facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
90-zhyldarda-y-k-s-pkerler-banu-t-legenova-medicinadan-ket-p-26-zhyl-biznespen-aynalysyp-zhat-any-zhayynda
logo
90-жылдардағы кәсіпкерлер. Бану Тілегенова медицинадан кетіп, 26 жыл бизнеспен айналысып жатқаны жайында

10.04.2019

90-жылдардағы кәсіпкерлер. Бану Тілегенова медицинадан кетіп, 26 жыл бизнеспен айналысып жатқаны жайында

Бану Тілегенова, 54 жаста, туған қаласы — Оренбург, кәсіпкер, қоғам қайраткері

11.jpeg


Қызмет жолының бастамасы


Мен медициналық білімім бойынша бұл салада 11 жыл қызмет атқардым. 1992-1993 жылдары бетбұрысты кезең басталған кезде, қиын болды. Күйеуім жұмыссыз қалды. Біздің екі баламыз болатын және менің жалақым отбасымызға жетпейтін. Бірақ мен әрқашан іскер едім, сол себепті біз Алматыға және Ресейге барып, тауарларды сатып алатын едік, қандай да бір киімдерді әкеліп, Ақтөбеде, Хромтауда сата бастадық.

Бастапқыда бізде тауар сататын кішігірім киоск болатын. Біраз уақыт өткеннен кейін, мен жұмыстан шығып кету керек екенін түсіндім. Сол кезде мен айына 5000 — 6000 теңге табатынмын, ал киоскіде бір күннің ішінде 500 — 1000 теңге түсім түсетін.

Түсім пайда болған соң, біз шағын дүкендерді, шаштараздарды аша бастадық. Бұл қаладағы алғашқы жекеменшік шаштараздардың бірі болған шығар. Ақырындап төрт жылдың ішінде олардың саны беске дейін өсті. Мен шеберлерді Мәскеуге, Алматыға оқуға жіберетінмін.

Кейін біз шаштараздарды сатып жібердік және 2001 жылы бірінші дәмхананы аштық.

3 (1).jpg

Біз әрқашан өзгеріп, жаңа деңгейге шығатынбыз, әртүрлі салалаларда жұмыс істеп көретінбіз. Біз күйеуімізбен барлығын бірге істедік, салықтар төлеп, жұмыс орындарды ұсындық.


90-жылдар жайында


Бұл қызықты уақыт еді. Мен Оренбургта оқығандықтан, қаланы жақсы білетінмін, сол себепті біз тауарларды алу үшін сонда жиі баратынбыз – сол кезде шекаралар енді пайда бола бастады. Бірнеше жылдардан кейін, шекараларды рәсімдеп қойғаннан кейін, келесі сапар қалай өтетінін болжап айту мүмкін емес еді. Дегенмен ешқандай мәселелер туындаған жоқ.

Сол кезде барлық есіктер ашық еді. Біз дүкенімізді тіпті Ресейде де салып, ашу мүмкіндігіне ие болдық – мен әкімшіліктің басшысына барып, құрылысқа рұқсат сұрадым. Бізге рұқсатты жазып берді, құжаттарымызды да тексерген жоқ.

1994-1995 жылдары әртүрлі органдар пайда бола бастады, тексерістер жүргізілді. Әрдайым бір нәрселер өзгеріп, шығарылатын. Жұмыс істеп, даму үшін, барлығын қадағалап, ережелерді сақтау керек болды. Барлығын дұрыс істеген кезде, ар-ожданың таза болып жұмыс стейсің.

Барлығын дұрыс істеген кезде, ар-ожданың таза болып жұмыс істейсің


90-жылдары тәжірибеміз бойынша біз ақша болған жерде, достардың болмайтынын түсіндік. Ең жақын адамдарыңа ғана сенуге болатын, сол себепті біздің отбасылық кәсібіміз тұрақты болды.

Сонымен қатар біз әлі күнге дейін араласатын достарға ие болдық. Біздің барлығымызда өмірге деген қатынасымыз бірдей – біз бір-біріміздің ақшасын санамаймыз, барлығына бірдей қараймыз.


Мейрамхана және қонақ үй бизнесі жайында


Біздің мейрамханалық кешеніміздің жұмыс істеп жатқанына 18 жыл болды, бізде жаздық дәмхана бар, адамдар банкеттер өткізеді немесе жай ғана түскі астарын ішіп қайтады.

2010 жылы біз мейрамханасы, дәмханасы және қонақ үйі бар тағы бір мейрамханалық-қонақ үй кешенін салдық. Оған қоса екі жыл бұрын сол жерде оқу орталығын аштық.

Менің күйеуім – мал дәрігері және ол Актөбеге маралдарды алып келуді қалады. Марал мүйіздерінің негізінде бірегей дәрігерлік өнім шығарылады, сол себепті біз мүйіздермен емдейтін емхана-шипажайын ашуды қаладық. Біздің санаториялық емдеу кешені өткен жылы ашылды және біз алғашқы қонақтарымызды қабылдай бастадық.

