facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
45-zhasta-t-rmys-a-shy-yp-kopengagen-alasyna-k-sh-p-ketu-zhayynda
logo
45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында

Алма Бектұрғанқызы Андерсен

18.04.2019

45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында

45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында


ӨМІРІ ЖАЙЫНДА


Мен 2004 жылы Данияға көшіп кеттім, себебі Мәскеуде оқыған кезде даниялық азаматпен танысып, тұрмысқа шықтым. Осында келген кезде, жасым 45-те болатын, демек, менің өткен өмірім кеңес заманында өтті. Сол себепті мені жаңа елдің сәулеті, тағамы немесе киімі емес, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі – осында мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қарттарға және балаларға қалай қарайтыны қызықтырды. Бұның барлығы мені жақсы жағынан таң қалдырды.

Данияға көшіп келгенге дейін, Скандинавиялық елдерді социализм орын алған елдер деп атайтынын білетінмін. Кеңес Одағы социализмді құрғанға дейін, Данияда және Швецияда оны құрып қойды деген жақсы әзіл болатын.

Даниядағы әлеуметтік қорғауға байланысты мысалдармен бөлісе аламын. Күйеуімнің ағасында лейкемия ауруына шалдыққан бала туды. Диагнозы қойылғаннан кейін, анасы мен әкесі баланы күту бойынша еңбек демалысын алды. Бұның өзінде, әкесінің жалақысы және жұмыс орны сақталды. Баланы үш жыл бойы емдеді, нәтижесінде ол сауығып кетті. Ал әкесі өзінің бұрынғы жұмысына оралды.

45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында

Қарттар үйінде болған кезде, таң қалдым. Әрбір тұрғынның екі бөлмесі бар, біреуі – жататын бөлме,екіншісі – қонақтарға арналған бөлме, оған қоса шағын асүйі бар. Қонақ үй бөлмесінде сол кісі тұрған ескі үйден әкелінген жиһаздарды қоюға болады. Осылайша қарттар өздеріне қымбат болып табылатын заттардың ортасында өмір сүреді.

45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында

ТМД елдерінен келетін саяхатшылар Данияда тұратын мүгедектер санына таң қалады. Іс жүзінде бұл олардың көптігінің көрсеткіші емес, бұл мүгедектердің қалыпты өмір салтын ұстанататынын көрсетеді. Олар киноға, алаңдарға барады, саябақтарда серуендейді, себебі олардың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайлар жасалған.

45 жаста өмірді жаңа елде бастау қиын, бірақ, ештеңеге қарамастан, бұл өзгеріс қиындық туғызған жоқ. Мен қорыққан жоқпын, себебі тұрмысқа шыққан адамды жақсы білдім, құндылықтарымыз бен қызығушылықтарымыз бірдей. Мен кез-келген сәтте оның қолдауына ие болатнымыды білдім. Және мен бара жатқан мемлекет өз заматтарының қамын ойлайтынын білдім. Айтпақшы, Дания әлемдегі ең бақытты елдердің бірі болып саналады.

Мен тап болған бірінші қиындық – тілді және мәдениетті білмеуім. Дания тілі айтылымы бойынша қиын тіл. Бірақ осында тілді үш жыл тегін оқуға болатын мемлекеттік бағдарлама бар. Соны бітіргеннен кейін, мен өзімнің біліктілігіме және біліміме сай келетін жұмыс таптым. Әлі күнге дейін тілді қолдануда қиыншылықтар болса да, мен дания тілінде сөйлеймін.

45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында

Данияда, әсіресе қазіргі дағдарыс кезінде, жұмысты табу оңай. Бұл орайда менің жолым болды, мен жұмысты бірден таптым. Жоғары білімді қажет ететін қызметке ие болу үшін, көбінесе Даниядағы университетті бітіру талап етіледі. Біріншіден, осында медицина қызметкерлері қажет.

Қазақстан мен Даниядағы жұмыс нарығының ережелері қатты ерекшеленеді. Жалақының өлшемі жайында жұмыс беруші және жұмысшы – екі жақ келісім жасайды, мемлекеттің қатысы болмайды. Осында қарым-қатынастың демократиялық стилі қолданылады, көбісі жұмысшының ынтасына байланысты болады және бәрі де сенімге, командада жұмыс істеу қабілетіне негізделеді. Бұрын КСРО-ның құрамында болған елдердің адамдарына бұны түсіну қиынға соғады, себебі олар басшылықтың әрдайаым қадағалап отыратынына үйреніп қалған. Бірақ олардың да артықшылықтары бар – олар жұмыс істеп, еңбектенуге, шешімдерді іздеуге дағдыланған.

