Алғашқы жарнаға ақша жинау
Коммерциялық банктерде ипотека бойынша субсидия мөлшерлемесі 10% құрайды. Мемелекет жылдық мөлшерлемесі 17% аспайтын екінші деңгейлі банктерден қарыз алғанда шығынның бір бөлігін өз мойнына алады. Содан кейін 10% жылдық мөлшерлеме болады. Бұл бағытта екінші деңгейлі банктердің барлығы еш шектеусіз қатыса алады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қарыз алушыларға арналған шарттар:
— қарыз мерзімі — 15 жылға дейін
— алғашқы жарна — баспана бағасының 30% бастап
— мақсатты құру — алғашқы баспананы сатып алу
— субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының макималды сомасы Астана мен Алматы қалаларында — 20 млн теңгеге дейін және басқа қалаларда 15 млн теңгеге дейін
— субсидиялаудың максималды мерзімі — 10 жыл, алайда несие беру мерзімінен артық емес.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтерді ипотекаға алудың болжамды есебі:
Пәтер құны — 10 000 000 тг
Алғашқы жарна — 3 000 000 тг (30%)
Несие мөлшері — 7 000 000 тг
Қарыз бойынша пайыздық мөлшер — 10%
Несие беру мерзімі — 10 жыл
Ипотека бойынша ай сайынғы төлем — 92 500 тг
Үстмақы — 4 100 000 тг.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жас отбасы 30% алғашқы жарна төлеген кезде «Бәйтерек девелопмент» тізбегі бойынша несиелік баспана сатып ала алады.
Отбасы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының кейіннен сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үйлерінен кезекте тұрғандардың сұранымынан тыс баспананы ала алады.
Мұнда алғашқы жарна керек емес. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жер алуға кезекте тұрғандарға үй сатып алуға болады.
Коммерциялық банктердегі «Жас отбасы» бағдарламасы
Қазақстанда жас отбасыларға арналған ипотеканы екі банк ұсынады: «Сбербанк» және «Банк ЦентрКредит». Бағдарламалар басқа клиенттерге қарағанда сыйақы мөлшерінің және алғашқы жарнаның төмендігімен ерекшеленеді.
«Сбербанк» тек 30 маусымға дейін ипотеканы 10% алғашқы жарна болғанда береді. «Сбербанкте» «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша дәл қазіргі кезде пәтер бағасының 10% болған кезде де ипотекалық несие беретін акция жүріп жатыр. Керемет ұсыныс 2017 жылдың 23 қаңтарынан 30 маусымына дейін жалғасады.
Несие беру мерзімі 20 жылға дейін. Сыйақы мөлшері «Сбербанктің» жалақы карталарын ұстаушыларға — теңгемен жылдық мөлшерлемесі 13,6% басталады (ЖТСМ — 16,1% бастап). Банктің басқа клиенттері үшін — 15,1%. Ипотека бойынша тек ерлі-зайыптылар ғана қатыса алады.
«Сбербанктегі» ипотеканың есебі:
Пәтер құны — 10 000 000 тг
Алғашқы жарна — 10%, 1 000 000 тг
Қарызға алу мерзімі — 20 жыл
Сыйақы мөлшері — 15,1%
Ай сайынғы төлем — 120 000 тг
20 жылға үстемақы — 19 602 000 тг.
Пәтер бағасы мен алғашқы жарна мөлшері осындай болғанда жұбайлардың ресми ай сайынғы жалақысы — 240 000 тг болуы керек.
«Банке ЦентрКредитте» алғашқы салым 30% кем болмауы қажет.
БЦК «Жас отбасы» ипотекалық бағдарламасының артықшылығы өтінімді үш күн ішінде тез қарау болып табылады.
Сондай-ақ, Қазақстанның кез келген қаласынан баспана алу мүмкіндігі. Жұбайлардың жасы — 35 дейін.
Сыйақы мөлшері — 15%, жалақы алатындарға — 14,5%. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі — 15,7%. Күйеуі кепілгер болуы керек, ол бола алмаса, басқа тұлға болуы тиіс. Алғашқы салым 30% кем болмауы керек болғандықтан, ипотека бойынша есебін 20 жылға емес, 10 жылға қарастырады.
«ЦентрКредит» банкінің ипотекасы бойынша есеп:
Пәтер құны — 10 000 000 тг
Алғашқы жарна — 30%, 3 000 000 тг
Қарыз мерзімі — 10 жыл
Сыйақы мөлшері — 15%
Ай сайынғы төлем — 112 935 тг
10 жылға үстемақы — 6 552 136 тг
Жұбайлардың ресми кірісі — айына 230 000 тг болуы тиіс.
Дереккөз: kn.kz/article/8321/