facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
18-zhas-a-dey-ng-biznes-alaysha-dubay-a-arnap-tapsyrys-zhasau-men-ata-anany-amtamasyz-etu-turaly
logo
18 жасқа дейінгі бизнес. Қалайша Дубайға арнап тапсырыс жасау мен ата-ананы қамтамасыз ету туралы
Главный (каз)

07.09.2018

18 жасқа дейінгі бизнес. Қалайша Дубайға арнап тапсырыс жасау мен ата-ананы қамтамасыз ету туралы

Айгерім Сатекова, 16 жаста, туған жері — Қарағанды


Скрапбукингпен бесінші сыныптан айналысып келемін. Жеке күнделігімде сурет салуды бастап, скрапбукинг үшін көптеген тауарлары бар дүкен жайлы білдім. Сол кезде скрапбукингтің не екені жайлы білген жоқпын, бірақ бұл маған қызық болды. Дүкенге алғаш барғанда көп нәрсе сатып алдым, өйткені молшылықтан көзім жүгіре бастады. Ғаламторда үйрететін видеолар іздей бастадым, бірақ олар маған аса көмегін тигізген жоқ. Алайда Instagram желісінде көптеген қызықты жұмыстар таптым.

aigerim.jpeg

Скрапбукинг — шығармашылықтың бір түрі. Скрапбукингтің мәні — қалдықтардан түрлі композициялар жасау. Оның негізгі түрінде тек қағазды ғана пайдаланады, бірақ көптеген түрлі стильдер пайда болды. Скрапбукинг көбінесе альбомдар жасап, жүректі жылытатын сәттерді сақтау үшін пайдаланылады.

Бар білімім мен тәжірибемді араластыру маған ұнайтын стильді жасауға көмектесті. Ашық түстерді, гүл, бұтақ, кристалл түріндегі ұсақ-түйектерді пайдалануды жөн көремін. Барлығы менің жұмыстарыма тиісу аянышты екенін айтады, олар бір нәрсені бүлдіріп алуға қорқады.

Коммерциялық түрде скрапбукингпен шамамен үш жыл айнылысып келемін. Өзіңді әлеуметтік желілерде белгілі еткен кезде сені тезірек байқайды. Кейбір адамдар қошеметтерді өмірде айтуға қорқады. Ал бұл маған жетіспейтін. Өз жұмыстарымды Instagram желісіне жария ете бастағанда адамдар қызығып, сатып алуға рұқсат және бағасын сұрай бастады. Бастапқы кезде сатып алушылар бұларды өзім жасағаныма күмәнмен қарайтын. Біреу көмектесіп, менің орныма жасайды деп ойлады.

aigerim2.jpeg

Адам нәтижесін көруге қорықпайтын, менің стилім мен тақырыбымды түсінетін кезде ғана тапсырыстарды қабылдаймын. Әлбетте, балалар немесе үйлену тойы альбомы болсын түстерін, тақырыбын бірге талқылаймыз.

Ен бірінші тапсырысым өте бұрын болды. Бұл қаптамасы безендірілген, көптеген гүлдері мен шілтері бар блокнот еді. Ол сөреге қоюға болатын сәндік блокнот болды. Шамамен 3000 теңге тұрды.

Бір ретте маған Дубайдан бір қыз жазды. Ол кезде бұл істі жаңа бастаған едім, бірақ маған үлкен фотоальбомға тапсырыс берді. Бұл альбом 30х30 сантиметр болды және оны 2,5 ай бойы жасадым. Тапсырыс берушінің орнында осыншама уақыт бойы күтпес едім, алайда ол адам жұмыстарыма ғашық болғанын және қажетті уақыт бойы күтетінін айтты. Альбом үйлену тойынан бастап, баланың, демалыстағы суреттерге дейін отбасылық еді. Бұл тапсырыс 100 доллар тұрды.