45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында

Балабақшаға баланы бір жасқа дейін береді, ал алты жастан бастап ол нөлдік сыныпқа барады. Орта мектептің кезеңі тоғызыншы сыныпқа дейін созылады, кейін бала гимназияға немесе техникалық училищеге түседі – бұл екі бағыттың деңгейі бірдей, тек гимназияда гуманитарлық ғылымдар, ал техникалық училищеде техникалқ ғылымдар тереңдетіп оқытылады. Оқу мерзімі үш жылды қамтиды. Ал егер оқушы үлгермей жатса, ол оныншы сыныпқа дейін қалып оқи алады.

Жетінші сыныпқа дейін балаларға баға қойылмайды, менің ойымша, бұл үлкен артықшылық болып табылады. Осында балаларға білім беруден бөлек, оны әлеуметтендіруге, ұжымда өмір сүруді үйретуге тырысады.

45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында

Есесіне гимназияларда және техникалық училищелерде қатаң талаптар қойылады. Оқушылардың сабаққа қатысуы қадағаланбайды, бірақ нәтижесінде ешбір сұрақтарсыз оқудан шығарып жіберуі мүмкін. Бірақ оқушылардың әрдайым қайта келіп, оқуды жалғастыру мүмкіндіктері бар.

Әдетте мектепті бітіргеннен кейін, балалар ата-аналарының үйінен көшіп кетеді. Олар тамаққа, үйді жалдап тұруға өздері ақша таба бастайды. Сонымен қатар университетке түсер алдында балалар көбінесе саяхаттау үшін, өз жолын тауып, болашақта немен айналысуды қалайтындарын түсіну үшін, бір жыл үзіліс алады.

Білім тегін беріледі. Университет студенттері өмір сүруге жетерлік шәкіртақы алып тұрады. Ал егер біреуге жетпей жатса, мемлекеттен қарызға алу мүмкіндігі бар. Қарызын жұмысқа шыққаннан кейін қайтаруға болады.

Қазақстанда мемелекеттен бірдеңе қажет болса, күресуге дайын болу керексің. Ал осында адамның барлық мәселелерін мемлекет шешеді. Қазақстанда барлық мәселелерді достар немесе байланыстар шешеді. Егер саған жақсы дәрігер қажет болса, оны қайдан табуға болатыны жайында достарыңнан сұрайсың. Данияда достарға жүгінудің қажеті жоқ.


ҚАЛА ЖАЙЫНДА


45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында

Суреттің дереккөзі: www.мир-туризма.com

Мен Копангагеннің орталығында, Парламенттен 25 минуттық жерде, сауда орталықтарына жаяу жетуге болатын жерде тұрамын. Бірақ соған қарамастан, біздің ауламызда тауықтар мен аралар бар. Даниялықтар балаларына табиғатты көрсетуге әуестенген. Аулаларда отбасымен және көршілермен отырып, таза ауада кәуәп пісіріп, дастархан жаюға болатындай үстелдер орналасқан. Даниядағы әрбір ауланың жеке жасыл аумағы бар. Менің үйім көлдерге жақын орналасқан және мен жағажайда отырып, аққуларға қарауды жақсы көремін.

Бұл қала – велошабандоздардың астанасы. Олар автокөлік жүргізушілерден басым келеді. Осында үш жастағы бала ата-анасымен өздігінен велосипед жүргізіп бара жатқанын көруге болады.

Бірнеше ондаған жыл бұрын қаланы жаңғырту, биік ғимараттар мен магистральдарды салу мәселесі тұрды. Сол жылдары маңызды шешім қабылданды – биік ғимараттарды салуға тыйым салынды, бұл шешім үшін қаланың тұрғындары әлі күнге дейін алғыс білдіреді. Ескі ғимараттар қалпына келтіріліп тұрады, қала әдемі болып көрінеді.

Сонымен қатар жеке көліктердің орнына қоғамдық көлікті дамыту шешімі қабылданды. Копенгагендықтар автокөліктердің орнына велосипедтерді қолдануы үшін, барлық жағдайлар жасалған, сол себепті кептелістер мүлдем орын алмайды.

45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында

Мен де велосипедпен жүремін, бірақ қарбалас кезде жүруді ұнайтпаймын, себебі жолда велошабандоздар қаптап кетеді. Мен велосипедті 45 жасымда қолдана бастадым, ал бұндай жағдайларда жүру үшін белгілі дағдылар қажет.


ТАҒАМ ЖАЙЫНДА


45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында

Суреттің дереккөзі: en.wikipedia.org

Дания халқының дәстүрлі тағамы – шошқа еті мен картоп. Дегенмен жергілікті адамдар бұл тағамды тек мейрам күндері әзірлейді.

Олардың заманауи тағамдарына итальян, француз, испан тағамдары кіреді. Май тағамдары кеңінен таралмаған, оның орнына әртүрлі салаттарды жейді.

