Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zho-ary-b-l-ms-z-2-tabysty-kompaniyany-alay-ashu-a-bolady
Жоғары білімсіз 2 табысты компанияны қалай ашуға болады
2163

04.04.2019

Жоғары білімсіз 2 табысты компанияны қалай ашуға болады

Қанат Раушанов, 27 жаста, туған қаласы ― Орал, кәсіпкер

WhatsApp Image 2019-04-02 at 15.10.40 (1).jpeg


Өзі жайында


Мен 2009 жылы мектепті бітіріп, әрі қарай оқу үшін Малайзияға кеттім. Сол жерде тілдік курстарда бір жыл оқып шықтым, бірақ қаржы жағдайының қиындағанына байланысты оқуымды тоқтатып, Қазақстанға оралдым.

Туған қалам Оралға қайтып келгесін, «Еуразия Институтына» түстім және жұмысқа орналастым. Кейін 18 жасыма толар-толмастан Атырауға келдім. Атырауда жүк тиеушіден бастап менеджерге дейін көп қызметтерді атқарып шықтым. Бұл 2014 жылға дейін жалғасты, кейін мен жеке кәсібімді ашуды шештім.

Диплом – кәсіби жарамдылықтың абсолютті көрсеткіші емес


Нәтижесінде мен орта білім беретін екі оқу орнын бітіріп, жоғары білімді алған жоқпын. Бірақ мен одан ұялмаймын. Диплом – кәсіби жарамдылықтың абсолютті көрсеткіші емес.


Кәсібінің бастамасы


Мен бес әртүрлі бизнес-жобаларды жасап көрдім, бірақ біреуін ғана сата алдым.

2014 жылы мен NOMAD SYNERGY компаниясын тіркедім. Сол кезде Атырауда «Даму» қоры оқу тренингтерін өткізетін және көптеген жас кәсіпкерлер бизнесті дамыту үшін қарыз алатын. Мен компанияны сауда-өнеркәсіптік консалтинг саласында аштым, бірақ аталмыш саланың қиындықтары көп болғандықтан, бұл идея көбіне ұнаған жоқ. Инвесторлардың басым бөлігі және «Даму» қоры бұл жобаға қаражат салуға дайын болмады, сол себепті біз кәсібімізді өзіміз ақырындап дамыттық.

WhatsApp Image 2019-04-02 at 15.10.39.jpeg

2015 жылы мен өзімнің қазіргі серіктесім – Абзал Артықбаевты кезіктірдім. Ол Шымкенттің тумасы, мемлекеттік қызмет бойынша Атырауда жұмыс істеді. Абзал – тендерлік бизнес пен жабдықтау саласының маманы.

Мен оған мұнайгаздық компанияларды жабдықтайтын компанияны ашу ойымен бөлістім, ал ол тендерлік бизнес саласына әртүрлі операцияларды қолдаумен айналысуды қалады. Сол кезде білім беретін курстар мен тренингтер болған жоқ және нарық бос болды.


NOMAD SYNERGY және Nomad Consulting


NOMAD SYNERGY компаниясы мұнайгаздық компанияларды жабдықтаумен айналысады, яғни біз құрылыс, жөндеу жұмыстары немесе қызмет көрсету үшін қажетті және жасақтаушы жабдықтауларды жеткіземіз. Біз жергілікті нарыққа бағытталдық – бұл Атыраудағы, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы кен орындар. Келешекте кеңейіп, Қазақстанның оңтүстік аймақтарын қамтуды жоспарлаймыз.

Компаниямыздың ерекшелігі – тапсырыстарды өңдеудің жылдамдығы. Біз өтінімдерді өңдеп, тауарды 24 сағаттың ішінде жеткіземіз.

WhatsApp Image 2019-04-02 at 15.10.40 (2).jpeg

Біздің компаниямызда он адам жұмыс істейді. Бұл кездейсоқ сан емес, біз алыптықтың фанаттары емеспіз және қызметкерлерді орташа көлемде ұстауға тырысамыз. Дегенмен әрбір қызметкерден жұмысын 100 % орындайтын жоғары дәрежелі маманды қалыптастыруға тырысамыз. Сонымен қатар біз қызметімізді цифрландыра алатын көптеген бірегей бағдарламаларды қолданамыз.

Бізбен тұрақты түрде Қазақстаннан және басқа елдерден 45 компания жұмыс жасайды, бұдан бөлек бізге шығыс материалға немесе жабдыққа бір рет тапсырыс беру үшін хабарласады.

Nomad Consulting компаниясын құру менің серіктесім Абзалдың идеясы. Біз бір-бірін толықтыратын екі жобаны жүзеге асырдық.


Қиындықтар жайында


Сауда саласы әрқашан айтып белгісіз жағдайларға толы, әрі бәсекеге қабілетті нарық болатын. Әрине, біздің ісіміз қыл үстінде тұрған сәттер де болды, бірақ біз қиындықтарды еңсере білдік.

Дегенмен барлығы жоспардан тыс болатын кездер болады. Бізде қолғаптарды жеткізу тапсырысы болды. Біз қажетті тауарды Қытайдан тауып, тапсырысты алдық. Мерзім бойынша біз тауарды бір айдың ішінде жеткізуіміз керек, бірақ қолғаптар тек бес айдан кейін келді. Осы уақыт аралығында біз тапсырыс берушіні сабырлыққа шақыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаландық, барлық қоңырауларға жауап беріп, кездесулерге баратынбыз. Бес айдан кейін қолғаптар келді, олар балаларға арналған болып шықты. Біз бәрі де бітті деп ойладық, бірақ Nomad Consulting тапсырыс берушіні басқа іс бойынша құтқарып, бізге көмектесті. Қазірде біз тапсырыс берушімен достық қарым-қатынастамыз және ол біздің тұрақты клиентіміз.

Тәуекелдерден қорықпау керек, олар кез-келген бизнесте орын алады

Тәуекелдерден қорықпау керек, олар кез-келген бизнесте орын алады. Бастысы – олармен жұмыс істей білу.


Қала жайында


Атырау – Жер бетіндегі ең жақсы қала. Мен көптеген елдер мен қалаларда болдым, бірақ Атырау ерекше қала. Осында ғана өз мақсаттарың мен армандарыңды максималды түрде жүзеге асыруға болады.

Атырау – мемлекеттік қызметкер ретінде де, кәсіпкер ретінде де дамып жетілуге мүмкіндік беретін тамаша трамплин.

Біздің қаламыз ықшамды, бұл маған ұнайды. Мен қаланың ішіндегі кез-келген орынға дейін 20 минуттің ішінде ешбір қиындықсыз жете аламын.

Атыраулықтар – адал, ашық және сөз тауып, бәрін бетіңізге айтуды жөн көретін турашыл адамдар.


Жоспарлар жайында


Биыл бізде үш мақсат бар. Біз жүк тасымалдаумен айналысатын Shuttle Express ЖШС аштық. Атырау – Теңгіз, Теңгіз – Атырау бағыттары бойынша күнделікті жүк машиналарының маршрутын жолға қоюды қалаймыз.

WhatsApp Image 2019-04-02 at 15.10.40.jpeg

Сонымен қатар Пәкістанда қолғаптарды шығаратын жеке өндірісіміз бар, бірақ біз оны Қазақстанға көшіріп әкелуді жоспарлаймыз.

Толықтай цифрлық қызмет көрсетуге көшкіміз келеді.

Мен MIT оқу орнына түсуді жоспарлап жатырмын, себебі оның қашықтықта оқуға арналған ыңғайлы платформасы бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

Подписаться

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.