Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
40-zhastan-key-ng-m-r-bas-a-mamandy-ty-ta-dap-m-rd-alay-zgertuge-bolady

40 жастан кейінгі өмір: басқа мамандықты таңдап, өмірді қалай өзгертуге болады
1050

24.02.2019

40 жастан кейінгі өмір: басқа мамандықты таңдап, өмірді қалай өзгертуге болады

Сәуле Нехаева, 50 жаста, туған қаласы — Теміртау, тұрып жатқан қаласы — Астана, тәжірибелік психолог, арт-терапевт, денеге бағытталған психотерапия маманы, @saule_soul

7447.jpg


40 жасқа дейінгі жұмысы жайында


Мен университетті «математик және программист» мамандығы бойынша бітірдім және 2010 жылға дейін үзіліссіз мамандық бойынша жұмыс істедім. Менің мамандығым бойынша еңбек өтілім 20 жыл. Мен Карметкомбинатта бағдарламашы қызметінен бастадым, кейін банк саласына кетіп қалдым. Біз қала бойынша алғашқы болып «Сбербанкте» сберкассаларды автоматтандыруды енгіздік. Одан кейін мен мектепте математика мен информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. Біз Ресейге көшіп келген кезде, Марий Эл Республикасы бойынша Федералдық Қазынашылық Басқармасында 12 жыл қызмет атқардым.

2007 жылы біз Қазақстанға оралдық және мен Астанадағы жұмысты газеттегі хабарландыру бойынша таптым. Сол кезде Қазақстанның ірі IT-компаниясы үлкен жобаны іске асырды және менің тәжірибем олар үшін пайдалы болды. Мен Салық комитетінің мамандарымен жұмыс істедім, республикалық жобаларға қатыстым. 2010 жылы компания қайта ұйымдастырылып құрылды және компания жетекшілігі маған сату бойынша менеджер қызметін ұсынды. Мен алғысымды білдіріп, бұл ұсыныстан бас тарттым да, өз еркімен жұмыстан шығып кеттім. Мен алаңдаусыз кеттім, себебі өзімді кәсіпкерлік қызметте байқап көруді қаладым.


Мамандықты ауыстыру жайында


42 жасымда мен өмірімді түбегейлі өзгерттім және кәсіпкер болдым. Мен Қазақстанға қайта оралған кезде, Астана мен Алматыда өз кәсібімен айналыса бастаған адамдардың ортасына тап болдым. Мен басқа тәжірибе алуды, өзімді басқа салада байқап көруді қаладым. 40 жастан кейін өмір енді басталады деп айтады – мен үшін дәл солай болды.

Көптеген әйелдер сияқты мен желілік маркетингтен бастадым. Екі жыл ішінде мен кәсіпкерлік дағдыларға ие болдым: сатудың негіздері, таныстырылымды өткізу, ақылдан басқа да қасиеттермен табыс табуға болатынын түсіндім. Мен көп тренингтерден өтіп, жаңа нәрселерге үйрендім.

Өзім үшін күтпеген жерден йогамен айналыса бастадым. Менің әуесім кәсіби қызметке ауысты. Менің жолым болып, Әсем Өтепованы кездестірдім, одан білім алдым. Біз екеуміз йога студиясын аштық, йоганы көпшілікке таныту үшін қала бойынша іс-шаралар өткіздік. Бес жыл бойы мен үзіліссіз сабақ беріп, оқыту саласында еңбек еттім.

Мен үшін бұл – өзіңді, үйрейлерді және қате түсініктерді жеңудің алғашқы тәжірибелерінің бірі еді

Мен ерекше жұмысты таңдағаным қиындық туғызды. Мен йогадан сабақ беремін деп ешқашан ойлаған жоқпын. Сол себепті белгілі нәрселер мен үшін жаңадан ашылды. Мен ересек адаммын, кеңсе қызметкерімін, тіпті осы жерде еңбек жағдайлары басқаша болатын. Эмоционалды түрде өзгеру қиын болды. Сол кезде ісім мені еліктіргені және менің ортам маған қолдау көрсеткені маңызды болды. Мен үшін бұл – өзіңді, үйрейлерді және қате түсініктерді жеңудің алғашқы тәжірибелерінің бірі еді.

Мен әлеуметтік желілермен танысып, Instagram желісін іске қостым. Мамандығым бойынша бағдарламашы болсам да, 45 жасқа дейін бұл мені қызықтырмайтын және мен бұған немқұрайлы қарайтынмын. Қазірде мен өмірлік жағдайлар, уәждемелер жайындағы ой толғайтын шағын блогым бар.


Артықшылықтар жайында


Мамандықты 20 жаста бір рет таңдау арқылы өз жолымызды айқындаудың түсінігі негізінен дұрыс емес

Өмір 180 градусқа өзгерді. Бұл мен үшін ерекше және ғажап кезең болды. Бүгінде мен йоганың Астанадағы он жыл ішінде менімен болған өмірімдегі ең керемет нәрсе, ең бағалы сый екенін түсініп жатырмын. Бұл менің өмірімді өзгертті, жаңа мағына мен адамдарды енгізді.

Бүгінде мен жаңа мамандықты игеріп жатырмын – тәжірибелік психолог, арт-терапия/денеге бағытталған психотерапияның маманы. Бұл мен үшін екінші жоғары білімім болады.

Бұрын біз үшін 50 жас кәсіби сапа тұрғысынан басылудың кезеңі болса, қазіргі кезде кемелдену ары қарай ысырылды және өмірді ұзақ мерзімге жоспарлау қажет. 50 жастан кейін жаңа мамандыққа ие болып, бағытты меңгеріп, өз ісін ашуға болады.

Мамандықты 20 жаста бір рет таңдау арқылы өз жолымызды айқындаудың түсінігі негізінен дұрыс емес. Жас кезімізде біз білім алып, бірінші тәжірибеге ие боламыз. Кемелденген жаста қызмет аясын, мәртебені өзгерту – қалыпты нәрсе. Бұл ұзақ, әрі қызықты өмір сүруге мүмкіндік береді. 40 жастан кейін материалдық нәрселер қызықтырмайды, біз еңбегіміздің қоғам үшін қаншалықты маңызды және бағалы болып табылатыны жайында көбірек ойланамыз.


Төлеген Қали, 43 жаста, туған қаласы — Алматы, BeautyBar by Anastassia Shatokhina салонының барбері @barber.tolegen

80facb69-374b-4267-b77c-c3dd1513d17a.jpg


40 жасқа дейінгі жұмысы жайында


Университетті бітіргесін, мен мамандық бойынша жұмыс істемей, саудаға кеттім. Бізде ұсақ көтерме кәсібіміз болды және мен 20 жыл бойы осы салада жұмыс істедім. Мен жақсы жұмыс істедім, маған осы кәсіп ұнайтын. Осы жұмыс үшін мен қарым-қатынасқа түсіп, тез тіл табыса алатын адаммын. Саудадан шаршағаннан кейін, мен кетіп қалдым. Осы уақыт аралығында мен тек сату мен сауда жасауды білдім, сол себепті жалдама жұмысшының қызметін тауып алдым. Сауда жасаудың жаңа құралдары пайда бола бастады және менде оқуға деген ниетім де болған жоқ. Нәтижесінде мен 42 жасымда жұмыссыз қалдым, немен айналысу мен нені таңдау керектігін білмедім.


Мамандықты ауыстыру жайында


Барлығы кенеттен болды. Мен үйдегі қайшымен әкемнің шашын алғаннан басталды. Қарындасым маған бос отырмай, шаштаразшыға оқуды ұсынды. Басында маған бұл идея ұнаған жоқ, бірақ мен қызыға бастадым. Ең арзан курстарға жазылдым, сол жерде маған құралдарды қолда ұстауға үйретті. Менің жолым болып, бірден салонға жұмысқа орналастым.

Шаштаразшы жұмысы маған ұнады. Бұл кәсіп әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа түсуді қамтиды және жақсы табыс әкеледі. Мен жаңадан бастап жатқан шебермін, бұл іс қолымнан жақсы келеді. Тәжірибелі шебер айына миллион теңгеге дейін ақша таба алады.

Осында мен жұмыстың нәтижесі мен ілгері дамуды көріп жатырмын. Мен үшін жұмыстан ляззат алу деген ұмытылған сезім қайтадан ашылды. Шаш алғаннан кейін адам қалай өзгергенін, оның шынайы әсерін көрген кезде, рахаттанасың. Сен шаршасаң да, бұл жақсы эмоциялық қуаттану болып табылады.


Артықшылықтар жайында


Мен дамып жетілуді қалаймын, менде жоспарлар пайда болды. Қазірде мен ер адамдардың шеберімін, бірақ маған әйел адамдардың шашын алу да қызықты, себебі бұл жұмыста креатив көп. Шаштаразшы жұмысы шығармашылық жұмыс болып табылады, алайда біз қолөнершіміз. Бірақ мамандықты ұғынғанда және қосымша білім алған кезде, шығармашылық дағдыларың ашылады.

Шаштаразшы мамандығы әрдайым дамуды көздейді, шеберлік кластарға қатысып, басқа шеберлерден үйрену қажет. Қазірде көп мектептер бар, бірақ барлығы жақсы негіздерге үйретпейді. Менің негізім жаман болды және маған қосымша сабақтарға қатысу, бейнероликтерді қарау, интернетте ақпаратты іздеу қажет.

Мамандықты ұғыну деңгейіне жеткен соң, шетелге оқуға бару қажет. Біліктілікті арттыру курсын өтеу үшін Еуропаға бару жоспарымда бар.

Мен өмірімді түбегейлі өзгерттім, мамандығымның арқасында сүйікті адамымды кездестірдім және 43 жасымда алғаш рет үйлендім.

Бастысы – материалдық табыс емес, бастысы – моральдық тұрғыдан ляззат алу

Арман болса, оған жету керек. Өмір біреу және оны рахаттанып өткізу қажет. Сүйікті іспен айналысқанға не жетсін. Егер адамға жұмысы ұнамаса, ол қаншалықты табысты болса да, өмірі шынайы болмайды. Бастысы – материалдық табыс емес, бастысы – моральдық тұрғыдан ляззат алу.