Адам нәтижесін көруге қорықпайтын, менің стилім мен тақырыбымды түсінетін кезде ғана тапсырыстарды қабылдаймын


Бағасы бұйымға байланысты. Мен үшін бұл ауыр сұрақ. Бағаны белгілеумен жұмыс істеу қиын. Әлі бағаның қалай реттелетінін түсінбеймін. Сондықтан орта есеппен альбом 30 мың теңге тұрады.

Алғашқы кезде ата-анам менің ісімді қызығушылық ретінде қабылдады, бірақ қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп, шеберлік сыныптарына жіберіп отырды. Олар желіде жұмыстарымды жариялап, сататынымды білген жоқ. Сондай-ақ, олар альбом немесе блокнот жасауға қанша уақыт кететінін білмейді. Олар тез деп ойлайды, алайда оған түндер мен күндер кетеді.

Адам пікірлерінің әртүрлілігіне байсалды қарай бастадым, кейбіреулері бір нәрсе айтса, екіншілері керісінше айтады. Сонымен қатар келіссөз жүргізуді, клиенттермен ортақ шешімге келуді үйрендім. Ең басты үйренген нәрсем — сүйікті ісің табыс көзіне айналуы мүмкін және сонда нашар жұмысқа барудың қажеті де болмайды.

Менің ісімде еңбексүйгіштік, табандылық және құлшыныс қажет.

Болашақта шығармашылыққа арналған бренд материалдарын, материалдар желісін немесе шығармашылық студиясын ашқым келеді. Авторлық курсқа ұқсас нәрсе жасағым келеді, сонда адамдар өздерін жаңа нәрседе байқап көріп, шығармашылық барлығына қолжетімді екенін түсіне алады.



Анель Алимбетова, 18 жаста, туған жері — Астана


14 жасымда омыртқама өте маңызды ота жасады. Жарты жыл бойы үйде, төрт қабырғада жаттым және есімнен айырылмас үшін бір нәрсемен айналысуды шештім.

anel.jpeg

Бір ретте Instagram желісін ақтарып отырып, қыздардың қалай боянатынын көрдім. Байқап көруді шештім. Анам маған қолдау жасап, акция бойынша он мың теңгеге курстар таптық. Курстарды өтіп, шабыттандым. Бұл мен үшін серпіліс болды. Бір аптадан кейін анам екеуміз қымбаттырақ және кәсіби курстарды таптық. Мені бірден байқап, жұмысқа шақырды. Уақыт өте келе бұған ілесіп, бұл іссіз өмір сүре алмайтынымды түсіндім.

Алғашқы жарты жыл бойы тегін жұмыс істедім, жай ғана қыздарды шақырып, «Бүгін кім боянғысы келеді?» деп жазатынмын. Күніне 10-20 адам қабылдайтынмын.

Өзімнің жасыма байланысты клиенттерді сенімсіздігіне тап болдым. Бірақ жас болғандықтан сәнде түсінігім бар және барлық заманауи нәрселерді айыру білетінім жайлы айтатындар да болды. Клиенттер негатив білдірмеді. Негатив бет әрлеушілер тарапынан болды, сұлулық саласында мені қалағанымдай жылы қабылдаған жоқ.

Бірақ жас болғандықтан сәнде түсінігім бар және барлық заманауи нәрселерді айыру білетінім жайлы айтатындар да болды


Өз ісімді ашу қорқынышты болған жоқ. Өйткені маған жақындарым көмектесті. Мені алға жетелейтін адамдар — анам мен әпкем. Әпкем әрқашан мені қолдайтын, сондықтан оған өте ризамын. Жақындарым маған ақшалай көмектесті. Анам мен әкем халықаралық деңгейдегі курстарға сертификат сыйлады. Ол шамамен 150 000 теңге тұрды. Осы үшін және керемет бастама үшін оларға шексіз алғыс айтамын. Ары қарай барлығын өзім жасадым, яғни бүкіл бояу заттарын өзім сатып алдым. Маған оны ешкім сатып алған және сыйлаған емес.

