facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
24-zhyl-e-bek-t-l-bar-hirurg-almaty-zh-ne-zhas-d-r-gerler-zhayynda
logo
24 жыл еңбек өтілі бар хирург Алматы және жас дәрігерлер жайында

Әлібек Смағұлов

46 жаста, туған қаласы – Лениногорск және Алматы, хирургия бөлімі бойынша бас дәрігердің орынбасары

Өмір сүру стилі

18.12.2018

24 жыл еңбек өтілі бар хирург Алматы және жас дәрігерлер жайында


Өзі жайында


Мен адамдармен тез тіл табысамын, ашықпын, жаным нәзік, уайымшылмын.

We Project БОЛЬНИЦА ИЗМ.JPG

Мен айрықша турашылмын, қаталмын, кей жерде ептілік танытып, жалпақтап, жағымпаздана алмаймын. Кейде менің алдымда қандай адам тұрғанын түсіну үшін бір рет кездескенім жеткілікті.

Мен кітап оқығанды жақсы көремін. Әдетте қатарынан әртүрлі жанрлар мен стильдегі төрт-бес кітап оқимын.

Достармен кездескенді ұнатамын. Бұрын біз ішіп-жеп, әңгімелесіп, жан-жаққа тарап кету үшін жиналатынбыз, ал қазір қарым-қатынасымызды жақсы түйсіне бастадық. Менімен бірге қалған адамдар жаныма ең жақын адамдар. Бізді байланыстыратын өзімізге қымбат оқиғалар көп. Сол себепті біз міндетті түрде айына бір рет жиналамыз.

Менің өмірлік қағидаларым – адал және қызыққа толы өмір сүру, адамдарға пайда әкелетін дұрыс әрекеттер жасау


Біз жұбайымызбен сенбі және жексенбі күндері дүкендерді аралағанды жақсы көреміз.

Өмірімнің мәні – жұмысым, отбасым, достарым және ата-анам.

Менің өмірлік қағидаларым – адал және қызыққа толы өмір сүру, адамдарға пайда әкелетін дұрыс әрекеттер жасау. Адамдарға қуаныш сыйлағанды ұнатамын.



Алматы жайында


Алматы — маған көп нәрсе берген айрықша қала және сол үшін мен оған ризамын. Қайда жүрсем де, осы қалаға қайтқым келіп тұрады. Алматыда біраз уақыт тұрған адамдардың өздері күндерін тауларсыз елестете алмайды.

We Project БОЛЬНИЦА ИЗМ-8.JPG

Алматы маған отбасы мен өзімді таныту мүмкіндігін сыйлады. Осы қаланың арқасында мен шынайы өмір сүремін. Әрі бұл өте жарқын оқиғаларға қанық өмір.

Алматы маған отбасы мен өзімді таныту мүмкіндігін сыйлады

Маған Алматыда өзімді жайшылықта сезінетін жерлер ұнайды. Мысалы, қазір тұрып жатқан Алатау маңындағы шипажай. Оған қоса, уақытым болған кезде, мен Горький атындағы саябақта болғанды ұнатамын.



Жанашыр адамдар және олардың өмірлік істері


Менің өмірлік ісім медицинадағы, хирургиядағы жұмысым.

We Project БОЛЬНИЦА ИЗМ-6.JPG

Мен медициналық институтқа түстім, ал хирургияны ерлерге ең сай мамандық болғасын таңдадым. Бұл менің бағытым, өзімді хирургиясыз елестете алмаймын. Осы мамандық үшін қаншама еңбек, жақсы, қуанышты, бақытты күндер, ұйқысыз түндер өтті. Басқа жағынан қарағанда, өкінішті сәттер де болды. Менің еңбек өтілім 24 жыл.

Жас дәрігерлерге айтарым: тек аянбай еңбек етуге, білім алуға, әрдайым өздерін танытуға дайын болса ғана, медицинаға баруларына тілектеспін

Біз ең жоғары дәрежеде болған кеңес медицина заманын көрген ұрпақпыз. Қазіргі таңда келіп жатқан жас дәрігерлердің өмірлік қағидалары мен оқу үлгісі бойынша түсініктерінде кемшіліктер бар. Кейбір кезде маңыздысы ақша деп санайды, бұл жайт менімен замандас дәрігерлерді қынжылтады. Кейде біз олардан оқу мен жаттауды талап ететінімізді түсінбейді. Менің ойымша ол ұрпақтар сабақтастығы мен тәлімгерлік институтының жоғалуымен байланысты. Жас дәрігерлерге айтарым: тек аянбай еңбек етуге, білім алуға, әрдайым өздерін танытуға дайын болса ғана, медицинаға баруларына тілектеспін.




Қазіргі сәттегі рухының күйі


Жауынгерлік.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.