Ипотекалық тұрғын үй қарызын алу процесі:
— алдын-ала төлеу үшін қажетті соманы жинау және тұрғын үйді таңдау
— банкіге жүгіну
— қарыз алушыны тексеру және несиелік келісім жасау, үйді сатып алу.
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру шарттары
Ипотекалық несие бойынша критерийлер:
— бағдарлама бастапқы тұрғын үйді сатып алуға арналған, яғни жеке меншікте болмаған тұрғын үй
— жылдық ставка - 7%
— алдын-ала төлем — несие құнының 20%-ы
— ипотекалық несие теңгеде беріледі
— несие мерзімі 25 жылға дейін
— Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін тұрғын үйдің максималды құны — 25 000 000 теңге, басқа аймақтар үшін 15 000 000 теңге
— кепіл — сатып алынған жылжымайтын мүлік. Кепілдің құны ең төменгі деңгейде анықталады: тәуелсіз бағалаушы анықтаған құн, банк анықтайтын құн немесе мәміленің бағасы
— ипотеканы немесе қарыз алушының өмірін сақтандыру міндетті емес.
Қарыз алушыға қойылатын талаптар:
— тұрақты табыстың болуы, ол зейнетақы шотынан үзінді көшірме, кіріс туралы куәлік, салық декларациясы немесе басқа құжат арқылы расталуы қажет
— ипотекалық қарыздардың болмауы
— жеке тұрғын үйдің жоқтығы. Ерекше жағдайларға әр отбасы мүшесіне 15 ш.м. болуы немесе төтенше жағдайдағы үйдің болуы жатады
— қосымша талаптар банкпен белгіленуі мүмкін
— банк қарыз алушыға тәуелсіз талаптарды белгілейді.
Несиені беру туралы шешім қарыз алушының несиеге жарамдылығын бағалағаннан кейін қабылданады.
Осы бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыру қарастырылмаған, яғни, бұрын берілген ипотекалық несие бойынша несие алу.
Ыңғайлы болу үшін ҚР Ұлттық Банкінің «ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасында «7-20-25» бөлімі іске қосылды, онда бағдарлама туралы сұрақтарға жауап алуыңызға болады.
«7-20-25» жеңілдікті ипотекалық несиелендіру бағдарламасы 2018 жылдың шілдесінен жұмысын бастайды.
Толығырақ мұнда: nationalbank.kz