Айыппұлдар бойынша жеңілдіктер:
2. Жолаушылардың полицияның рұқсатынсыз автокөліктен шығуына салынатын айыппұл алынып тасталды. Автокөліктен шығуға енді заңды түрде рұқсат берілді.
Жазаны қатаңдату:
2. Қарсы жолаққа шығу деп енді тек «қарсы » қозғалыс емес, тұтас жолақтан бұрылу және кері бұрылу да солай саналатын болады. Бұған дейін бұл тек айыппұл төленуі керек белгі талаптарын бұзу болып саналған
3. Мас күйінде көлікті басқарғаны үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жүргізушіні куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін көбейтілді.
«Беделді нөмірлерді» беру
Мемлекеттік баж салығын көбейту көзделген мемлекеттік тіркеу нөмірлері белгілерінің тізімі кеңейтілді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
— 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік нөмірлеріне – 5 700 пайыз;
— әріптік белгіленуі бірдей (АА), ВВВ (ВВ), ССС (СС), ZZZ (ZZ) таңбаларға – 5 700 пайыз;
— әріптік белгіленуі бірдей, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлерге – 28 500 пайыз;
— әріптік белгіленуі бірдей, 100, 111, 200,..., 999 мемлекеттік тіркеу нөмірін бергенi үшiн – 19 700 пайыз;
— әріптік белгіленуі бірдей, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлеріне – 11 400 пайыз.
Дереккөз: zakon.kz