

Сондай-ақ, брокер арқылы тұрғын үй табуға болады, ол сіздің сұрауларыңызға байланысты жақсы үй таба алады, бірақ оның қызметі бір айлық үй жалдау сомасына тең болады.

Нью-Йоркта бөлме жалдаудың құны жағдайға, қолайлылыққа, орынға байланысты шамамен 750-800 $. Бөлмедегі орын орта есеппен адам басына 450-500 $. Бір бөлмелі пәтер 1400 $ және одан да жоғары. Екі бөлмелі пәтер — 2200 $ жоғары.

Жұмыс

АҚШ-та жұмыс көп. Әдетте алғашқы кезде адамдар қызмет көрсету саласында жұмыс істейді: даяршы, бала күтуші, сатушы, құрылысшы, жүк тасушы, таксист. Мұндай жұмыста 2000-2500 $ табуға болады.

Кеңседе жұмыс істейтін жақсы орынды табу көп уақытты талап етеді, бірақ бұл мүмкін. Ол үшін жұмысқа рұқсат болу керек және ағылшын тілін жақсы білу қажет. Белгілі бір білімнің болуы да маңыздылыққа ие, сіз қазақстандық дипломмен жақсы жұмыс таба аласыз. IT мамандарына жұмыс табу айтарлықтай оңай.


Азиза Маемгенова, 24 жаста, туған жері — Алматы, экономист

Тұрып жатқан ел: Польша, Вроцлав

56

Польша — Еуропа аумағындағы ірі елдердің бірі және халықтың саны бойынша Еуроодақта алтыншы орынды иеленеді.

Мұнда магистратураны оқу үшін келдім, себебі бұл жерде білім алу қымбат емес және гранттар көп.

Польшада өмір сүрудің артықшылықтары:

— жергілікті азық-түлікке, косметикаға, киімге арзан бағалар

— қалыпты климат

— поляктар сыпайы және мейірімді

— қазақстандық жүргізуші куәлігін пайдалануға болады

— саяхаттауға қолайлы орналасу және билеттер де қымбат емес

— қауіпсіздіктің жоғары деңгейі

Виза

Қазақстандық азаматтарға Польшаға келу үшін виза алу қажет. Консулдық Алматыда және Астанада бар. Визаны алдын-ала рәсімдейді, ал кейіннен тұруға рұқсат алуға болады. Сондай-ақ, Польшада бүкіл болу мерзіміне сақтандыру алу қажет.

Ең жақсысы бұл виза барлық шенген аумағында саяхаттауға мүмкіндік береді, бастысы паспорт пен сақтандыру болу.

Тіл

Ресми тілі — поляк. Бірақ барлық поляктар ағылшын мен неміс тілін біледі. Поляк тілін білмеуге де болады, себебі барлығы ағылшын тілінде сөйлеп, жауап береді. Бастапқы кезде ағылшын тілінде сөйледім, бірақ екі ай ішінде поляк тілін нөлден А2 деңгейіне дейін көтердім. Сонымен қатар, Польшада украиндар көп, олармен орыс тілінде сөйлеуге болады.

Тұрғын үй

Польшада басқа Еуропа елдерімен салыстырғанда тұрғын үй қолжетімді әрі арзан. Хостелдегі бір түн 15-25 € тұрады. Егер қала орталығында бір айға бөлме жалдаса, ол 300-400 € болады.

Қалада көне типтегі түрлі-түсті үйлер, ал қала сыртында кішігірім бақшалары бар коттедждер орналасқан. Поляктар гүлдерді жақсы көреді. Әр балконды құмырадағы гүлдермен безендіреді.

Үйге кіру кезінде үй иесі мен жалға алушы арасында келісімшарт жасалады. Тұрғын үй төлемі бір айға жалға алудың сомасынан, коммуналды қызметтер төлемінен және бір айлық жалға алудың сомасына тең депозиттен тұрады.

Жұмыс

Польшада жұмыс табу оңай. Мұнда жұмысқа орналастыру агенттіктері өте көп. Олардың қызметтері шамамен 30-50 € болады.

Сондай-ақ, жұмысты өз күшіңізбен lagma.pl, jooble.pl, pracuj.pl. сайттары арқылы табуға да болады.

Жақсы жұмыстың кепілдігі — сапалы жазылған түйіндеме.

Еңбекақы бұл жерде сағаттық, 8 сағаттық жұмыс жағдайында сағатына 5-10 €. Жұмыс істеу үшін поляк немесе ағылшын тілдерін білу керек.



Галия Даирова, 35 жаста, туған жері — Семипалатинск

Тұрып жатқан ел: Канада, Торонто

2e285662-9137-42b7-82c0-93c4fe838baa.jpg

Күйеуім екеміз Канадаға көшуді шештік, себебі ары қарай дамып, дамыған мемлекетте өмір сүргіміз келді. Өмір сүру үшін Торонто қаласын таңдадық.

Канадада өмір сүрудің артықшылықтары:

Канадада ұлттар көп, бірақ барлығы бір-бірін сыйлап, құрметтейді

Барлық адамдар тең, егер адал еңбек етсең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады

Тіл

Канадада екі ресми тіл бар — ағылшын және француз. Торонтода барлығы негізінен ағылшын тілінде сөйлейді, француз тілінде тек Квебек провинциясында сөйлейді. Монреалда барлығы ағылшынша түсінеді және сөйлей де алады, алайда бізге онда барлығы француз тілінде сөйлейді деп айтқан еді.

Тұрғын үй

Канадада жеке әкімшілігімен жалға берілетін үйлер ғана бар. Келісімшарт бір жылға жасасады, және бірінші және соңғы ай үшін ақша төленеді. Аймақ пен үйдің өзіне байланысты баға 800 бен 1500 доллар арасында өзгереді.

Жылжымалы мүлік пәтер үшін 500 000, ал үй үшін 800 000 доллардан басталады.

Жұмыс

Маған жұмыс табу оңай болды, қала орталығында мамандығым бойынша жұмыс таптым, ірі банктердің бірінде жұмыс істеймін. Бұл мұндағы жұмысымның екінші орны.

Канададағы минималды жалақы сағатына 15-17 доллар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм