Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
yelder-biznes-g-lder-italiyaly-r-msh-k-zh-ne-aza-standy-baldy-satyp-alu-a-bolatyn-syyly-tar-d-ken-n-alay-ashu-a-bolatyny-zhayynda
Әйелдер бизнесі. Гүлдер, италиялық ірімшік және қазақстандық балды сатып алуға болатын сыйлықтар дүкенін қалай ашуға болатыны жайында
3986

26.02.2019

Әйелдер бизнесі. Гүлдер, италиялық ірімшік және қазақстандық балды сатып алуға болатын сыйлықтар дүкенін қалай ашуға болатыны жайында

IMG_1256.jpg

Гаухар Алекенова, 36 жаста, туған қаласы — Ақтөбе, Flover дүкенінің негізін салушы


Бәрі қалай басталды


Мен кішкентай кезімнен айналамда көп гүлдерді көріп өстім. Менің әкем үйдің айналасында өскен раушан гүлінің әртүрлі сұрыптарын жинайтын. Ол гүлдерді будандастырып, барып жүрген барлық жерлерден жинап алып келетін. Ал анам жүзімдерді жинайтын: қызыл, қара, жасыл, сүйектері бар және сүйектерсіз. Сол себепті айналамның барлығы гүлденіп, аңқып тұратыны қалыпты жағдай. Біз отбасымызбен Ақтөбеден Астанаға көшкеннен кейін, менде осы жерде туған үйімде сияқты гүл бағын жасап шығару арманы пайда болды.

IMG_1131.jpg

IMG_1201.jpg

Мен 2013 жылы сыйлықтарды безендіру мен шоқ гүлдерді жинаумен айналыса бастадым. Қай жерде оқуға болатыны жайында біліп, Ресейде үлкен тәжірибесі бар қызды тауып алдым. Маған оның ерекше бағыты ұнады – ол барлығын биоматериалдардан жасайды және мен одан үйрене бастадым, 2,5 курстан өтіп, енді осының барлығын басқа қырынан танып жатырмын. Мен Instagram парақшамды іске қостым және бір ай ішінде оны дамытқаным соншалық, телефоным маза бермеді. Барлық адамдарға менің шоқ гүлдерім ұнады, мен көп пікірлерге ие болдым. Сол кезде мен үйде жұмыс істейтінмін, бұл менің хоббиім еді. Барлығы бір-екі шағын шоқ гүлдерден басталды, ал 8 наурыздың алдында мен үш тәулік ұйықтаған жоқпын. Сол кезден кейін мен кішкене демалуды қаладым және біраз уақыт гүлдермен айналысқан жоқпын, бірақ маған гүлдерсіз қиын екенін және бұл мен айналысуды қалайтын іс екенін түсіндім. Жұбайым мені қолдады және мен Flover сыйлықтар дүкенін аштым.


Flover деген не


IMG_1141.jpg

Flover — бұл менің арманым, бұл сіздің керемет сыйлық жасауыңыз үшін барлық нәрселер табылатын бөлме. Бұл гүлдер, шараптар, дәмді кешкі ас үшін қажетті азық-түліктердің салоны. Біз кез-келген сыйлықты жасап бере аламыз: қарапайым шоқ гүлінен бастап сыйға берілетін себетке дейін. Бізде ауруханадан шығарған кезде, туған күндерге, кәсіби мейрамдарға арналған сыйлықтар алады.


Сыйлықтар жайында


Біздің дүкенімізде сыйлықтарды гүлдерден, үй өсімдіктерінен, шараптардан, Италиядан әкелінген азық-түліктерден, оған қоса қазақстандық шоколад пен балдан құрып жасауға болады.

IMG_1217.jpg

IMG_1157.jpg

Мен біздің дүкенімізде ерекше және жаңа гүлдердің болғанын қадағалаймын. Мысалы, бізде сирек кездесетін орхидея бар, оған үш адам кезекте тұрады және атуриум, шоколад гүл шоғыры бар «ер адам бақыты». Оған қоса сіз маранта өсімдігін таба аласыз, оны халық арасында «тілекші гүлі» деп атайды, себебі кешкі уақытта ол өздерінің жапырақтарын көтереді және осылайша ол сыйынып отыратыны тәрізді болады. Сонымен қатар бізде кез-келген салонда табуға болмайтын сәлдегүлі және фрезиялар бар.

IMG_1168.jpg

IMG_1171.jpg

Оған қоса сыйлық ретінде мен сүмбілді ыдысқа отырғызып бере аламын, өсімдік гүлденгеннен кейін, оны пайдалануға болады. Мысалы, әріптесіңізді қуантуды қаласаңыз, өсімдікті шыны-аяққа отырғызуға болады, ал құрбыңыз үшін салат салатын ыдысқа отырғызып беруге болады.

