Алдағы жылы қала кітапханалары ребрендинг өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Елорда кітапханалары оқырмандарына әзірлеген жобаларының бірі «Жанды кітап» деп аталады. Онда кітапхана оқырмандары танымал адамдармен кездеседі. Кездесу форматы ерекше болмақ. Спикердің әлеуметтік желі парақшасы мен отбасылық альбомнан алынып, алдын ала дайындалған 10 қызықты суреті (спикер ол туралы білмейді) экранға шығарылады. Кездесуге келген спикер әр суреттің шығу тарихын айтып береді.
Дерек көзі: 24.kz