Димаш Ниязов, @dimash.niyazov
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің нұсқасы бойынша Нью-Йорктің үздік полицей қызметкері атанды.
Димаш Түркістан облысының тумасы. АҚШ-ға көшкен кезде, полицей қызметіне орналасты. Сонымен қатар кәсіби бокспен айналысады.
Тимур Бекмамбетов, @bekmambetovtimur
Тимур Бекмамбетов — бас кейіпкерлерді әлемдік кино жұлдыздары сомдайтын фильмдердің режиссері. Мәскеу энергетикалық институтын бітірген, бірақ әскердегі қызметтен кейін «Ильхом» театрында және «Өзбекфильм» киностудиясында суретші қызметін атқарды. «Империал банкінің дүниежүзілік тарихына» 20 жарнамалық бейнероликтер түсіріп, ресейлік жарнаманың дамуына үлес қосты. 2008 жылы «Особо опасен» фильмімен Голливудта танылды.
Кеннет Әлібек, Facebook
Кеннет Әлібек — Америкадағы қазақстандық ғалым, микробиолог, инфекциялық және созылмалы аурулар саласындағы маман. Медицина, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа салаларға арналған жаңа биотехнологиялық өнімдерді жасап шығаратын Locus Fermentation Solutions жекеменшік компаниясының вице-президенті.
Айсұлтан Сейітов, @aisultan
Айсұлтан Сейітов — Алматыдан шыққан режиссер, клипмейкер. Нью-Йорк кино академиясын бітірді. 2016 жылы Hollywood Boulevard Film Festival-де «Шакал» қысқа метражды фильмімен «Үздік режиссура» аталымына ие болды. Иван Дорн, L`One, Скриптонит, Jah Khalib, MiyaGi & Эндшпиль, Noize MC, 21 Savage және Offset әртістеріне клиптер түсірген.
Бұлбұл Қартанбаева, @kartanbay
Бұлбұл Қартанбаева — Американың Нью-Джерси штатындағы Princeton Tiger Lilies хоккей клубының бас бапкері. «Метрополитен Риветерс» американдық клубымен келісімшартқа отырған NWHL әйелдер лигасының тарихындағы бірінші қазақстандық спортшы. 2011 жылдан бері Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшесі болып табылады.
Геннадий Головкин, @gggboxing
Геннадий Головкин — орта салмақ дәрежесіндегі кәсіби боксшы. Тоғыз жылдың ішінде нокаут арқылы қатарынан 23 рет жеңіске жеткен техникалық тұрғыдан мықты панчер ретінде танымал. IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына ие.
Жанат Байдаралин, @zhanatbaidaralin
Жанат Байдаралин — хореограф және балетмейстер. Жұбайы Вера Құрмашевамен Ballet Prestige жекеменшік балет студиясын ашты.
Гаухар Ахметова-Атертон, @gasya
Гаухар Ахметова-Атертон Алматы қаласының тумасы. Cirque du Soleil әртісі ретінде жұмыс істеу үшін АҚШ-ға көшіп кетті. Жас кезінде әлемге әйгілі цирктің құрамында бүкіл әлемді аралап шықты. Сондай-ақ, «Оскар» марапаттау рәсіміне қатысқан.
Софи Манасян, @sofimanassyan
Софи Манасян екі жасынан бастап жеке би нөмірлері мен цирк шоуларына қатысып, сахнада өнер көрсетіп келеді. Nickelodeon арнасындағы Lip Sync Battle Shorties әйгілі американдық телебағдарлама түсірілімдеріне қатысқан. Mattel Studios-мен жасасқан келісім-шарттың негізінде Barbie қуыршақтарының жаңа топтамаларына шолу жасаған. 2017 жылы Софи американдық Ұлттық фортепиано мұғалімдерінің гильдиясы атынан алтын ерекшелік белгісіне ие болды.