Менің студиям үй ішінде, оны толығымен жабдықтадым: баннер және айна сатып алдым. Бастапқыда макияжды 1000 теңгеге жасайтынмын, кейін 2000-3000. Бір макияж үшін 1000 теңгеден 10 мыңға дейін өстім.

anel2.jpeg

Менде үйрететін курстарым бар. Аяқталған кезде сертификат беремін, бірақ тек «Салон шебері» курстарын бітіргендерге ғана. «Өз-өзіңе бет әрлеуші» курстары үшін сертификат бермеймін. Менің курстарымды бітіргеннен кейін жұмыс істеуге болады. Бұл салады сертификаттар мен дипломдар аса маңызды емес. Барлығы сенің көруіңе және қол шеберлігіңе байланысты.

Кәсіпкерлік маған көп нәрсе үйретті. Бұрын тұйық адам едім, қазір өзгердім. Клиентпен сөйлесу керек, оны түсіну қажет. Егер сөйлеспесең, клиентке нәтижесі ұнамайды. Өз ісімді дамытуға көмектескен қасиет — шыдамдылық. Бет әрлеу —бірінші жылы қолыңнан аз нәрсе келетін іс, сондықтан тынымсыз тәжірибе қажет.

Жақын жылда салон ашуды жоспарлап отырмын. Оны әпкемнің құрметіне атаймын және ол екеуміздікі болады. Тағы жаққыштар брендін ашқым келеді. Ал болашақта тек Қазақстан бойынша емес, Ресейде де салондар желісі болғанын қалар едім.



Елизавета Шкода, 18 жаста, туған жері — Қарағанды


Сән индустриясындағы мансабым 2014 жылы басталды. Бұл жазғы демалыс еді, ал менің ішім пысты. Музыка мектебін енді бітіріп, бір нәрсемен айналысқым келді. Үйге жақын жерде орналасқан сұлулық салонына қасымды дұрыстау үшін баратынмын. Әр екі апта сайын барып, қасымды жасатудың орнына үйреніп, өзім жасау тиімдірек екенін түсіндім. Тағдыр қалауымен мен үйретуде модель болдым. Кәдімгі студияда жас қыз бет әрлеуді үйретті. Сол күні ол маған қасымның әдемі екенін айтты. Мен оған курстарға баруды шештім. Сол қызда үйреніп, жұмыс істеу үшін қажетті тәжірибе мен теория жинап алдым. Маған жай оқушыға қарағанда көбірек назар аударып, жұмыс жасауды үйретті.

liza.jpeg

Бастапқыда менің қызметтерім тегін болды, орталықта тұрсам да, қаланың түрлі шеттеріне барып, анамды менімен бірге баруды сұрадым. Анам әрқашан және барлық кезде маған қолдау көрсететіні жақсы болды. Осылайша алғашқы клиенттік базаны жинадым. Менде клиенттерге барған кезде бірге алып жүретін шағын шабаданым болды, бір-екі айдан кейін ақша ала бастадым — 500 теңге.

«Маған кеңсе қажет» деп айтқанда жасым 15 болды. Бір танысыммен ауданы 50х50 шаршы метр кеңсе жалдап отырдым. Ол жерге алғашқы оқушыларым келе бастады, оларға қалай жұмыс істейтінім жайлы айттым. Ол курстардың бағасы 5000 теңгені құрады. Бір қызбен екі апта айналыстым және менің ойымша, осы уақыт аралығына бұл лайықты баға болды. Оқушы қыздарым: «Мүмкін біз сіздің анаңызға баратын шығармыз?» — деп айтатын. Клиенттер де: «Меніңше, сіздің анаңызға жазылған едім. Анаңыз қайда?» — дейтін.

Курстарым ең төмен бағамен бір аптаға созылатын еді, мен тіпті бағадан сәл ұтылатынмын. Қазір курстарым таңертеңгі 10-нан кешкі 8 дейін, кішкене түскі үзіліспен 2 күнді құрайды. Курс барысында оқушы қыздар модельге алты жеке жұмыс істеуден өтеді. Топтағы оқушы қыздар саны 3, барлығы 18 жеке жұмыс істеу, яғни осы кезде көріп, ұстап, қатысып көруге болады, сондай-ақ, оқушыларым алдында тағы екі жұмысымды көрсетемін.

Менде клиенттерге барған кезде бірге алып жүретін шағын шабаданым болды, бір-екі айдан кейін ақша ала бастадым — 500 теңге


Сұлулық индустриясындағы бәсекелестік өте жоғары. Қас жасаудан басқа маркетингте, таргетте білімді болу қажет. Қасты реттеп, бояуды білу жеткіліксіз. Барлығын білу керексің, сонда ғана бір нәрсеге қол жеткізіп, дами аласың. Уақыт өзгерді, 2014 жылы бастау қазіргіге қарағанда оңай болатын.

Мұнымен төртінші жыл айналысып келемін. Ресейде, Қарағанды облысында, Астанада, Алматыда оқыдым, сондықатн 21 сертификатым бар. Әр екі-үш ай сайын қаламызда немесе шетелде курстардан өтуге, шеберлік сыныптарына баруға, ақпаратты қабылдап, тек жақсысын қалдырып, жаманын алып тастауға тырысамын.

liza2.jpeg

Еш жағдайда менменсуге болмайды. Өзімді керемет кәсіби шебер деп санамаймын. Өзімді білікті шебер, заң және медицина сұрақтарында білімді адам ретінде есептеймін. Сауатты адам болу қажет: заңды біліп, салықтарды төлеу керек, сол себепті барлық оқушы қыздарыма салықтарды төлеп, патент бойынша жұмыс істеулерін сұраймын.

Бизнесті бастау қорқынышты болған жоқ, өйткені кішкентай болдым және алда маған бөгет ететін қаншалықты көпкедергілер бар екенін түсінбейтінмін. Егер қазір бастасам, 14 жасымда жеткен жетістіктеріме қолжеткізе алмас едім. Алғашқыда анам жұмысыма қарсы болды: «Жасың 14 ғана. Қайдағы жұмыс? Оқу керексің».

Жоғары медициналық білім алып жатырмын, қайда даярлауға Орал педагогикалық интитутына құжат тапсырып жатырмын. Медициналық академияда диплом алған кезде маған Орал интитутынан өз курсымды жүргізу үшін қайта квалификациялаудан өткенім жайлы екінші диплом береді.

Ойымды іске асыруға алаңғасарлығым көмектескен шығар. Ештеңені есептеген емеспін. Ұнаған нәрсемді жасадым. Қазір бұдан жақсы табысқа ие болып отырмын. Анамды қамтамасыз етіп жатырмын. Қазір ол мені қолдап, сол кезде оны тыңдамай, барлығын керісінше жасағаныма риза.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Жеке брендті қалай дамыту керек: ең танымал кітаптардан 6 идея
Жеке брендті қалай дамыту керек: ең танымал кітаптардан 6 идея
Алматыда фотосессия өткізу үшін 10 үздік орын
Алматыда фотосессия өткізу үшін 10 үздік орын
Алматы мен Астананың түнгі өмірі: достарыңызбен қыдыруға баратын барлар
Алматы мен Астананың түнгі өмірі: достарыңызбен қыдыруға баратын барлар
Хеопс пирамидасы. Әлем ғажайыптарының біріне апаратын жолсерік
Хеопс пирамидасы. Әлем ғажайыптарының біріне апаратын жолсерік
Баруға тұрарлық Қазақстанның ең әдемі 10 қорығы мен ұлттық саябағы
Баруға тұрарлық Қазақстанның ең әдемі 10 қорығы мен ұлттық саябағы