Даниялықтардың көбінде бес-алты аспаздық кітаптар болады. Ал ер адамдар әйелдермен бірдей тамақ әзірлейді.

Данияны «мыңдаған бутербродтардың мемлекеті» деп атайды, себебі олар түскі асқа бутербродтар жейді. Таңғы асқа әдетте мюсли, ал кешкі асқа салатпен бірге толыққанды ыстық тағамды ішеді. Кешке бүкіл отбасымен жиналу әдетке айналған.

Менің күйеуім тамақты дәмді әзірлейді, сол себепті мен нақты бір сүйікті тағамды атай алмаймын. Біз тамақты кезекпен әзірлейміз: үш күн мен, үш күн күйеуім дайындайды, ал бір күні балаларымыздың бірі дайындайды. Отбасымызда бәліштерді, мәнті, тұшпара және палау тағамдарын ұнатады.


АДАМДАР ЖАЙЫНДА


45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында

Сонымен қатар Данияны феминизм орын алған ел деп атайды. Осында шынымен ер адамдар мен әйелдердің арасында теңқұқықтық орнаған. Отбасыда бүкіл үй шаруаларын ерлі-зайыптылар бірдей атқарады. Ер адамдар тамақ әзірлейді, үй жинайды, балаларға қарайды, түнде баламен отыра алады.

Маған орыстілді әйелдердің кездесуінде бір қазақ әйелінің айтқан сөздері ұнады: «Қымбатты әйелдер, даниялық ер адамдарды кішкентай балаға сияқты қамқорлық көрсету арқылы бүлдірмеуді өтінемін. Ер адамдар барлығын өздері жасай алады және осымен біз тең дәрежедеміз».

Кеңес заманының анасын алыстан байқауға болады – ол баласына шектен тыс қамқорлық жасайды, оған не кию керек екенін, не айту керек екенін, не істеу керек екенін шешеді. Ал осында балаға тең қарайды, себебі ол да үлкен адам сияқты және өзінің жеке пікірі бар.

45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында

Көптеген шетелдіктер даниялықтарды жабық халық және олармен дос болу қиын деп санайды. Бірақ даниялықтар жылы шырайлы адамдар. Егер көшеде өткен кезде, адамдар міндетті түрде бір-біріне күлімдеп өтеді.

Осында жеке кеңістікті бағалайды. Басқа адамдардың әрекеттерін сынау деген нәрселер орын алмайды. Себебі біз ересекпіз және шешімдерді өзіміз қабылдаймыз деген түсінікті ұстанады. Олар көмектерін мәжбүрлеп ұсынбайды. Мысалы, көше бойымен ауыр сөмкелерді көтеріп келе жатсаң, ешкім саған көмектеспейді. Егер сен осы сөмкелерді алсаң, оларды қалай көтеріп жүретінің жайында алдын-ала ойладың деп санайды. Ал егер көмек сұрасаңыз, қуана көмектеседі.

Қазақстанда біреуге қонаққа барған кезде, адамдар бірден қонақжайлылық танытады. Ал даниялық азаматтың көзқарасы бойынша: «Мен қонаққа келген кезде, қандай тағамды және қанша көлемде ішетінімді өзім білемін. Ал маған тағамды көп мөлшерде салады, әрі бұл тағам жайында ештеңе айтпайды. Мен құрмет көрсетіп, барлық порцияны ішемін. Кейін менен сұрамай, тағы да салады». Данияда бұндай ұғым қалыптаспаған. Осында дастархан жайылып, үй иелері әзірленген тағамдар жайында айтып береді. Қонақ нені және қанша көлемде ішетінін өзі шешеді.

Дания – бейресми қоғамдық ұйымдардың мемлекеті, қатысушылары қызығушылықтар бойынша кездесулер ұйымдастырады. Әрбір даниялық азамат – тағамды ұнататын клубтан бастап фильмдерді ұнататын клубқа дейін бес-алты ұйымның мүшесі.

45 жаста тұрмысқа шығып, Копенгаген қаласына көшіп кету жайында

Данияда қазақ әйелдері көп, біз бір-бірімізбен араласамыз және арамызда Отанынымызды аса сағынбаймыз. Біз бұрынғы заманда көшпенді халық болғандықтан, әйелдеріміз жаңа елге, жаңа жағдайларға жақсы бейімделеді деп ойлаймын. Біз ашықпыз және әрбір жаңа адам біз үшін әлем сияқты. Ал жаңа мемлекет – біз көшіп-қонатын әлемнің бір бөлігі.

Өзінің Даниядағы өмірімен бөліскен –Алма Бектұрғанқызы Андерсен.

Суреттер Алма Бектұрғанқызы Андерсеннің жеке мұрағатынан алынды.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.