Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/1e4/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/1e4c0f8910ba2c3f75bb4305d940e694.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

7 ұлдың әкесі болу және неге балалар ата-анасын тәрбиелеуі керек жайлы
2084

23.05.2020

7 ұлдың әкесі болу және неге балалар ата-анасын тәрбиелеуі керек жайлы

Ерлан Аринов, 54 жаста, қала — Нұр-Сұлтан, кәсіпкер, Facebook
Диас Асатай, қала — Нұр-Сұлтан, оқушы


Отбасы жайлы

yerlan_dias.jpg

Ерлан. Мен үшін отбасы — басты құндылық. Бірінші орында жұмысы тұратын жігіттер бар. Мен есейген кезімде үйлендім, сондықтан оған жауапкершілікпен қараймын. Мүмкін осы себептен отбасын құрғаннан кейін менің қызметтік мансабым тоқтады. Көп уақытымды отбасыға арнай бастадым. Маған сенбі мен жексенбі күндері өте маңызды, іс-сапарлар оған кедергі келтіретіндіктен мен оларға орынбасарларымды жіберетінмін.

Қызметте адам жетістікке жету керек, алайда оның өмірдегі басты міндеті — артынан ұрпақ қалдыру.

Диас. Отбасы — бұл ең жақын адамдар. Қиналған сәтінде көмектесіп, кеңес бере алады. Отбасы ата-анасы баласына бар жинап, білгенін беру үшін құрылады. Ұрпақтар сабақтастығы болу керек.

Мен үшін отбасы — басты құндылық



Ерлан. Бала өскен уақытта ата-анасынан барынша бар жақсылықты алып үлгеруі керек. Бұл кезде балалар да ата-аналарын тәрбиелейді. Бірінші және екінші баламызға тәрбие бергенде, бізде тәжірибе болған жоқ. Бірақ кейін қиындықтарға тап болғанда, өзгересің, өсесің. Сондықтан баланың міндеті — ата-анасының бар жақсылығын өзіне сіңіріп, оларға жауап ретінде оларды тәрбиелеу.

Диас. Бала өз ата-анасын қолдап, оларға әрқашан көмектесіп жүруі керек. Мысалы, тұрмыстық сұрақтарда. Біз інілеріммен бірге ыдыс жуамыз, тамақ дайындаймыз.

Ерлан. Ата-ананың міндеті — максималды тұрғыда баланың тұлға ретінде қалыптасуына қажет дүниелерді беру. Жақсы адам қылып тәрбиелеу, адами құндылықтарға баулу. Балаға ең жақсы білім беремін деп, кейібір ата-аналар ең басты нәрсені назардан тыс қалдырып қояды. Ол — тәрбие.

Диас. Ата-ананың басты міндеті — балаларға өмір жайлы түсіндіріп, жақсы мен жаман туралы бірдей айту.


Махаббат жайлы

yerlan_dias2.jpg

Ерлан. Махаббат — отбасының дамуының кепілі. Біз ғашық боламыз, үйленеміз, бір-бірімізге бауыр басамыз. Кейде ренжісеміз, түсінбейміз, бірақ егер де жүректе махаббат болса, ол жұптар әрқашан бірге өмір сүре береді. Әйеліне, балаларға, адамдарға деген махаббат. Есейген сайын, адамдарға көбірек тартыламын.

Диас. Махаббат — сен адам туралы ойлап, оны көргің келіп, онымен эмоцияларыммен бөліскің келетін сезімдер. Отбасында махаббат қолдау, түсіну, қамқорлық жасау арқылы көрінеді.


Балалық шақ пен есею жайлы

Ерлан. Бала болу қиын. Әлем әртүрлі. Адамдар әртүрлі. Ата-ана өз дегенін айтып, бала оны басқаша көруі мүмкін. Ол осыны түсінген кезде, баста сұрақтар туындай бастайды.
Балаларға көп нәрсеге үйрену керек. Әлем өзгеріп тұрады. Сәйкесінше талаптар да күрделене түсуде.

Әлем өзгеріп тұрады. Сәйкесінше талаптар да күрделене түсуде.



