facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
90-zhyldardy-k-s-pkerler-a-anat-ashanalar-zhel-s-n-neg-z-n-salushy-25-zhyl-y-tabysty-zh-mysy-zhayynda
logo
90-жылдардың кәсіпкерлері. «Қағанат» асханалар желісінің негізін салушы 25 жылғы табысты жұмысы жайында

15.02.2019

90-жылдардың кәсіпкерлері. «Қағанат» асханалар желісінің негізін салушы 25 жылғы табысты жұмысы жайында

Шынар Бүгімбаева, туған қаласы — Алматы, кәсіпкер, «Қағанат» асханалар желісінің негізін салушы

20190202-DSC_5489.jpg


Қызмет жолының бастауы


Мен әрқашан белсенді болдым, маған көшбасшы болу ұнайтын. Оған қоса кішкентай кезден маған үлкен жауапкершілік артылды, анамның қайтыс болуынан кейін үй бойынша барлық міндеттерді өз мойныма алдым. Мен көп дағдыларға ие болдым, бұл кәсіпкерлік қызметімде көмекке тиді.

Қоғамдық тамақтану саласына мені әкем бағыттады, бірақ мен басында дәрігер болуды қаладым. Мен дәнді сақтау және қайта өңдеуді зерттейтін мамандыққа түстім, ал кейін мен тамақ әзірлеу технологиясына ауыстым. Сол жерде оқу қызықсыз болды. Менің тәтем қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеді және мен бес жасымнан бастап барлық асхананы ішінен көріп өстім. Оған тәжірибе жинауға бардым, сол жерде жұмыс істеу маған ұнайтын. Мен қалай жақсырақ істеуге болатынын білдім және институттан кетуді шештім.

Мен көп дағдыларға ие болдым, бұл кәсіпкерлік қызметімде көмекке тиді

Мен біраз уақыт дәмханада жұмыс істедім, жақсы табыс табатынмын. Кеңес үкіметі құлдырағаннан кейін, әкем ақша табуды тоқтатты. Сол кезде оқытушылар мен мұғалімдердің жалақылары болған жоқ, ал мен сауда саласында жұмыс істедім. Отбасын асырау мәселесі маған ауысты.

Дәмханада жұмыс істеген уақыт аралығында мен өзім үшін бірнеше маңызды сабақ алдым. Бірінші – кассаның қол сұқпаушылығы. Екінші – жұмыс істеген жерде достық қарым-қатынасқа түспеу. Бұл жақсы қағидалар, солардың арқасында маған әрқашан құрметпен қарайтын. Мен абыройымның жақсы екенін әрқашан білетінмін және басымды жоғары көретіп жүре алатынмын.

20 жасымда мен жалғыз жұмыс істей алатынымды түсіндім және директордан өз нүктемді сұрадым. Мен сол жерде өзім істедім, барлық процестерді өзім басқардым. Ал 1995 жылы ағам маған үй тамағы әзірленетін асхана ашуды ұсынды. Мен 25 жаста едім және осы уақытқа дейін адам өмірде немен айналысатыны жайында шешуі тиіс. Менде ақша, кәсіп және пәтер өздігінен пайда болады деген қиял болды. Бірақ мен барлығын өз күшімен жасау қажет екенін түсіндім. Және осының барлығы менімен 25 жаста болғанына ризамын, себебі мен бұндай қиялмен өмір сүрген кемелденген адамдарды да кездестірдім.

20190202-DSC_5492.jpg

Біз жөндеу жұмыстарын өткіздік, жабдықтауды таптық, жалдау төлемін төлеп, бірінші асхананы аштық. Қиын болды, бірақ мен тәуелсіз болуды қаладым. Ақша болған жоқ, мен өзім азық-түліктерді күніне бірнеше рет кішігірім партиялармен алатынмын. Ал қазірде бізге азық-түліктерді көліктермен алып келеді. Менде көп ақша табу мақсаты болған жоқ, маған адамдарды тамақтандыру ұнайтын. Мен үшін адамдарға ұнау, кәсіптің ұзаққа созылуы маңызды болды. Менің ойымша дәл осы идея біздің осынша жылдар бойы нарықта болуымызға көмектеседі.


90-жылдар жайында


Мен 90-жылдардың қиын болғанын байқаған жоқпын. Мен оптимистпын және кез-келген қиын жағдайда жағымды жақтарды іздеймін. Менің таныстарым 90-жылдары болған тапшылықтың кесірінен қоқыныш пен алаңдаушылық сезімде қалдық деп айтса да, бұл менің есімде қалған жоқ.

Сол кезеңде көп тексерістер, тіпті рэкетирлер де болды. Тауарды, жабдықтауды сатып алатын жерлердің болмағанаы есімде. Әрдайым жағдайдан шығу қажет болатын.

Мен 90-жылдардың қиын болғанын байқаған жоқпын

Бірақ маған ол жақсы кезең болған сияқты болып көрінеді. Ал бізде 20 жыл бәсекелестік мүлдем болған жоқ. Біз осы тауашаны таңдадық және ешкім осы салаға кіргісі келмеді. Ал мен үшін бастапқыда асханада жұмыс істеймін деп айту ұят болатын. Бірақ менің ой-өрісімді француздар өзгертті. Мен олармен елшілікте болған кездесуде таныстым. Олар өздері 120 жыл бойы жасаған нәрселерді мен 10 жыл ішінде жасап тастағанымды айтты. Сонымен қатар олар елде адамдарды тамақтандыру ардақты іс екенін айтты. Сөйтіп мен жақсы мамандыққа ие екенімді және жақсы нәрселер жасап жатқанымды түсіндім.

20190202-DSC_5551.jpg

Қазірде адамдар барлық күтпеген кедергілерді білместен бірден былғары креслоға отырып, 25 мейрамхананы ашуды қалайды. Бұл көптеген жас кәсіпкерлердің қателігі. Олар барлық кезеңдерден өтуді қаламайды. Бизнесті масштабтау үшін екі нәрсе қажет – нарықтың сұранысы және сенімді кадрлар. Екінші асхананы ашпас бұрын, менің бес жылым кетті. Сол кезде біз бір-бірімізді айтқызбай түсінетінбіз, қыздарға өсу және директор болу мүмкіндігін беру қажет болды. Асханада бос орын болған жоқ, адамдар көп болатын.


Асханалар желісі, балабақша және отбасылық дамыту орталығы жайында


32 жасымда бизнесіме 7 жыл болған кезде, мен бірдеңені өзгерту қажет екенін түсіндім. Мен басқарушыны тағайындап, шамамен он жылға бизнестен кеттім. Сол уақыт аралығында мен тұрмысқа шығып, балаларым дүниеге келді, білім алдым. Мен балаларды қалай дұрыс тәрбиелеу керек екенін және жұбайыммен сенімді, адал қарым-қатынас құра білуді үйрену үшін педагогикалық факультетті және психология факультетін бітірдім.

Қазірде мен қайтадан жұмысқа шықтым. Екі жыл бұрын мен өзімнің нысаналарыма барып шықтым және маған көргенім аса ұнаған жоқ. Біз бұрынғыша табысты жұмыс істедік, бірақ нарық сұранысын ескермедік. Сол себепті біз қызмет көрсетуіміз бойынша белсенді түрде жұмыс жасап жатырмыз, басқа үлгідегі жаңа асхана аштық. Интерьердің мәні көп екенін түсіндік және жаңа дизайн-жобаларды бекіттік. Біз қайтадан бүкіл нарықты алып кетуді қалаймыз.

Сонымен қатар 13 жыл бұрын мен балабақша аштым. Мен оны өзімнің балаларым және қызметкерлерімнің балалалары үшін аштым, біз байсалды түрде жұмыс істеу үшін, ал балаларымыз жақсы жерде болуы үшін аштым.

20190202-DSC_5487.jpg

Балабақша жұмыс істей бастаған кезден мен барлық адамдар әртүрлі екенін түсіндім. Және де мәселелер әдетте отбасыдан шығатынын аңғардым. Сол себепті мен Отбасылық дамыту орталығын аштым, сол жерде біз отбасыларға ішкі мәселелер мен келіспеушіліктерді еңсере білуге көмектесеміз.


