facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
15-zhasta-ekologiyany-or-au-men-zhas-yzdardy-oldau-zhobasyn-alay-ske-asyru-a-bolatyny-zhayynda
logo
15 жаста экологияны қорғау мен жас қыздарды қолдау жобасын қалай іске асыруға болатыны жайында

04.03.2019

15 жаста экологияны қорғау мен жас қыздарды қолдау жобасын қалай іске асыруға болатыны жайында

Еңлік Мекешева,туған қаласы — Алматы, 15 жаста, «Мирас» мектебінің студенті

DSC_7673.jpg


Идея жайында


Мен «Мирас» халықаралық мектебінде оқып жатырмын және біз орта буынды бітірген кезде жеке жобаларымызды дайындаймыз. Мен өзімінің жобам бойынша жұмысымды бәрінен кейін бастадым, себебі оқу бойынша Мәскеуде болдым. Тақырыпты таңдаған кезде, маған шығармашылық тақырыпта жасауға кеңес берді. Мектепте бізге жобаны жасап қана қоймай, өзімізді таныту мүмкіндігі беріледі.

Мені мазалап жүрген екі сұрақ болды. Мен өзім үшін жас қыздарды қолдайтын, әрі экология тақырыбына қатысты болатын жобаны таңдадым. Менің жобам сөмкені екінші рет қолдану және ерекше брендинг арқылы оларға жаңа өмір беру. Брендинг ретінде мен әйгілі әйелдердің уәждемелік дәйексөздерін жинадым.

Менің жобам феминизм және жыныстардың теңдігі жайында емес. Мен жас қыздардың өзін-өзі бағалау қасиеттерін арттыруды, олар қоғамның маңызды бөлігі болып табылатынын түсіндіруді қалаймын.

DSC_7681.jpg

Менің негіздемем – гардеробтағы сөмкелер және басқа да заттар қайтадан қолдануға жарамды болатынын жеткізу


Экология жайында


Менің екінші негіздемем – гардеробтағы сөмкелер және басқа да заттар қайтадан қолдануға жарамды болатынын жеткізу. Стэнфордтық және гарвардтық зерттеулеріне сәйкес, 2026 жылға қарай әлем барлық табиғи ресурстарынан айырылуы мүмкін. Және де мен бұл мәселені қазіргі уақытта шешу керек деп санаймын.

Гардеробымыздың әрбір заты былғарыдан, металдан, пластиктен, өңделген жүннен жасалған. Біз оны лақтырып тастаған кезде, бұл экологияға теріс әсер тигізеді. Бірақ адам бұның қаншалықты зиянды екенін ұғынбайды. Қазақстанда экожобалардың идеялары белсенді түрде дамып жатыр, бірақ елімізде ресурстарды қайта өңдеу бағыты дамымаған.

Ресурстарды екінші рет қайта пайдалануды қолдау үшін мен мектеп студенттері және өз туыстарымнан сөмкелерді жинадым. Бұл заттарға мен екінші рет дем беріп, жаңа өмір беремін. Бір ай бойы мектепте оқушылар мен мұғалімдер өздерінің заттарын әкеліп салу үшін қорап тұрды.

Мен сөмкелерді химчисткаға беремін, сол жерде оларды толықтай дезинфикациялаудан өткізеді. Содан кейін бірнеше кезеңде органикалық бояудан өткізіледі. Бұл бояулар ешқашан жуылып кетпейді, себебі арнайы лакпен бекітіліп қойылады. Материалдарды және арнайы бояуларды таңдау ұзақ уақытты алды. Нәтижесінде мен табиғи бояғыштарды тапсырыс бойынша Америка мен Мароккодан алдым.

Қазақстанда экожобалардың идеялары белсенді түрде дамып жатыр, бірақ елімізде ресурстарды қайта өңдеу бағыты дамымаған

DSC_7679.jpg

Жобаны іске асыру жайында


Қазіргі кезде брендинг, логотиптер және күшті сөз орамдары кеңінен таралған. Мен адамдарды қандай қаріптер қызықтыратыны, қандай түстер көбірек еліктіретіні бойынша зерттеу жүргіздім. Уәждемелік дәйексөздерді кеңге тарату үшін каллиграфия техникасын таңдадым. Мен Хилари Клинтон, Мишель Обама, Beyonce, Ксения Собчак сияқты әлемдегі мықты және шабыттандырушы әйелдерге, оған қоса Қазақстандағы танымал тұлғалар мен саясаттанушыларға жаздым. Поштаға сұрақтар жіберіп, менеджерлер арқылы олармен байланысқа шықтым.

Нәтижесінде жиналған дәйексөздерді қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде бейнеледім. Барлық сөздер тақырыпқа сай келді. Егер танымал адам жауап бере алмаса, мен оның дәйексөзін өлеңінен немесе өнерінен алдым. Бұл сөздер өсіп келе жатқан қыздарға бағытталған. Өзінің адамгершілігін сезу қасиетін, өзіне деген сенімділік пен табандылықты бала кезден дамыту керек деп санаймын.

Бұл сөздер өсіп келе жатқан қыздарға бағытталған

DSC_7690.jpg

Өнімнің бағасын белгілеп қою үшін, мен бизнес-менеджмент мұғалімімен кеңестім. Әрбір сөмкенің құны бастапқы материалы мен шебердің жұмысына байланысты есептелінді. Қазіргі кезде ең арзан сөмке 6500 теңге, ал ең қымбаты шамамен 60 000 теңге тұрады. Мен сегіз сөмкені сатып үлгердім және сату үшін Instagram парақшаны іске қосып жатырмын. Осындай бірегей тауарға тапсырыс беруді қалайтын сатып алушылар бар. Барлық түскен қаражат «Үміт» дағдарыс орталығының қорына кетеді.

Жеке жобалардың көрмесінде алғашқы сатып алушылар ретінде туыстар, достар және сыныптастар болды. Әрбір адам өзі, қызы және анасы үшін сай келетін затты тапты. Қазірде тапсырыстар жалғасып жатыр, себебі ұлдар сөмкелерді сыйлық ретінде 8 наурызға арнайы алуды қалайды. Мен материалдарды әлі жинап жатырмын, жақында бояулардың екінші партиясына тапсырыс бердім. Біздің жобамыз өз мәресіне жетіп жатыр, бірақ мен бәрібір бұл іспен айналысып жатырмын, себебі оны қызықты деп санаймын.

DSC_7717.jpg


Жоспарлар жайында


Жоба мектептің шегінен шығып, үлкен нәрсе ретінде жетіліп жатыр.

Көрмеден кейін, қонақтар мен сатып алушылар бұл дамытуға болатын жақсы коммерциялық идея екенін айтты. Кепкені, мойынорағышты немесе бас киімді алып, оларға жаңа өмір беруге болады. Мен бұл идеяны мектептен тыс жерде дамытып, тіпті бұл іс арқылы табыс таба аламын деп санаймын. Мен бұл идеямен білім беретін және қайырымдылық қорлармен бөлісе аламын, себебі олар үшін бұл өзекті және қызықты болады.

DSC_7692.jpg

Менің жасымда әдетте өмірде немен айналысуды қалайтындарын шешеді. Бұл жоба менің болашақта немен айналысқым келетінім, басқа адамдарға көмектеуді қалайтыным жайында нақты түсінік берді. Бұл жоба маған тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік берді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері
Стильді киінетін 10 танымал қазақстандықтар
Стильді киінетін 10 танымал қазақстандықтар
«Басты қағидат — өзіңмен өзің бол», — Әсел Машанова жеке құндылықтары және өз ісі туралы
«Басты қағидат — өзіңмен өзің бол», — Әсел Машанова жеке құндылықтары және өз ісі туралы
Мұқағали Мақатаевтың нақыл сөздері
Мұқағали Мақатаевтың нақыл сөздері
Нетворкингті қайда іздеуге болады: мамыр айындағы Қазақстандағы 10 керемет шара
Нетворкингті қайда іздеуге болады: мамыр айындағы Қазақстандағы 10 керемет шара