1 (2).jpg

Сонымен қатар бізде шаруа қожалығы бар, сол себепті біз шипажайда өзіміздің табиғи өнімімізді қолданамыз. Барлық шаруашылықпен күйеуім айналысады, бұл қызмет саласы оған жақын. Маған шаипажаймен айналысу ұнайды, себебі мен өмірімнің 11 жылын медицинаға арнадым.

4.jpg

Сонымен қатар мен қоғамдық қызметпен айналысамын. Мен қаланың Қоғамдық кеңесінің, «Атамекен» палатасы Өңірлік кеңесінің, Қазақстанның іскер әйелдері Қауымдастығының мүшесі, Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақ үй бизнесі Қауымдастығының төрайымы болып табыламын, қала колледждерінің жұмыстарына қатысамын.


Өмірлік қағидалары жайында


Мен адамдарға сенім білдіремін. Есіктерді қағу керек деп санаймын. Егер адамның мақсаты мен жоспары болса, барлығын жүзеге асыруға болады.

Егер адамның мақсаты мен жоспары болса, барлығын жүзеге асыруға болады


Бір нәрсені істеуге үлгермедім деген өкініш болмайтындай өмір сүруді қалаймын. Пайдалы болғым келеді – өзім үшін өмір сүріп, адамдарға қажетті, экологиялық таза нәрселерді бергім келеді.

Мен экономикалық білімге ие болдым, қазірде MBA дәрежесін алып жатырмын. Әрдайым оқып, жаңа нәрселерді білуге, шетелдегі әртүрлі көрмелер мен форумдарға баруға тырысамын.

2 (2).jpg

Мен үшін бизнестен бөлек, уақытты отбасыма, демалысқа, спортқа бөлу маңызды. Менің отбасым – бұл үлкен қолдау. Біз тамақты әрқашан үйде әзірлейміз, түскі және кешкі асты отбасымызбен ішеміз. Мен үшін балалар мен немерелерімді көру маңызды, бұл ең қымбаттысы. Отбасылық құндылықтар және тәрбие өзімізден басталады.

Мен үшін күйеуімнің қолдауы маңызды болып табылады. Біз ерте тұрамыз, жұмысымызды басынан аяғына дейін істеуге тырысамыз. Ешқашан шаршадық немесе қиналдық деп шағымданбаймыз. Жұмысымыздан рахат аламыз.


Бүгінгі күні жайында


Қазірде заман басқа – айналамызда инновациялар мен жаңалықтар, сол себепті бір орында тұрмай, трендте болу керек.

Жастар әлдеқайда өршіл, талапты болып келеді. Көп табыс табуға талпынады. Бәсекелестік өсіп жатыр және табысты сақтап қалу үшін, шынайылыққа икемделу керек.

Бізде жаңа мақсаттар бар. Медициналық кластерімізді дамытуды қалаймыз, шипайжайымыздың негізінде оңалту орталығы мен егде адамдар үшін пансионат салу жоспары бар. Бұл екі форматты біріктіру арқылы егде адамдар құрдастарымен араласу, оған қоса оңалту кешеніндегі балаларға күтім жасау мүмкіндігіне ие болады. Бұл балаларға да, зейнеткерлерге де пайдалы.

Сонымен қатар мүйіздерді қайта өңдеу цехын саламыз, емдік қоспаларды өндіреміз, кәсібімізді кеңейтеміз, бассейн мен спорттық кешенді саламыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
STEM Teachers’ Training: Қазақстандағы мұғалімдер 3D модельдеу және робототехника негіздерін қалай меңгеріп жатыр
STEM Teachers’ Training: Қазақстандағы мұғалімдер 3D модельдеу және робототехника негіздерін қалай меңгеріп жатыр
Фрилансерге интернетте қалай ақша табуға болады: Freelancer биржасын пайдалану тәжірибесі
Фрилансерге интернетте қалай ақша табуға болады: Freelancer биржасын пайдалану тәжірибесі
EPAM Kazakhstan-да қалай жұмыс істейді: қызметкерлер жаһандық IT-компаниядағы мансап туралы
EPAM Kazakhstan-да қалай жұмыс істейді: қызметкерлер жаһандық IT-компаниядағы мансап туралы
Tomas.kz. Қазақстанның тез дамып келе жатқан маркетплейсіне қалай шығуға болады
Tomas.kz. Қазақстанның тез дамып келе жатқан маркетплейсіне қалай шығуға болады
Қазақстанда ғылыммен қайда айналысуға болады: ірі 5 зертхана мен орталықтар
Қазақстанда ғылыммен қайда айналысуға болады: ірі 5 зертхана мен орталықтар