Өмірлік қағидалар жайында


Мен адамдарды, әлемді жақсы көремін, өз тәжірибелеріммен бөлісемін. Егер адамдарға бірдеңе берсем, маған еке есе қайтатынына сенемін. Адамдарға өзіңе қандай қатынасты қаласаң, сондай қатынаспен қарау қажет.

Мен барлығын қысқа мерзімге емес, келешекке құрып жасауға тырысамын. Барлығы тез арада және бәрін қалайды, бірақ олай болмайды. Мен жеңіл жолдарға сенбеймін, оларды ешқашан көрген емеспін. Өз ісіңді жақсы көру қажет, беріліп істеу керек, одан рахат алу керек.

Мен жеңіл жолдарға сенбеймін, оларды ешқашан көрген емеспін

Менің ойымша, бизнесте кадрларды өсіріп, команда құру маңызды. Әрбір қызметкерді тәрбиелеп, оның әрі қарай жетілуі үшін оған өз танымыңды, құндылықтарды жеткізу қажет.

Мен қиындықтардың болуы қажет деп санаймын, олар біздің дағдыларымызды қалыптастырады. Қарапайым мінсіз үлгі: қиындықтар болса, дағдылар болады, қиындықтар болмаса, дағдылар болмайды. Сол себепті мен өз балаларыма да жасанды қиындықтарды жасауға тырысамын және олар көп нәрселерге дағдыланған.

20190202-DSC_5501.jpg

Мен адалдықты және әділдікті құптаймын. Мен адамдарды ренжіткім келмейді, сол себепті олармен әділ болуға тырысамын.

Мен үшін абыройдың маңызы бар. Біз әрқашан сөзімізде тұрамыз, серіктестерімізбен адал жұмыс жасаймыз.


Бүгінгі күн жайында


Біздің жоспарларымыз көп, біз тез өзгеретін әлемімізде дамуды, заманмен қатар жүруді қалаймыз. Франшизаны дамыту жайында ойлаймыз, жеткізу қызметін қосуымыз мүмкін.

Жеті жыл бұрын менің балам ісімді жалғастыратынын айтқаннан кейін, менің бизнеске деген қатынасым өзгерді. Сол кезде ісімді балама тапсыру үшін әлі 20 жыл бойы бизнесімді дамыту керек деген ойдан қорқыныш мен күлкілі сезімде болдым. Қазірде Ұлан Les Roches мектбінде оқиды, бұл қонақ үй және мейрамханалық бизнеске оқытатын халықаралық мектеп. Оларда көп тәжірибе жүргізіледі, олар таңғы алтыда тұрып, ыдыс жуу мен үстелді дайындаудан бастап басқаруға дейін барлық кезеңдерден өтеді. Ал оқудан кейін ол оралып, біздің қоғамдық тамақтанумыздың талқанын шығаруға уәде береді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
ІТ-маманның тәжірибесіз жұмыс табуы: Қазақстанның ІТ-ЖОО түлектерінің тәжірибесі
ІТ-маманның тәжірибесіз жұмыс табуы: Қазақстанның ІТ-ЖОО түлектерінің тәжірибесі
«Жаңа нәрседен қорықпаңыз» — Балнұр Жайсанбаева Назарбаев Университетіндегі ғалымдық карьерасы туралы
«Жаңа нәрседен қорықпаңыз» — Балнұр Жайсанбаева Назарбаев Университетіндегі ғалымдық карьерасы туралы
Қазақстанда кадр нарығы қалай дамуда: танымал мамандықтар мен үміткерлерге қойылатын талаптар
Қазақстанда кадр нарығы қалай дамуда: танымал мамандықтар мен үміткерлерге қойылатын талаптар
Жұмыс-өмір балансын қалай сақтау керек: Google және Jaguar Land Rover қызметкерлерінің кеңестері
Жұмыс-өмір балансын қалай сақтау керек: Google және Jaguar Land Rover қызметкерлерінің кеңестері
Жарнамалық бизнестегі мансап. Gen Z қай жерде өз потенциалын аша алады және жақсы табыс таба алады
Жарнамалық бизнестегі мансап. Gen Z қай жерде өз потенциалын аша алады және жақсы табыс таба алады