«Жоғары білімге кең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, 2019 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу жылына 4 рет өткізіледі. Сондай-ақ шекті балл жинамаған талапкерлер ЖОО-ға шартты түрде ақылы негізде қабылданып, ҰБТ-ны бірінші курс оқып жүріп, қайта тапсыра алады. Сонымен қатар жыл сайын жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғаяды. Соңғы бес жылда бакалавриатқа мемлекеттік тапсырыс көлемі 31 пайызға өсті. 2025 жылға дейін гранттардың саны 50 пайызға артады. Нәтижесінде кемінде 75 мың жас қазақстандықтар мемлекеттік қолдауға ие болады», — делінген Тамара Дүйсенованың жауабында.
Дереккөз: inform.kz