Диас. Бала болу оңай. Олар өмірдің қиыныдығын білмейді. Ата-анасы әрдайым жанында, көмектеседі, кеңес береді. Есейгенде бәрі қиындай бастайды. Шешімі қиын сұрақтарға тап боласын. Жұмыс істеп, отбасыңды асырау керек. Балаларға көңіл бөлу бар. Мұнын бәрін үлгеру үшін әр күнге жоспар жасалып, оны қатаң түрде сақтау керек.

yerlan_dias3.jpg

Ерлан. Үлкен болу оңай емес. Бірақ ыңғайлы өмір үшін өзінің алгоритмдерінді жасап алуға мүмкіндік көп. Қиын жағдайларды шешу оңай.

Жастың параметрлеріне қарамасақ есею қоғамда болып жатқан дүниелерді саналы түрде түсіне бастағанда басталады



Әлемнің ауысып отыруы тез, сондықтан қазір балаларымның болашағы үшін алаңдаймын. Егер бұрын бәрі жоғары білім алып, адам болып кетсе, қазір олай емес. Жақсы білім алып, өмірде өз орнын таппай қалуы мүмкін. Қазіргі жағдай туралы балалар «Не болып жатыр?» деген сұрақ қояды. Мен оларға бұл өмір, оған үйреніп, жақсы жақтарын бойларына сіңіру керектігін түсіндіремін.

Жастың параметрлеріне қарамасақ есею қоғамда болып жатқан дүниелерді саналы түрде түсіне бастағанда басталады.

Диас. Адамның өз баласы болған кезде есею кезі басталады деп ойлаймын. Оның басқа адам үшін жауапкершілігі пайда болады. Бұл жасқа байланысты емес — кейбіреулерінде ерте, кей адамдарда кеш басталады. Адамның өмір сүріп жатқан ортасына байланысты.


Хобби жайлы


Ерлан. Біздің балалармен араласуға уақытымыз тым аз. Бірақ бірге таңғы ас пен кешкі асты ішуге тырысамыз. Фитнеспен бірге айналысамыз. Екі баламыз — шығармашылық адамдар. Балалар хорына барып, ән айтады. Мен опера әншісі емеспін, бірақ ән айтқанды ұнатамын.

Диас. Әр асты ата-анамыз бен бауырларымызбен бірге ішеміз. Әкем екеуіміз оңаша уақыт өткіземіз. Мен үлкенімін, үйдің тұрмыстық жағдайлары үшін әкем екеуіміз жауап береміз. Болашақ мамандық туралы да әкеммен ақылдасамыз. Менің бастапқы кезден IT-саласына қызығушылығым бар. Программаларды жазғым келді, бірақ әкем бұл үрдістің кезеңі өтіп бара жатыр деді. Ол маған басқа бағыт таңдауыма

Әкем екеуіміз жиі уақыт өткіземіз деп ойлаймын. Бірақ отбасымыз үлкен болғандықтан, көп уақыт біргеміз.

yerlan_dias4.jpg

Ерлан. Әр ұлыма мен қалағандай уақыт бөле аламаймын. Диас қазір 11 сыныпта оқиды, онымен мамандық жайлы көп сөйлесеміз. Өз бағытын таңдап қойды.

Ұлыма дұрыс емес таңдау жасаймын деп қорықпау керек екенін түсіндіремін. Мен көлік-жол институтын бітірдім, бірақ ол бағытта жұмыс істеген жоқпын. Анасы қаржы саласында оқыды, бірақ ол қаржыгер емес. Өмірлік жағдайларға байланысты барлығымыз да мамандығымызда ауыстырып отырдық. Онда түрған ештене жоқ.


Болашақ жайлы

Ерлан. Диасты білетіндер оған жақсы қарым-қатынас танытады. Ол жауапкершілікті сезіне алады. Әрқашан көмектесуге дайын. Бұл қасиеттері маған ұнайды. Мұндай адамдар қоғамда өз орнын тауып, құрметке ие болады. Диас тұлға ретінде қалыптасты, ол жақсы адам, оның осы қалыптан таймағанын қалар едім.

Диас. Болашақта ең алдымен бақытты болғым келеді, барлық жағдайлардан жақсы нәрсе көрсем деймін. Адамдар маған арқа сүйей алатындай, жауапкершілікті болуға тырысамын.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу