facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zha-a-zh-ldyz-zhanel-ser-azinany-akterl-k-mansaby-turaly
logo
Жаңа жұлдыз. Жанель Серғазинаның актерлік мансабы туралы
Главный (каз)

28.03.2023

Жаңа жұлдыз. Жанель Серғазинаның актерлік мансабы туралы

Біз қазақстандық актрисамен танысып, қазақ тіліне деген трендке қалай қарайтынын, өнер жолын қалай бастағаны туралы білдік.


Жанель Сергазина, 33 жаста, Алматы каласы, театр және кино актрисасы, @zhanelsergazina

Жанель С

Өзі туралы

Мен бес жылдан астам кішкентай балаларға актерлік шеберліктен сабақ беремін. Былтырдан бастап өзімнің авторлық актерлік курсымды өткіземін. Turan Film Academy-да өзімнің «Актеры театра и кино» бойынша сабақ беремін.

Мен кішкентай кезімде «Минстерство культуры» жатақханасында тұрғанмын. Үнемі әртістердің, бишілердің, музыканттардың ортасында жүретінмін. Сол әртістерді көріп, актриса болу менің арманыма айналды. Мен әрдайым сахнанның артында жүретінмін — репортаж съемкаларға, әртүрлі премьераларға барып, сол жақта өнер көрсетсем ғой дейтінмін.

Шығармашылығы туралы

Менің алғашқы жобам — Жанар Айжановамен түсірілген «Отбасы» хикаясы. Сонда біз үш күнде он бөлімді түсіріп тастағанбыз. Үйренейін деп тегін түскенмін.

Осы шыққан «Няня» хикаясы есте қаларлықтай болды. Себебі біз оны екі жарым айдай түсірдік — 18 шілдеден 29 тамызға дейін. Түсірілім қиын болды, бірақ, соған қарамастан, бұл — ең сүйікті жобам.

Жанель С

Осы уақыт ішінде біздің кино саламызда сапа жетіспеді. Мен шетелде көрсетуге ұялмайтын сапалы жобалар болғанын қатты қаладым. Соңғы екі-үш жылда біраз дамыған кинематографиямызды қазір мақтан тұтамын.

Осындай жаңа сапаны жас режиссерлер жасады. Мұндай тұлғалармен біздің кино саламыз дами береді.

Жанель С

Қазіргі жас режиссерлер сапалы контент жасайды және біреудің пікіріне қарамайды. Мен барлық жас режиссерлермен — Айтөре, Берік Жаханов, Әлішер Утев, Айсұлтан Сейітовпен жұмыс істегім келеді. Сонымен қатар бізде жақсы актерлер де бар.

Қазақстандық жастардың мүмкіндіктері туралы

Қазіргі жастарда өте көп мүмкіндік бар.

Жанель С

Интернет көп көмектеседі, тек оны дұрыс қолдана білу керек.

Қазақ тіліне деген тренд туралы

Мен Еңліктің, Мирас Жүгінісовтің әндерін жақсы көремін. Қазір қазақ тіліне деген тренд толқыны киноға, актерлер мен әншілерге де әсер етті. Олар тіл мен мәдениетті жақсы насихаттайды. Мен мұны мақтан тұтамын.

Жанель С

Ақыл-кеңесі

Өмірден ләззат алыңыз. Саяхаттаңыз және әрқашан өзіңізді дамытып отырыңыз. Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды құрметтеңіз.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.