facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
18-zhas-a-dey-n-biznes-ashudy-zholy-zh-ne-nel-kten-zhastar-internette-ana-aralasady
logo
18 жасқа дейін бизнес ашудың жолы және неліктен жастар интернетте ғана араласады

10.09.2019

18 жасқа дейін бизнес ашудың жолы және неліктен жастар интернетте ғана араласады

Арай Сұлтан, 18 жаста, туған қаласы — Шымкент, «Арай» салондар желісінің негізін салушы

18 жасқа дейін бизнес ашудың жолы және неліктен жастар интернетте ғана араласады


Жеке кәсібі жайында


Жасыма қарамастан, мен әрқашан биік белестерге жетуге талпынатынмын. Бұл тұқымға немесе ниетіме байланысты шығар. Туыстарымның көмегімен бизнеспен айналыса бастадым, 16 жасымда Шымкентте сұлулық салонын және той, кешкі көйлектер салонын аштым. Бүгінгі таңда бизнесім өсіп, дамып жатыр. Жастарға жетістікке жету үшін, рахатқа бөлейтін, әрі пайдалы жұмыспен айналысу маңызды.

Жастарға жетістікке жету үшін, рахатқа бөлейтін, әрі пайдалы жұмыспен айналысу маңызды


Біз алғашқы болып шілтер өндірмелі және ұзын сүйретпелі көйлектерді әкелдік. Барлық талғампаз қыздар салонымызда үздік италиялық және американдық брендтердегі, алуан түрлі түстердегі бірегей көйлектерді таба алады. Біз күн сайын кеңейіп, заманға сай дамуға тырысамыз. Жаңадан шыққан және әлем бойынша танымал болып табылатын көйлектерді әкелеміз, себебі клиенттеріміз ең сұлу қалыңдықтар болғанын қалаймыз.

18 жасқа дейін бизнес ашудың жолы және неліктен жастар интернетте ғана араласады


Елордаға көшу жайында


Мен мектепті Шымкентте бітірдім. Шымкент пен Алматы – әдемі қалалар, бірақ мен кішкентайымнан Астанаға ғашық болдым. Теледидар арқылы елорда туралы бейнероликтерді көрген кезде, осы қалаға келуді қаладым. Арманым орындалған кезде, мақсатым да айқындалды. Астана заманауи және жас қала, сол себепті осында көшіп келуді қаладым.

Мамандықты оңай таңдадым, кім болуды қалайтынымды білдім, бірақ қандай университетке түсерімді білдмедім. Сол себепті елордағы үздік университетті таңдадым. Бастапқыда жаңа атмосфераға үйреніп жүрдім. Кейін ата-анамды, туған қаламды сағындым. Бұл өзіндік сынақ болды. Мен өзімдігінен әрекет етуге, жауапты болуға дағдыландым.

18 жасқа дейін бизнес ашудың жолы және неліктен жастар интернетте ғана араласады

Университеттегі бір жыл көп өмірлік тәжірибе беріп, адамдарды ұғына білуді үйретті. Мен біреуге жағып, ұнаудан бас тарттым. Сол жылы көптеген нәрселерге деген көзқарасым өзгерді және өмірден нені қалайтынымды, не жайында армандайтынымды түсіндім. Сол кезде алдыма Алматыға көшу мақсатын қойдым. Биыл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не ауысып, «туризм» мамандығы бойынша оқимын.


Тәрбие жайында


Мен барлық нәрселердің құнын білемін және ата-анамның үмітін ақтауға тырысамын. Бизнесте барлығын өзім үйреніп жасадым. Жарнамалар жасап, көйлектердің әдемі суреттерін жасау үшін фотосессияларға баратынмын. Ақша табуды өзім үйрендім. Ол үшін өзімнің сырт келбетім, әдеттерім бойынша көп жұмыс жасаймын, үнемі дамуға және көп оқуға тырысамын.

Біздің отбасы 15 жыл бойы кәмпиттер мен піспенандар өндірісімен айналысып жатыр. Өткен жылы әртүрлі тәттілер мен кондитерлік өнімдерді өндіретін цехты іске қосу жоспарланды. Ата-анам мені отбасылық бизнеске тарту мақсатымен өздерімен бірге Германияға алып барды. Ата-анамның қолдауы және сенімі мен үшін өте маңызды. Сол сапар аясында мен үлкен тәжірибеге ие болдым.

Мен барлық нәрселердің құнын білемін және ата-анамның үмітін ақтауға тырысамын


Есейген сайын барлық нәрселерге басқаша қарайсың. Уақытты босқа кетіруге болмайтынын түсінесің. Және адамдарға ренжіп, көңіліңді түсіруге болмайды. Қиындықтарды еңсеріп, әрі қарай жылжу керек, мақсаттарды орындауға талпыну керек.

18 жасқа дейін бизнес ашудың жолы және неліктен жастар интернетте ғана араласады

Қағидалар жайында


Ешкімді тыңдама, әрдайым жеке пікірің, ойлар мен идеяларың болу керек. Адамдар айта береді, бірақ оларға көңіл аудармау керек.

Ата-анам барлық қуанышты сәттерді бағалауды үйретті. Қарапайым нәрселерге риза болсаң, өмір одан да көп жағымды тосын сыйлар жасайды.


Әуестері жайында


Мен тамақ әзірлеуді ұнатамын, Шымкентте аспаздық курстарға бардым. Психология тақырыбындағы кітаптарды оқуды ұнатамын. Биыл фортепианода ойнауды үйрендім.

18 жасқа дейін бизнес ашудың жолы және неліктен жастар интернетте ғана араласады

Мен отбасыда жалғыз қызбын, сол себепті ағаларыммен уақыт өткізуді жақсы көремін. Қанша жаста болмасам да, әрдайым балалық мінезімді сақтауға тырысамын.


Сәнге деген қатынасы


Сән саласында трендтер жайында хабардар болып, заманға сай болу керек. Біз анамызбен Екатеринбург қаласына барып, той көйлектерінің көрсетіліміне қатыстық. Мен үшін бұл сапар қызықты болды, себебі менің қызметім салонмен байланысты.

Бұның өзінде аутлеттерге барудан бас тартпаймын. Аутлеттерде көп таңдау ұсынылады, тұпнұсқадағы аяқ киімді арзан бағамен табуға болады.


Әлеуметтік желілер жайында


Instagram желісінде 15 жасымда тіркелдім. Адамдарды бақылаймын және 21 ғасырда өмір сүріп, екінші жұбыңды табуға, танысуға қиын болатыны көңілімді түсіреді. Қазірде шынайы ниетпен араласатын адамдар сирек кездеседі.

18 жасқа дейін бизнес ашудың жолы және неліктен жастар интернетте ғана араласады

Адамдар тек интернетте араласады. Мен шынайы достыққа, адамдардың адалдығына және берік қарым-қатынастарға сенемін. Әлеуметтік желілерге тәуелді болмай, уақытты бағалауды үйрену керек. Махаббат пен бақытты сыйлайтын достарды, туыстарды бағалау маңызды. Адамдар бір-біріне жағымды сөздерді айтуды қойды.


Шабыт жайында


Мені анам шабыттандырады. Анам – менің ең жақын құрбым және үлгі тұтатын адамым.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы