Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
biopaketterd-nd-r-s-zh-ne-olardy-astanany-ay-zher-nde-satyp-alu-a-bolatyny-zhayynda
Биопакеттердің өндірісі және оларды Астананың қай жерінде сатып алуға болатыны жайында
3137

16.01.2019

Биопакеттердің өндірісі және оларды Астананың қай жерінде сатып алуға болатыны жайында

Мирас Аббасов, 40 жаста, туған қаласы — Алматы, «Эко Продактс Групп» ЖШС техникалық директоры, biopack.kz

20181121-WED_6557.jpg


Бәрі қалай басталды


Бұл идея маған 2003 жылы Астанаға көшіп келген кезде келді. Бұл ұшатын пакеттердің қаласы еді. Мен Алматыда өстім және қалада ешқашан сонша қоқысты көрген жоқпын. Күзде, адамдар табиғатқа шыққан кезде, ағаш бұтақтарында полиэтилен пакеттері болды. Сол кезден бастап мен бұл тақырыпты, басқа елдердің тәжірибелерін зерттей бастадым. 2014 жылы бұл идеяны жүзеге асырумен айналыстым. 2016 жылға қарай өз қаражатым таусылып, инвестор достарымды қатыстыруға тура келді. 2016 жылдың сәуір айынан бастап біз Астанада ойдағыдай жұмыс істеп жатырмыз.

Бұл ұшатын пакеттердің қаласы еді



Өндіріс жайында


ТМД-ның барлық елдерінде осыған ұқсас өндіріс жоқ. Биопакеттер құрамында өсімдік шикізатының болуымен ерекшеленеді. Біз шикізатты Испания, Германия және Франциядан алып келеміз. Құрамы – түрлендірілген картоп крахмалы, жүгеріден алынған полисүтті қышқылы, целлюлоза ацетаты және пластификатор. Өндіріс цехында айына бес миллион өнім шығаратын бағыт бар. Бірінші кезеңде түйіршіктер қыздырылып, қамырға айналады. Кейін қамыр созылады, бумаларға оралып, қабықша пайда болады. Одан кейін логотип түсіреміз де, соңғы кезеңге – өнім түбінің, тұтқаның тігісін құру деңгейіне жіберіледі. Қоғамдық тамақтану үшін қолғап жасайтын бөлек қондырғымыз бар.

20181121-WED_6514.jpg

20181121-WED_6496.jpg

Біздің штатымызда шамамен он адам бар. Оған қоса біз өзімізді әлеуметтік жоба ретінде танытамыз, себебі бізде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарындағы адамдар қызмет етеді. Біздің цехта тәулік бойы жұмыс істейтін полиэтилен өндіретін өндірістердегідей үлкен жұмысбастылық жоқ.

20181121-WED_6562.jpg

20181121-WED_6498.jpg

Біз әртүрлі пішін мен мөлшердегі бөлшектеп өлшеу қаптамаларын, пакеттерді, қоқысқа арналған қаптарды, медицина қалдықтарын жоюға арналған қаптарды, бөтелке, киім және азық-түліктерге арналған қаптамаларды өндіреміз. Әрбір тапсырыс жекелей саналады. Бағасы таралымға, түске, көлемі мен жиілігіне байланысты.

Біздің компаниямызда фирмалық стильде және компания логотипімен биоыдыратылатын пакеттерге тапсырыс беруге болады


20181121-WED_6504.jpg

Біз b2b сайты арқылы жұмыс жасаймыз, оған қоса өнімдерімізді Kenmart, Galmart, «Рамстор» дүкендерінде сатып алуға болады. Жақында А2, «Вкусмарт» және «Анварға» жеткізілімдер болады.

Биопакеттердің артықшылығы жайында


Бұл өнім екінші рет қайта жасап шығарусыз, өртеусіз ыдыратылады және 100 күн ішінде органикалық қалдықтармен компостерленеді. Азық-тұлік өнімдерін сақтаған кезде пакеттер токсиндерді бөлмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кез-келген қабықша түріндегі немесе бір реттік ыдыс ретіндегі пластик денсаулық үшін зиянды заттар бөлетінін дәлелдеді. Полиэтилен пакеті табиғатта ыдыратылмайды. Барлық өндірілген полиэтилен және пластик ешқайда жоғалмайды. Бірақ оның артықшылығы оның арзан, қолжетімді, ыңғайлы болуында. Әдеттегі полиэтиленнің килограммы 600 теңге тұрса, біздің шикізатымыз шамамен 3000 теңге тұрады.