IMG_1238.jpg

IMG_1105.jpg

Өз қолыңызбен италиялық азық-түліктерден әзірленген кешкі ас керемет сыйлық бола алады. Мысалы, романтикалық кешкі ас үшін жиі сыйлық ретінде макарондарды, тұздықтарды, шарап, ірімшік, бал және шоколад алады. Біз өзіміздің тау гүлдерінен жиналған қазақстандық балымызды сатамыз. Оны жиі түрде зеңді ірімшікке қосып алады. Ал ірімшіктер бізде француз және итальяндық болып келеді: моцарелла, пармезан, рикотта, трюфельмен және шарап ішінде піскен қызыл ірімшік. Оған қоса атмосфераны жасау үшін біз раушан гүлдің күлтелерін бере аламыз.

IMG_1126.jpg

Ер адамдар үшін, әрине, қымбат шарап керемет сыйлық болып табылады, бірақ сонымен қатар біз шоқ гүлдерін жинап бере аламыз, ер адам үшін арнайы үй өсімдігін таңдап бере аламыз. Ал себетке шараптармен қоса анчоусты, сортікенді, дәмді балықты салып бере аламыз.

Шетелге баратын қазақстандықтар өздерімен бірге қазақстандық коньяк, бал және шоколадты алып кетеді.

Flover-де ең арзан гүл 1500 теңге тұрады, ал 2000 теңгеге итальяндық шарап алуға болады. Демек осындай жинақты 3500 теңгеге алуға болады. Ал, мысалы, қымбат себет шамамен 100 000 теңге тұрады, біз оның ішіне шараптан бөлек, дәмді кешкі ас үшін барлық азық-түліктерді саламыз.

Егер сіз Жаңа жылға не сыйлауға болатынын білмесеңіз, біз адамның сыйлықты өзі таңдап алуы үшін 5000 теңгеден бастап 50 000 теңгеге дейін сыйға берілетін сертификаттарды дайындап бере аламыз.


Ерекшеліктер жайында


IMG_1325.jpg

Flover дүкенінде біз сізге кеңес береміз және сізді бұндай маңызды таңдаумен жалғыз қалдырмаймыз. Себебі біз клиенттеріміздің ойластырылған және жақсы сыйлықтар сыйлағанын қалаймыз. Мен өсімдіктер мен гүлдер бойынша: қандай өсімдік пен гүлді таңдағаны жөн болатынынан бастап, оған қалай күтім жасау керектігіне дейін кеңес бере аламын. Уақыты келген кезде, басқа жерге отырғызып бере аламын. Ал сомелье шарапты таңдауға көмектесіп, оны қалай және немен ішу керектігі жайында кеңес береді.

Гүлдеріміз ашық сауытта орналасатыны біздің тағы бір ерекшелігіміз болып табылады. Осылайша клиенттер судың таза екенін көре алады. Себебі біз суды күн сайын ауыстырып отырамыз және оған дәрумендер қосып отырамыз.

Ең басты ерекшелік – менің барлығын махаббатпен істейтінімде. Маған айналысып жатқан ісім ұнайды, бұл менің сүйікті жұмысым. Гүлді алушыны бақытты қылу үшін, мен барлық шоқ гүлдерін өзім жинаймын.


Клиенттер жайында


Біздің клиенттеріміз керемет, олардың барлығы мейірімді және табысты адамдар. Олар бізге келген кезде, өздері жайында шағын әңгіме айтып береді.

IMG_1281.jpg

Біздің клиенттеріміз – әртүрлі жастағы ер адамдар мен әйелдер. Жақында бізге өз әйелімен танысқанына 37 жыл толғанын тойлау үшін гүлдер себетін жинаған ер адам келді. Бірнеше күннен кейін олар немерелі болды және олар біздің дүкенімізге бірге келді. Тағы да бір клиент тоғыз жастағы бала еді. Ол келіп, 400 теңге ғана барын және ол анасына гүл әпергісі келетінін айтты. Менде бір раушан гүлдің бағасы 400 теңге тұрады. Мен оған үш раушан гүлін сыйға беріп, оны безендіріп, анасына жібердім. Содан кейін ол тағы келіп, орхидеяны сатып алды. Оған қоса ер адам өзінің немересі үшін гүлдер алған болатын, біз балаларға арнап көбелектері және әртүрлі жапсырмалары бар шоқ гүлдерді жинаймыз.

Менің клиенттерім қайта келіп, әрқашан алғыс айтып отырады.


Жоспарлар жайында


Жаңа жылға мен ұяшықтары, ойыншықтары, аяз аталары бар шыршалардың композициясын дайындаймын.

Жаңа жылдан кейін мен Астананың нарығына тек табиғи материалдардан жасалған композицияларды шығарғым келеді. Еуропада бұрыннан бері қағазбен ғана қаптайды.

Жоспарымда – Астана және Қазақстанның басқа ірі қалаларында дүкендер желісін ашу.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

Подписаться

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.