Бегайым Байтикова АҚШ-қа Қырғызстаннан 2012 жылы көшіп келген. Қазір ол Силикон алқабында тұрады және Microsoft корпорациясының бағдарламашысы.
Бегайым Байтикова, Маунтин-Вью қаласы, бағдарламашы, linkedin
Қоныс аудару туралы
Мен Бішкекте туып өстім. Мектеп жасынан бастап АҚШ-та өмір сүруді армандайтынмын. Балалық шағымда анама болашағымды Бішкекпен емес, алыста, мұхиттың ар жағымен байластырамын деп көп айтатынмын. Менің көптеген құрбыларым тұрмыс құрып, ана атанғысы келсе, мен халықаралық компанияларда жұмыс істеп, жаһандық ауқымда пайда әкелгім келді. Сол кезде маған осындай мүмкіндікті АҚШ беретініне сенімді едім.
Сондықтан 2012 жылы АҚШ-қа жалғыз өзім көшіп келдім. Қазір Мен Калифорния штатындағы Маунтин-Вью тұрамын. Microsoft компаниясында бағдарламашы болып жұмыс істеймін.
Бейімделу және уақытша қиындықтар туралы
Алғашқы әсерлер ұмытылмас болды. Бәрінен бұрын маған мәдениеттер мен халықтардың алуан түрлілігі, көшедегі ізгі ниетті күлімсіреген адамдар қатты ұнады. Осыған қарамастан, мұнда бейімделу өте қиын болды. Бұл менің жеке өмірімдегі алғашқы тәжірибем болғандықтан, алыстағы отбасымды сағындым.
Адамдар басқа елге көшіп келгенде, олар әрқашан барлығын жаңа парақтан бастайды. Яғни, жаңа мәдениетке, өмір салтына, заңдарға, қоғамдағы көзқарас пен мінез-құлыққа, ас үйіне, тіліне үйренеді. Дәстүрлер мен тәрбиеміз қанымызға сіңіп өскенімізбен, туындаған жаңа жағдайларға қарай икемделіп, қоғамның бір бөлігі бола алу керек. Менің ойымша дәл осы жерде көптеген адамдар моральдық және психологиялық тұрғыдан қиналады.
Мәселен, туындаған қиындықтар дұрыс шешім қабылдай алмауымен байланысты болды. Біздің мәдениетте тұрмысқа шыққанша ата-анамыздың қол астында боламыз. Бұл бізді сезімтал етеді. Сондықтан мен, алдымен өз бетімше өмір сүруге тырыстым және қателіктерімнен үйрендім. Өзімнің қадамдарым мен шешімдерімді зерделедім.
АҚШ-қа көшу кезінде сізде — нақты жоспар, жетік меңгерілген тіл, әрқашан өзгеріске дайындық және Google-ді қолдана білу керек
АҚШ-қа көшу кезінде сіз әртүрлі жағдайларға тап болуыңыз мүмкін. Егер банктен шот ашуды білмесеңіз — интернеттен іздеңіз. Егер бәрі түсініксіз болса, банкке барып, түсінбеген сұрағыңызды қойыңыз. Кез-келген ақпаратты табуға болады. Көбінесе иммигранттар жергілікті тәртіпті білмегендіктен дүрбелеңге түсіп, өмірлерін қиындатып жатады. Сонымен қатар, мен қазақтардың, қырғыздардың және басқа халықтардың жергілікті қауымдастығына қосылып алуды ұсынар едім. Олар әр штатта бар. Ол жерде әрқашан сізге кеңес беруге және тіпті шайға шақыруға дайын адамдар табылады.
АҚШ-қа көшу кезінде сізде — нақты жоспар, жетік меңгерілген тіл, әрқашан өзгеріске дайындық және Google-ді қолдана білу керек.
Даму және мансап туралы
Әдетте, АҚШ-тағы үлкен қалаларда қызмет көрсету саласында уақытша қосымша жұмыс табу қиын емес. Бос жұмыс орындары бар көптеген платформалар бар, онда жұмыс берушілер позициялардың тізімін және кандидатта көргісі келетін қасиеттердің сипаттамасын ұсынады. Сіз бірнеше позицияны таңдап, бәріне өтініш беріп көрсеңіз болады.
Менен кеңес: 100% үйлесімділікті іздемеңіз. АҚШ-та адамдар customer satisfaction-ға бағытталған, яғни бұл сіздің бірінші жұмысыңыз болсада немесе керемет бағдарламашы болсаңыз да, алдымен адамдармен қарым-қатынас жасай білуіңіз керек. Жұмыс берушілер үміткерлердің көшбасшылық, аналитикалық ойлау, бейімделу және тез өзгеру қабілетін, оқуға деген құлшынысын, өсу әлеуеті бар белсенді және жігерлілігін бағалайды.
Жұмыс берушілер үміткерлердің көшбасшылық, аналитикалық ойлау, бейімделу және тез өзгеру қабілетін, оқуға деген құлшынысын, өсу әлеуеті бар белсенді және жігерлілігін бағалайды
Мен IT-индустрияға жолым бірден басталған жоқ. Бірінші жылы көптеген студенттер сияқты моллда жұмыс істеп жүрсемде, сонымен қатар мансаптық мүмкіндіктерді де іздеп жүрдім. Тестер оқып, тәжірибеден өтті. Әр түрлі позицияларды қарастырып, белсенді түрде өтінімдер жібердім. Нәтижесінде мен Google-ден offer алдым. Содан кейін Facebook-ке ауыстым. Осы уақыт ішінде бағдарламалау тілдерін үйреніп, Microsoft-қа бағдарламашы болып орналастым.
Мұндай ірі халықаралық компаниялардағы жұмыс мәдениетінің ерекшеліктері — барлығы барынша күш-жігерін толық жұмсайды. Бұл жерде өршіл және ақылды адамдар, бәсекеге қабілетті орта бар. Маған адамдардың жұмысқа деген көзқарасы ұнайды. Әріптестер оған хоббиі немесе әлемді өзгерту үшін қадам ретінде қарайды. Олар өте жауапты, тіпті қатаң жұмыс кестесі болмаса да, менеджер әрқашан жұмыстың сапалы орындалатынына сенімді.
Жоспарлар туралы
АҚШ-қа қоныс аудару мені түбегейлі өзгертпеді, бірақ өзімді, қабілеттерімді жақсы білуге мүмкіндік берді, қателесуден қорықпауға, шешім қабылдауға, күйзелістік жағдайларда эмоцияларға берілмеуге, өзіме сенуге, денсаулығыма қарауға, отбасымды бағалауға үйретті. Бастысы, берілмей, қолыңнан келетініне сенімділік танытып, тынбай әрекет ету керек екенін түсіндім.