Полиэтилен пакеті және пластик мұнайдан өндіріледі. Мұнай бір күні бітеді, сол себепті бүкіл әлем бұл технологиядан кетіп жатыр. Біздің мемлекетіміз де артта қалмай, жасыл экономикаға көшуде.

20181121-WED_6522.jpg


Экологиялық өмір салты жайында


Ең жиі қолданылатын пакеттің бағасы 40 теңге. Еуропада бұндай пакет екі есе қымбат тұрады. Біз полиэтиленге қарағанда қымбаттырақ болсақ та, қағаз пакеттеріне қарағанда арзанбыз.

Пакетті 40 теңгеге алған жақсырақ, есесіне адам оның экология үшін пайдалы және денсаулық үшін зиянсыз екенін біледі


Бизнестің, ритейлдің көбісі полиэтиленді қолданады, себебі ол арзан және экологияның мәселелері оларды қызықтырмайды. Әлеуметтік жауапкершілігі бар адамдар саусақпен санарлық. Кәсіпкерлердің айтуынша оларды заңмен мәжбүрлемегенше, олар экологиялық қаптамаға көшпейді. Біз үшйнші жыл жұмыс істеп жатырмыз, клиенттер саны артып келеді. Негізінен бұл органикалық тамақтану, фастфуд, органикалық косметика, дәріханалар желісі саласындағы шағын немесе орта бизнес өкілдері. Ірі компаниялар да ақырындап экологиялық пакеттерге көшіп жатыр. Планетаны және қоршаған ортаны қорғау күнінде ERG 50 000 пакеттерді сатып алып, қаланың супермаркеттеріне тегін таратты. БҰҰ тарапынан «пластикпен ластаумен күрес» хештегі енгізілді және биылғы жыл пластиктан баст тарту жылы, себебі бұл планеталық көлемдегі мәселе болып табылады.

20181121-WED_6530.jpg

Жұмыс істеп жатқан уақыттың ішінде біз қала әкімдігімен бірігіп көп акциялар өткіздік. Өткен жылдың желтоқсан айында «қағаз, шүберек және биопакеттер пайдасына пластиктан бас тарт» қалалық акцияға қатыстық. Павлодар облысы өздерінің азық-түлік жәрмеңкесіне біздің биопакеттерімізге тапсырыс берді. ЕХРО көрмесі кезінде кәдейсылық дүкендерінде биопакеттеріміз тегін таратылды.

1 қаңтардан бастап Galmart полиэтиленнен бас тартып, кассаларында біздің пакеттерімізді сататын болады. Жақын арада Magnum да экологиялық қаптамаға ауысатын болады.

Тұрақты жеке тапсырыстар да бар. Бізде ұзақ уақыт Германияда тұрған және биопакеттерді қолдануға үйреніп қалған бір клиентіміз бар. Қазақстанға оралғасын, шетелге тапсырыс беруге мәжбүр болды. Бірақ біздің компаниямыз жайында білген кезде, қазақстандық өнімді пайдалана бастады. Клиенттердің көбісі пакеттерден қуырылған бауырсақтың иісі шығады деп қалжыңдайды. Негізінде құрамында қуырылған май бар, сол себепті сондай иіс шығады.


Жоспарлар жайында


Мәскеу, Новосібір, Украина және Грузия бізге үлкен қызығушылық танытып жатыр. 1 қарашадан бастап пластиктан бас тарту бойынша үлкен мемлекеттік бағдарлама жүргізіліп жатыр. Ресейдің көптеген супермаркеттері келесі жылдан бастап қағаз пакеттерге ауысады. Және де супермаркеттер бізді жеткізуші ретінде қарастырып жатыр.

Біз кеңейтілуді жоспарлап жатырмыз. Өткен жылы Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығын құрдық. Бұл қауымдастықтың құрылуының арқасында Қазақстан қалаларындағы барлық экологиялық ұйымдары бірікті. Біз ұзақ уақыт шешімін таба алмаған сұрақтар бүгінде тезірек талқыланады. Келесі жылы Қазақстанда жаңа экологиялық кодекс қабылданады. Сол кодексте біздің қалаған нәрселеріміз есепке алынады деп үміттенеміз. Біз Еуропаның тәжірибесі бойынша жұмыс жасауды ұсынамыз, бірінша қадам – полиэтилен пакеттерін таратудан бас тарту. Кезең-кезеңмен бес-жеті жылдан кейін, өзіміздің шикізатымыз Қазақстанда өңделетін кезде, біз полиэтиленнен толықтай бас тарта аламыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

Подписаться

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.