facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
3-italiyandy-aza-stan-a-kel-p-biznes-ash-andary-zhayly
logo
3 италияндық Қазақстанға келіп, бизнес ашқандары жайлы

20.12.2017

3 италияндық Қазақстанға келіп, бизнес ашқандары жайлы

Энрико Наппини, 60 жаста, туған жері — Бари, Италия, Pane&Vino ресторан желісінің иесі


1.jpg


Алматыда мейрамхана бизнесімен байланысты жаңа жоба жасау жайлы ұсыныс түскендіктен, Қазақстанға көшіп келдім. Оған дейін көп жыл Мәскеуде тұрдым. Ол жақта шарап импорты мен мейрамхана бизнесімен айналыстым.

Алматыға 2013 жылы келдім, ол жақтан Астанаға 2014 жылы көшіп кеттім. Өзімнің жаңа мейрамханамды да 2014 жылы аштым. Қазір үш мейрамханам бар. Барлығы Астанада орналасқан. Біреуі «Лазурный квартал» тұрғын үйінде, екіншісі — Mega Silk Way, үшіншісі — Назарбаев Университетінде. Қазақтанда кәсіпкерлерді құрметтейтіні ұнайды. Бқл жерде қалаған ісінмен айналысуға болады. Бұл елге мүмкіндіктер үшін алғысым шексіз.

Клиенттерім маған ерекше қарайды, өйткені мен — италияндықпын және италиян тағамдарын ұсынамын. Оларға тағамдардың дайындалу тәсілдері және құрамы қызықтырады.

Шарап туралы көп сұрақтар қояды, өйткені шарап мәдениеті Қазақтанда енді ғана дамып келе жатыр. Қазақстандықтардың шарапқа деген қызығушылығы жоғары.

Болашақты Алматы, Ақтау сияқты қалаларда мейрамханаларымызды ашқымыз келеді. Сол сияқты шарап мәдениетін де дамыту жоспарымызда бар.


Рикардо Котци, 29 жаста, туған жері— Наполи, Италия, Focaccia пиццериясының иесі


2.jpg


Қазақстанға алғаш рет 2015 жылдың қаңтар айында келдім. Бұған екі себеп болды. Біріншісі — туристік сапар мен 2014 жылы Қазақстанға көшкен әкеммен кездесу. Екінші себеп — Coffee Boom кофехана желісі мені мастер-класс өткізуге шақырғандықтан. Бірнеше апта бойы олардың қызметкерлерін пицца жасауға үйреттім.

Бизнес ашуымның себебі де осы болды. Олардың пицца жасағаны мүлдем ұнамады. Олар пиццаны мүодем басқа тәсілмен жасады. Мен Наполиден боламын. Пицца дайындау — біздің мәдениетіміз болып саналады. Қамыр, температура, дайындау тәсілі — барлығы маңызды. Ал, мұнда барлығы мүлдем басқаша жолмен дайындалатын, бұл елде пицца дайындау мәдениеті мүлдем дамымағанын түсіндім.

Менің миссиям — адамдарға нағыз пиццаның дәмін сезіндіру. Бұл өте қиын, өйткені мен пиццаның дәмін әр адамның татқанын қалаймын.

Нағыз пиццаны дайындау тәсілі өте қымбат тұрады? Өйткені көп ингридиенттарды импорттауға тура келеді. Мен мұндай пиццаны тек бай адам емес, барлығы, кез-келген адам сатып ала алатындай болған қалаймын. Бағаларымыз тура басқалармен бірдей, бірақ дайындау тәсілі мен құрамы басқа. Менің бизнесім — пайдаға кеңелу емес. Мен, тек, барлығы нағыз пиццаның дәмін татса екен деймін.


3.jpg


Өз бизнесімді ашу қиын болған жоқ. Мен жалғыз емес едім. Мен бизнесті басқа италияндықтармен бірге бастадым. Топта мен және серіктесім Мауро қалдық. Ол мен үшін жақсы дос. Онымен танысқаныма қуаныштымын. Туған ағам болмаса да, оны туған ағамдай көремін. Бұрын ол мейрамхана бизнесімен айналыспаған, маған сеніп, менімен бірге бастады. Мен барлығын қалай дұрыс жасау керектігін білмедім. Оның сол кезде Қазақстанда бизнесі болған еді, мұндағы жүйенің қалай істейтінін білген, сондықтан осы мәселеде оның көп көмегі тиді.

