facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ser-kzhan-tleusov-r-ashan-balaly-boludy-armanda-any-zh-ne-otbasy-bloger-atanudy-zholy-zhayynda
logo
Серікжан Тлеусов әрқашан балалы болуды армандағаны және отбасы блогері атанудың жолы жайында

Серікжан Тлеулесов, 33 жаста, туған қаласы — Талғар, бухгалтер, блогер

Диляра Тюлеева, 29 жаста, туған қаласы — Талғар, үй шаруасындағы әйел

Өмір сүру стилі

09.03.2019

Серікжан Тлеусов әрқашан балалы болуды армандағаны және отбасы блогері атанудың жолы жайында


Біз жайында


Серікжан. Біз 2006 жылы таныстық. Бұл кездейсоқ жағдай болды – мен түскі ас ішу үшін дәмханаға кірдім және залда өзінің құрбыларымен бірге менің танысым отырған. Құрбыларының арасында Диляра болды. Мен оларға қосылдым. Диляра маған бірден ұнады. Мен оны үйіне дейін шығарып салдым, біз араласа бастадық, кейін кездесе бастадық. Біз 5 жыл кездестік, ал 2012 жылы үйлендік.

Диляра. Біз 13 жыл кездестік – бұл үлкен мерзім. Біз танысқан кезде, мен 10 сыныпта оқыдым, ал ол колледжде оқып, диджей болып жұмыс істеді. Мен оны танысқанға дейін бірнеше рет көрген едім.

IMG_7024.jpg

Серік маған ресми түрде ұсыныс жасаған жоқ, бірақ біз үйленуге жақын екенімізді білдік. Мен университетті бітіргесін, үйленеміз деп шештік. Төртінші курстан кейін біз үйлендік, ал тойдан кейін екінші күні мен дипломымды алдым.

Серікжан. Ата-аналармен қалай танысқанымыз есімде. Алдымен мен Диляраның анасымен таныстым, олар мені компьютер жөндеуді сұрады. Менің ойымша, бұл тек сылтау еді. Ол жақсы адам болып шықты және біз бір-бірімізге ұнадық. Диляраның әкесімен біз университетті бітіру кешінде таныстық. Біз жақсы араластық, мен оларға қонаққа келетінмін, үй бойынша көмектесіп жүретінмін.

Біз қандай қадамға барып жатқанымызды білдік, сол себепті біздің отбасымыз бақытты және берік

Әкем бала кезімде қайтыс болды. Ал анам – консервативті адам, сол себепті Диляра анаммен біраз уақыттан кейін, тойдың алдында танысты. Мен үйленетінім жайында өзім шешім қабылдадым, тек әпкеммен кеңестім. Өзім тойға ақша жинап, барлығын ұйымдастырдым, туыстарымды жинадым.

Менің ойымша жастарға бір-бірін танып білуі үшін, ұзақ уақыт кездесу керек. Бізде ұрыс-керістер, ерегістер болды, бірақ біз бір-бірімізді түсінуді үйрендік. Біз қандай қадамға барып жатқанымызды білдік, сол себепті біздің отбасымыз бақытты және берік.


Алматы жайында


Серікжан. Біз Алматының маңында, Талғар қаласында тұрдық. Бірақ мен блогер атанғаннан кейін, біз Алматыда күн сайын боламыз. Бізді кездесулерге, іс-шараларға, түсірілімдерге шақырады. Балалар барлық жерде бізбен бірге жүреді.

Диляра. Біздің сүйікті жерлеріміз бар. Мысалы, біз Carnaval ойын-сауық саябағында жиі болып тұрамыз. Тамақ ішіп қайту үшін, біз әрқашан балалар алаңдары болатын жерлерді таңдаймыз.

IMG_7055.jpg

Серікжан. Біз Алматыны ұнатамыз, ал Талғар – біз үшін ерекше жер. Біз бос уақытымызды табиғатта, тауларда өткізуді, шаңғы тебуді ұнатамыз.

Алматы – ойын-сауық және демалатын жерлері көп қала. Балалармен уақыт өткізуге болатын жерлер көп. Осында отбасымен тұру және демалу ыңғайлы.


