Аквапарк туралы
Ailand отбасылық демалыс орталығының аквапаркі — бұл Астана қаласындағы жалғыз шатыры жабық аквапарк, жалпы алаңы 8500 шаршы метрден асады, 1500-ден аса келушілерге есептелген. Ол екі қабатта орналасқан және лифтілермен және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған. Аквапаркте «жылы еден» және климатты-бақылау жүйелері орналасқан. Бассейндегі судың температурасы шамамен 30-32 градус.
Орыс моншасы бар әйелдерге және ер адамдарға арналған шешіну бөлмелері екі қабатта да орналасқан.
Екінші қабатта түрік хамамы, финдік хауыз және инфрақызыл, массаж кабинеттері мен «ылғалды» фуд-корт бар
Бірінші қабатта аквапарктің периметрі бойынша суда босаңсып жатуға арналған « самарқау» өзені ағып жатыр. Сонымен қатар, екі бассейн бар, олардың біреуі ересектер мен балаларға арналған толқынды.
Кешен аумағында үлкен балалар алаңы және ойын-сауық бағдарламалармен балалардың көңіл-күйін көтеретін аниматорлардың шығуына арналған сахна орналасқан. Сонымен қатар, жүзуге арналған тауарлар мен балалар ойыншықтарының үлкен ассортименттері бар шағын дүкенді де таба аласыз.
Аттракциондар туралы
Ойын-сауық түрлерінен габариттері мен сумен сырғанап түсудің күрделілігі бойынша ерекшеленетін фонтандар және жеті төбешік бар, олардың әрқайсысында келушілерді жіберіп, қарсы алуға көмектесетін екі құтқарушыдан жұмыс істейді.
Аттракциондар ішінде «Торнадо», түсу уақытына жарысуға арналған төбешік, шұңқырлы төбешік және қос төбешік бар
Түсу биіктігі екі метрден он метрге дейінгі аралықта. Түсу кезіндегі жылдамдық секундына 15 метрге дейін жетеді. Бассейн тереңдігі 90 сантиметрен 1,8 метрге дейін.

Ailand отбасылық демалыс Орталығының аквапаркіне
Кіру бағасы:
Жай күндері ересектерге 3 сағатқа/күні бойы — 7500 тг / 9000 тг
Жай күндері балаларға және жеңілдікпен 3 сағатқа/ күні бойы — 5500 тг / 6500 тг
Демалыс күндері ересектерге 3 сағатқа/ күні бойы — 8500 тг / 10 000 тг
Демалыс күндері балаларға 3 сағатқа/ күні бойы — 6500 тг / 8500 тг
Демалыс күндері ұсынылатын жеңілдіктер 3 сағатқа/ күні бойы — 6500 тг / 7500 тг
Ашылу салтанатына орай қыркүйек айының аяғына дейін кіруге барлығына 20% жеңілдік қарастырылған. Зейнеткерлер, студенттер, ЧАЭС апатын жоюға қатысқандар және Ауғаныстан соғысының ардагерлері растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда жеңілдікпен берілетін билетті ала алады.
Жұмыс режимі: ДС-ЖС 10:30 — 22:30
Байланыстары: 242 222