Менің ойымша, шетелдік болғанын әр кезде көмектеспейді. Барлығы қай салада жұмыс істейтініне байланысты. Мен кездестірген көп италияндықтар мейрамхана бизнесімен айналысады. Бірақ бұрын онымен айналыспаған. Олар Италияның шеф-поварлары болмаса да, «Италияның дәмін» аз да болса сезінгендіктен, шетелде бизнесті бастаған.

Менің бұл жұмысыма келуімнің өзі үлкен оқиға. 13 жастан бастап Италияда жұмыс істей бастадым. Кеткенде, небәрі 17 жаста едім. Абу Дабида бір жыл жұмыс істедім, жарты жыл — Дубайда. Японияда 10 ай жұмыс істедім. Сосын бірнеше уақытқа Италияға қайтып оралдым. Бірнеше жыл Мальтада тұрдым. Ол жерде мецрамхана бизнесіне толықтай үйрендім. Барлығын істедім: ас үйде де істедім, жендежер де болдым. Бірақ, бір мезетте осыншама жұмыс істеп, көп нәрсені өткізіп алуға болатынын түсіндім. Болашағым туралы ойлай бастадым, маңызды нәрселерді өткізіп аламын деген қорқыныш пайда болды. Мейрамхана бизнесінде жұмысымды тоқтаттым. Ол кезде 23 жаста едім. Бір жарым жылдай басқа салада жұмыс таба алмадым. Мен отбасыммен тамақтанудың не екенін көргім келді. Мен өзіме темекі дүкенінде жұмыс таптым, бұл біртүрлі болды, өйткені жалақым бірнеше есеге төмен түсті. Мұндпйғп үйренбеген едім. Екі жыл осылайша өмір сүрдім.

Мауро екеуміз мейрамханаларымызды кеңейткіміз келеді. Алматы көшіп, одан кейін Мәскеуде ашылғымыз келеді.


4.jpg


Бастысы, Маура екеуміз осы істен ләззат алғымыз келеді. Күлкі мен қуаныш — ең басты нәрсе. Біз үшін қонақтарымыздың өздерін жайлы сезінгендері маңызды.


Андреа Брессанини, 31 жаста, туған жері — Милан, Италия, интерьер дизайнері


5.jpg


Қазақстанмен танысу 2010 жылы басталды. Мен 2011 жылғыдай, бірнеше аптаға келген болатынмын. 2012 жылдың наурыз айында көшіп келдім. Ол кезде Қазақстанда шетелдіктер аз болатын.

Мен Қазақстандағы әлеуетті бірден түсіндім. Мұнда көптеген жаңа және заманауи ғимараттар бар, бірақ жақсы мекемелер жоқ: мейрамханалар, пабтар, клубтар.

Мен адамдармен сөйлесіп, Еуропа мен Америкадағыдай пәтерлердің ұнайтыны түсіндім. Адамдар алтындардың ескіргенін түсінді, олардан ыңғайсыз болуы мүмкін.

Бизнесте қиындықтар болмады. Бастапқыда мен орыс немесе қазақ тілін білмеген кезде тілдермен қиын болды. Мен тұруға рұқсат берген кезде ыңғайсыз сәттер болды. Көші-қон полициясынды үнемі жаңа адамдар болатын, оларға өзім туралы ең басынан бастап айтуға мәжбүр болдым. Осыған байланысты бұл процесс кешіктірілді. Көп шыдамдылықты талап етті. Мен бәрін алдым, бұл жақсы.

Кейде клиенттермен жұмыс істеу қиын. Маған көз салып, менің тәжірибем бар екенін түсінетін адамдар бар, және мен қазақстандықтарды түсінбеймін деп ойлатындар бар.Бұл үшін тәжірибе сияқты нәрсе бар, ол менталитетке дес, жұмысқа да байланысты емес екенін айтқым келеді. Сіз мұқият, құрметпен, сүйіспеншілікпен жұмыс істеуіңіз керек, егер сіз клиент үшін емес, өзіңіз үшін бәрін жасап жүрсеңіз. Сосын ойлаырнды көрсеткен кезде, клиенттер әрқашан қуанады.

Шетелдік болғаным аздап көмектеседі, өйткені мен бірегей, экзотикалық, ерекше идеяларды ұсынамын. Бірақ осы себепті әр кезде тек шетелдіктің ғана емес, сонымен қатар, қалай жұмыс істеу керектігін білетін сарапшы екеніңізді дәлелдеу керек.

Менің Қазақстанда және одан тыс жерлерде жүзеге асырғым келетін көптеген идеялар мен жобаларым бар. Мүмкін болашақта теңіз мен пальмалар бар жылы елге барамын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы