Ақжелен Укубаева, 20 жаста
Серуендеген кезде жиі камера арқылы көрсеткім келетін әдемі сәтті байқаймын. Кадрды көзіммен көоһрген суретпен бірдей қылуға тырысамын.
Шымкентте көптеген орындар ұнайды, бірақ бәрінен гөрі айқын геометриялық фигуралар, бұрыштар белгіленген полигональды стильдегі ғимараттарды және қараусыз қалған ғимараттарды ұнатамын. Фотосуретті жасаған кезде осындай пішіндер мен текстураларға негізделуге болады. Мұндай ғимараттарға Shymkent Plaza-ны жатқызуға болады. Жарық пен кадрға таңдалған адам бейнесі арқылы түрлі қызықты суреттер жасауға болады.
Ерсағын Бакиров, 18 жаста
Шымкенттің табиғаты, сәулеті, адамдары өте сұлу. Дендросаябақ, «Ордабасы» саябағы, Әйтеке би көшесі, Әл Фараби алаңы және Қонаев пен Тәуке хан көшелерінің қиылысы бар.
Көбінесе маған портрет түсіру ұнайды. Адамдар камера алдында ашылғаны, олардың эмоциялары ұнайды. Бұны қала фонында жасау екі есе әдемірек.
Дастан Оспанханов, 23 жаста
Айына бір-екі рет арнайы қалалық съемкаларға шығып тұрамын. Маған қаланы түсірген ұнайды. Бұл әр кезде ыңғайлы емес, себебі түскі ас уақытында далада айтарлықтай ыстық, таңертең және кешке шығуға тура келеді.
Қалада көркем саябақтар бар: орталық саябақ, дендросаябақ. Бұл табиғи нысандар сәулет нысандарына қарағанда әлдеқайда тартымдырақ. Ол жердегі суреттер әдемі болып шығады.