АҚШ-қа 100 $-мен келген қазақ жігіті қалайша кәсіп ашты? - статьи, истории, публикации | WEproject

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
a-sh--a-100--men-kelgen-aza-zh-g-t-alaysha-k-s-p-ashty

АҚШ-қа 100 $-мен келген қазақ жігіті қалайша кәсіп ашты?
758

27.08.2019

АҚШ-қа 100 $-мен келген қазақ жігіті қалайша кәсіп ашты?

Еркебұлан Кәкімбеков, Қостанай облысы, Торғай өңірінің тумасы, риелтор, @half_amerikan

США.jpeg


Қазақстан — АҚШ


Мен АҚШ еліне келгенім қалтамда небәрі 100 $ ғана бар еді. Әрине, ол өте аз ақша. Нью-Йоркте жақсы сыйласатын бір досым тұратын. Бастапқы уақытта аяққа тұрып кеткенше одан қарызға ақша алдым. Осылайша, 2008 жылдан бастап мен Нью-Йорктің тұрғыны атанып кеттім. Қала тірлігіне араластым.


Алғашқы әсері


Алғашқы кездері әртүрлі елдерден келген, түсініктері мен мәдениеті әртүрлі қалыптасқан түрлі мемлекеттердің адамдары бір қалада бірге тұратына таңғалдырды. Мен үшін Нью-Йорк — melting pot — барлық халықтардың шоғырланған нағыз ордасы. Түсініктері әрқилы адамзат баласының қызып жатқан өмір аламаны деуге болады.

Мен үшін Нью-Йорк — melting pot — барлық халықтардың шоғырланған нағыз ордасы


Мұндағы адамдардың сөз бен пікір, таңдау мен әрекет еркіндігі, басқа адамдарды құрметтей білу және сыпайылық сақтауы ұнайды. Көңілге жайлылық орнатады.

usa


АҚШ-дағы өмірдің ерекшеліктері


Американдықтар еркін өмір сүреді. Олар қарапайым нәрселерді күрделендірмейді – американдық дүниетанымының мәні осында.

АҚШ — фастфудтың елі. Осында барлығы тез дайындалады, майлы, тәтті, тұзды және зияны мол тағамдар өте көп.

Штаттарда медициналық қызметі көрсету құны қымбат. Тіпті, жедел-жәрдем көлігімен ауруханаға дейін тегін апармайды. Медициналық сақтандыру міндетті нәрсе. Онсыз дәрігерге қаралу үшін 1000 — 3000 $ қажет. Бұған салық төлеу төлеген секілді көнуге тура келеді. Барлық жерлерде не қажет болса да,бірдеңе жасау үшін де алдымен төлеу керек. Мәселен, судың бөтелкесін сатып алсаң да, +8.875 % салыққа кетеді. Жақсы өмір сүруді қаласаң, ақша төлейсің.

Америкадағы әйелдер құқықтары үшін күресетіні соншалық, қазірде метрода оларға ешкім орын бермейді. Ал түскі ас үшін ер адам төлесе, әйел адам бұны кеміту деп қабылдайды. АҚШ-да «бәрінен бұрын балалар, кейін әйелдер, тек содан кейін ер адамдар тұлғалық құқықтарға ие» деген әзіл бар.


Әрбір үйде немесе билдингта кір жуатын орындар бола бермейді. Кір жуатын құрылғы болмағандықтан лаундроматтарға баруға тура келеді. Оларды қолдану оңай. Тек екі сағат уақыт, кір жуатын ұнтақ және 25 центтен бірнеше доллар қажет.


АҚШ-дағы жұмыс жайында


2008 жылы әлемдік дағдарыс басталды. Дағдарыстың бастамасы ең алдымен Америкада орын алды. Сондықтан осында келісімен бірден жұмысқа орналасқан жоқпын. жұмысқа тұру қиын болды.

Бір ай өткен соң, даяшының көмекшісі – басбой қызметіне орналастым. Өз арамызда «Өлім фабрикасы» деп аталатын мейрамханада жұмыс істедім. Ауысым сағат 11:00-ден 02:00-ге немесе 04:00-ке дейін болатын. Оған қоса екі сағат жолға кететін. Төрт сағаттан ұйықтайтынмын. Күніне 120 $-дан 150 $-ға дейін ақша табатынмын. Физикалық тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да шаршап, екі аптадан кейін жұмыстан шығып кеттім. Бұл ең ауыр күндер еді.

Америкаға үлкен мақсаттармен келгендіктен, жігерім маза бермеді. Білімім бар және осында ыдыс-аяқты тасып жүру үшін келген жоқ екенімді түсіндім. Сол кезде менде жұмыс істеу рұқсаты және ағылшын тілім жақсы деңгейде болған жоқ. Сол себепті мен үш күн жұмыс істеуге болатын мейрамханаға орналастым. Ал, қалған уақытта ағылшын тілін меңгеріп, колледжге барып жүрдім.


Нью-Йоркта тілді меңгеруге көп уақыт кетеді. Себебі, бұл қалада бүкіл әлемнен келген иммигранттар тұрады. Байырғы американдықтармен араласу мүмкіндігі аз. Олар кішкентай қалашықтарда тұрады. Ондай жерлерде заңдарды қатал сақтайды және құжатсыз жұмыс табу анағұрлым қиын әрі күрделі.

Уақыт өте мен риэлторлық салада жұмыс істей бастадым. Бұған «Airbnb» қызметі арқылы келдім. бөлмелер мен пәтерлерді тәуліктеп жалға бере бастадым. Жарнама, клиенттерді табу және тарту, оларға сай келетін нүсқаларды іздеу, келісімшарттар жасау бойынша жұмыс істедім. Пәтерлер мен бөлмелерді тәуліктеп жалға беретін компанияны аштым.

Жылжымайтын мүлікпен жұмыс істеу жақсы. Әсіресе, Нью-Йоркте аталмыш саланың келешегі зор


Жылжымайтын мүлікпен жұмыс істеу жақсы. Әсіресе, Нью-Йоркте аталмыш саланың келешегі зор. Пәтерлерді жалға берумен айналысу табысты және мансаптық өсуді қамтамасыз етеді. Бұл салада жақсы нетворкинг, байланыстар құруға болады. Яғни, жан-жақты байланыстар Америкада аса қажет.

Қазіргі кезде демалып, Америка бойынша саяхаттап жүрмін. Қартайған кезде, естеліктер ғана қалады. Сол себепті, өмірден рахат алып, видеблогтар түсіріп жүрмін.



Өзге елге қоныс аудару қалай әсер етті?


АҚШ-ға көшіп келудің арқасында мен өздігімнен әрекет етуге үйрендім. Өзіме және күшіме сенімділігім артты. Заңдар мен адамдарды құрметтеуді, жарқын болашаққа сенуді үйрендім. Бастысы – уақытты бағалау.