Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/982/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/9822dc86385f3e3321d55f156c8f65aa.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
adilet-au-anbaev-aza-standa-au-ymdy-forumdardy-tk-zu-zhayly
Адилет Ауғанбаев Қазақстанда ауқымды форумдарды өткізу жайлы
1577

Адилет Ауғанбаев

31 жаста, туған жері — Алматы, кәсіпкер, 
@auganbayev

24.01.2020

Адилет Ауғанбаев Қазақстанда ауқымды форумдарды өткізу жайлы


Барлығы қалай басталды


Мен кәсіпкер боламын деп ойлаған жоқпын. Жақындарым менің мемлекеттік қызметкер болып, ҚМЭБИ-ға түскенімді қалады. Бірақ екінші курстан кейін отбасымда қаржылық қиындықтар пайда болып, оқуымды өзім төлеймін деген шешімге келдім. Жұмыс іздей бастадым.

1.jpg

Официант,сатушы да болдым. Оқуға барған жоқпын. Академиялық демалыс алдым.

Кейін бизнес-шаралар мен конференцияларды ұйымдастыратын компанияға жұмысқа тұрдым. Бір форум барысында маған ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру процессін қадағалау ұнайтынын түсіндім. Бұл жұмыс менің болашағыма әсерін тигізді. Маған адамдарға эмоция сыйлау, жаңа білім беру ұнайды. Тез шешім қабылдауға үйрендім.

Маған адамдарға эмоция сыйлау, жаңа білім беру ұнайды

Кейін event-агенттігінде жұмыс істедім. Ол жерде параллельді Универсиаданың төрт жобасына жетекшілік еттім. Үлкен тәжірибе жинап, өз ісім жайлы ойлана бастадым.

Серіктесім екеуіміз танымал қазақстандық спикерлерді шақырып, үлкен форум ұйымдастырдық. Дайындық барысында адамдармен дұрыс келісуді, серіктестерді табуды үйрендім. 2017 жылы A Group компаниясының негізін қаладым. Бірден алғашқы тапсырысымызды алдық. Ол 3000 адамға арналған Астанада өтетін, Казань қаласының іс-шарасы болды. Кейін А New Forum шарамызды ұйымдастырдық. ТМД елдерінен қызықты спикерлерді, Forbes тізіміндегі Игорь Рыбаков пен Евгений Чернякты шақырдық.

2.jpg

Мен Қазақстандағы кәсіпкерлерге қауымдастық жетіспейтінін көрдім. Кәсіпкерлер клубын ашуды ойладым. Осылайша, «Синдикат» клубы пайда болды.


Бизнес жайлы


A Group миссиясы — адамдарды, олардың ойларын жүзеге асыру мақсатында үлкен форумдарды ұйымдастыру арқылы, біріктіру.

Бізде кәсіпкерлер базасы жасақталды. Сондықтан біз тек өзімізге қызықты жобаларды жасаймыз. Форумдарды жоғары дәрежеде, қызықты локацияларда өткіземіз. Біздің шараларда қатысушылар ақпаратты тікелей үлкен тәжірибесі мен өз кәсібі бар, бизнес-практиктерден алады. Осының нәтижесінде адамдарда жаңа ойлар мен мотивация пайда болып, өмірге деген құлшыныс артады.

3.jpg

«Синдикат» — өз тәжірибелерімен алмасатын кәсіпкерлер қауымдастығы. Біздің өміріміз тікелей ортамызға байланысты. Клуб идеялас адамдармен араласу арқылы адам өмірінің сапасын жоғарлатады.

Жобаға 8 ай болды. Қазір түрлі саладағы, 22 қатысушымыз бар. Жоспар бойынша 50 адам жинаймыз. Бізде іріктеу критерийлері, үміткермен бірнеше сұхбат, соңғы шешім қабылдайтын клуб кеңесі бар. Сондай-ақ қатысушылар ай сайын жарна төлейді.

Біз көптеген пайдалы байланыстар жасап, бірлескен әуестікті табамыз, өмір салтын өзгертеміз

Біз қарым-қатынас пен даму үшін үш негізгі бағытты таңдап алдық: отбасы, спорт және бизнес. Білім беретін кездесулерді, бизнес-таңғы астарын өткіземіз, бірге тауға шығамыз немесе байк тебеміз. Клуб мүшелері еліміздің үздік спикерлерімен араласа алады. Біз көптеген пайдалы байланыстар жасап, бірлескен әуестікті табамыз, өмір салтын өзгертеміз. Сондай-ақ бір-бірімізге кері байланыс беріп, бизнесте қолдау көрсетеміз. Біздің клуб — мүшелерінің ортақ құндылықтары мен ұмтылыстары бар, отбасы.


Қиындықтар жайлы


Қиындықтар немесе қателіктер — кәсіпкерліктегі құнды тәжірибе. Кез-келген қиындық — жаңа мүмкіндік.

4.jpg

Бізде адамдарды жинау қиын болған, шаралар кездесті. Мысалы, Астанада солай болды. Бұл қалада шараны блогерлер арқылы емес, жеке кездесулер мен қарым-қатынас арқылы жарнамалау қажет болды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында шұғыл сұрақтар мен жайттар жиі кездеседі. Бірақ, егер команда мықты болса, барлығын оңай шешуге болады.


Жұмыс барысында не көмектеседі


Маңызды қағида — серіктестік құра отырып, әрдайым көбірек беру керек. Сондықтан маған адамдармен, серіктестермен, блогерлермен келісу оңай.

Тағы бір қағида — шараларда үнемдемеу, барлық ойды жүзеге асыру. Ұйымдастыру ұсақ бөлшектерден тұрады, олардың әрқайсысын дұрыс ойластыру қажет: орын, безендіру, иіс, фондық музыка, сыпайылық.

5.jpg

Әр іс-шарадан кейін қатысушылардан кері байланыс аламыз. Біз әлі де жақсартып, өзгерте алатын нәрселер болады.

Әрдайым адамдарға жайлы болатындай жұмыс істейміз. Бүкіл әлем бойынша сөз сөйлеген спикерлер бізді ең жақсы ұйымдастырушылар екенімізді айтты. Бұл алдағы уақытта да көмектеседі: адамдар жақсы ұсыныстар береді және сіз одан да күштірек спикерлерді шақыра аласыз.

Кез-келген бизнесте шыдамдылық пен табандылық қажет

Мен әрдайым білім аламын. Өз біліміне инвестиция құю маңызды. Бірақ отбасы, спорт және бизнестегі балансты ұмытпау керек.

6.jpg

Кез-келген бизнесте шыдамдылық пен табандылық қажет. Ақша табу оңай деп күтудің қажеті жоқ. Бірақ адам ойын жүзеге асыру үшін барын салса, нәтиже келеді. Мен бізді барлық Қазақстанға танымал болатынымызға сенемін, ал ТМД елдеріне шығуымыз — уақыт талабы.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

Подписаться

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.