Отбасы жайында


Серікжан. Кішкентай кезімде маған ата-ананың махаббаты мен көңілі жетіспейтін. Маған көбісі әкемнің балаларды жақсы көргенін айтқан. Бұл қасиет маған берілді. Анам ауырып қалған кезде, мен интернатта тұрдым. Бұл қиын кезең болды. Жазғы демалыстарда мені апамның үйіне алып кететін кездерді ұнататынмын. Бұл мен үшін ең бақытты сәттер болды.

Мен балалар жайында, отбасымның үлкен болуын, балаларымның бақытты болуын армандайтынмын. Сол себепті үлкен қызымыз дүниеге келгенде, мен өте қуанышты болдым. Барлығын Дилярамен бірге істеп, оған көмектесіп жүрдім.

Біз әрқашан отбасы мен отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қоямыз

Біздің отбасымыз тату, қарым-қатынасымыз құрметтің негізінде құрылады. Біз әрқашан отбасы мен отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қоямыз. Ешқашан балалардың бетін қақпаймыз, бірақ тым еркелетпейміз. Бізді жекеменшік мекемелерге шақырса да, олар қарапайым мемлекеттік балабақшаға, мектепке барады. Біз өзіміз сондай мектептерде оқыдық және бақытты адамдар болып өстік.

Диляра. Біз балаларымызды құрметке, дербестікке үйретеміз. Әрдайым оларды жақсы көретінімізді көрсетеміз. Міндеттерді үлкен қызымызға жүктеп қоймаймыз, оларға бірдей қараймыз.

IMG_7031.jpg

Серікжан. Біз балаларымызды жақсы көреміз, барлық уақытты бірге өткіземіз. Кенже баламызды балабақшаға өзім апарамын, Диляра қызды мектепке апарады. Түскі ас пен кешкі асты әрқашан бірге ішеміз.

Диляра. Біз туған күндерді салтанатты түрде атап өтеміз. Өз отбасымыз бен жақындарымыз жайында әңгімелейміз.

Серікжан. Біздің балаларымызда барлығы бар. Мен олардың өздігінен дамып, өмірге бейім болғандарын қалаймын.


Блог жайында


Серікжан. Барлығы теледидардағы «Суперәкелер» бағдарламасының көрсетілімінен басталды. Мен бұл бағдарламаны қарадым, маған ұнады және мен одан да жақсы істей алатыным жайында ойладым. Мен ұйымдастырушылар тобына жаздым және біз қызымызбен бағдарламаның қатысушылары болдық. Мен жеңіске жеттім, «суперәке» атандым. Мені екінші рет ұлыммен шақырды және мен қайтадан жеңіске жеттім. Бағдарламаның екі дүркін жеңімпазы атандым.

2015 жылы мен Instagram желісінде тіркелдім және байқауға қатыстым – өзім туралы, әкемсіз өмір сүргенімді, интернатта тұрғанымды әңгімелеп берген бейнені жазып алдым. Бұл бейне Instagram-да үлкен танымалдылыққа ие болды. Мен 10 000 теңге жүлдесіне ие болдым және интернетте шынайы табыс табуға болатынына таң қалдым. Көптеген топтар, блогерлер бұл бейнелермен бөлісе бастады, бір түннің ішінде парақшамдағы оқырмандар саны көбейді. Мен отбасы, отбасылық құндылықтар жайында жаза бастадым және көп жағымды пікірлерге ие болдым.

IMG_7015.jpg

Осылайша «суперәкенің» блогы пайда болды. Біз тек жағымды нәрселер жайында жазамыз, адамдардың көңіл-күйін көтереміз. Отбасыдағы қарым-қатынастарды қалай құрайтынымыз жайында бөлісеміз. Біз қарапайым адамдармыз және адамдарға қарапайым өмірді көрсетеміз.

Балалар да біздің бейнелерімізге түседі және мен олардың өз өмірлеріне өздері табыс табатыны жайында жиі қалжыңдаймын. Олар риза, олар бұны ойын-сауық ретінде қабылданады.


Қазіргі сәттегі рухтың күйі


Серікжан. Біз бақыттымыз. Біздің өміріміз қызықты оқиғаларға толы, біз үшінші баланы күтіп жүрміз. Осы оқиғаға дайындалып жатырмыз.

Біздің арманымыз – үлкен жер телімі мен жеке үйдің болуы. Қазірде біз бір бөлмелі пәтерде тұрамыз және біз бақыттымыз. Бірақ балалар өсіп жатыр және біз өз ошағымыздың болғанын қалаймыз.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.