facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanaly-ty-sarbazdar-zha-azhayy-zh-ne-az-rg-zamanda-zha-a-n-rselerge-yrenud-ma-yzdyly-y-zhayynda-y-g-mes
logo
Астаналықтың «сарбаздар» жағажайы және қазіргі заманда жаңа нәрселерге үйренудің маңыздылығы жайындағы әңгімесі

Асылхан Есілов

туған қаласы — Астана, «Туристік қамқор» корпоративтік қорының директоры, оқытушы, @Assylkhanesilov

Өмір сүру стилі

14.03.2019

Астаналықтың «сарбаздар» жағажайы және қазіргі заманда жаңа нәрселерге үйренудің маңыздылығы жайындағы әңгімесі


Өзі жайында


Мен табиғатым бойынша дипломатпын және заңгермін, өмірде білімге талпынатын оптимистпін.

Мен белгілі бір мақсатқа жетіп, іштей разылық білдіргеннен кейін, бірден келесі мақсат қоятын адамдардың бірімін.

DSC_3732.jpg

Өзіммен үйлесімде болуды, адамдар үшін пайдалы болатын сүйікті іспен айналысуды ұнатамын.

Маған кітап оқу ұнайды, менің сүйікті авторым — Эрих Мария Ремарк. Мен кітаптар арқылы білімге, даналыққа, шабытқа ие боламын.

Белсенді демалыс түріне тоқталсам, маған шаңғы тебу және футбол ойнау ұнайды. Футболды мектеп кезінен ойнап жүрмін. Қазірде біз аптасына бірнеше рет «Қамқор Туристік» корпоративтік қорында ұжыммен бірге ойнаймыз және де мен университетте сабақ беретінімнен, оқытушылар командасымен де ойнаймын. Мен Астанада тудым және қар мен аязды жақсы көремін, сол себепті менің екінші әуесім – шаңғы тебу. Көкшетау қаласының бағытында шаңғы тебетін базалар бар, сол жерде адреналин алып, өзіңнің шеберлігіңді шыңдауға болады.

Мен табиғатым бойынша дипломатпын және заңгермін, өмірде білімге талпынатын оптимистпін


Мен отбасыммен, жақын адамдармен, жұмыспен және қоғамдық қызметпен өмір сүремін.

Басты назарға адам, оның өмірі және жайлылығы қойылатын жоғары әлеуметтік қоғамға талпыну керек.

Менің өмірлік қағидам – әділеттілік.


Астана жайында


Астана – менің туған қалам, мен өсіп, жетілген жерім. Мен осы қаладан ешқашан ұзақ уақытқа кеткен емеспін, кем дегенде үш-төрт күнге кететінмін. Елорда ауысқанға дейін, біздің қаламыз тыныш еді, қыста көше бойларымен өте алмайтындай қар борайтын. Қазірде барлығы өзгерді. Астана – адамдарды бүкіл Қазақстаннан тартатын қала, әркім өз аймағының мәдениетін, менталдығын әкеліп қосады. Осында жаңа формациядағы адамдар, яғни бүкіл Қазақстанның жағымды жақтарын жинаған тұлғалар тұрады. Қала өсті және көптеген жас адамдардың дамуына септігін тигізді.

DSC_3726.jpg

Астанадағы сүйікті жерлерім – жағалау және Орталық саябақ. Мектеп оқушысы болған кезімде, саябақ джунгли сияқты елестейтін. Сол жердің арғы жағында, «Атырау көпірі» орналасқан жерде суы өте таза «сарбаздық» жағажай болатын.

Біз отбасымызбен табиғатқа шығуды ұнатамыз, Астана маңындағы демалыс орындарына және ең жақын шипажай Бурабайға шығып тұрамыз. Биыл Щучинск – Зеренді тас жолын салу процесі аяқталады. Менің ойымша, Зеренді аймағы да туристер үшін тартымды жер болады.

Заманауи астаналық – бойына көпұлттылықты сіңірген, орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде сөйлейтін, заман талабына сай және жұмысы рахатқа бөлейтін адам болып табылады


Заманауи астаналық – бойына көпұлттылықты сіңірген, орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде сөйлейтін, заман талабына сай және жұмысы рахатқа бөлейтін адам болып табылады.


Жанашыр жандар және олардың өмірлік істері


Мен әрдайым білімге құштар боламын. Менің ойымша, бұл жылдам өзгеретін әлемге, қазірде болып жатқан өзгерістерге деген жауаптың реакциясы. Осындай кезеңде адамға білім мен қосымша дағдылар ғана көмектеседі.

DSC_3741.jpg

Алдымен мен ең мықты математикалық метептердің бірінде оқыдым. Кейін ҚАЗМЗУ-де білім алдым. Қазақстандағы ең ірі университетінің негізін қалаған, құрметті адам болып табылатын Мақсат Нарықбайұлының қолынан диплом алу мен үшін абыройлы болды. Шілденің орта кезінде біз досымызбен дипломдарымызды қолға алдық және газетте Туризм және спорт деген жаңа Министрлікке байқау жарияланғанын көрдік. Біз бұл байқаудан өттік және бізді жұмысқа алды. Жұмыспен қатар мен магистратурада оқыдым және бұл қиын еді, себебі сұранып жүруге мәжбүр болдым. Магистратураны бітіргесін, бір вакуум пайда болды, нақты экономикалық білімнің жетіспеушілігі сезілді, сол себепті мен екінші жоғары білім алу үшін Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне түстім. Бұл екі жыл да бір толқында өтті, бірақ бұл кезеңде оқу, жұмыс және отбасымды қатар алып жүру керек болды.

Менде әрдайым білім алу ниеті туындап отырады


2011 жылдың соңы мен 2012 жылдың басында мен басқарманың жетекшісі болдым. Мен қайтадан білім алуды қаладым. 2012 жылы мен «әлеуметтік саясат» мамандығы бйоынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасына түстім. Оқу барысында мен мол білім алдым, шетелдік дәріскерлермен өткен көп кездесулер мен дәрістерге қатыстым. Сол кезде туризм саласын Инвестициялар және даму Министрлігіне ауыстырды. 2015 жылдың қыркүйегінде мен сол жерге қызметке шықтым және докторантурада алған бар білімім мен дағдыларымды қолдана отырып, толықтай жұмысқа кірістім. Жазылған диссертацияларымды біраз кейінге қалдырдым. 2016 жылдың жазында мен өзімнің мемлекеттік қызметімді аяқтап, диссертациямды қорғауға дайындала бастадым. 2017 жылдың қаңтар айында мен диссертациялық кеңесте жұмысымды сәтті қорғап шықтым және 3-4 айдан кейін философия докторы дәрежесін беру жайында растау хатын алдым.

Жақында маған қайтадан білім алуым керек деген ой келді. Ғылыми тәжірибе бойынша шетелге барып келу ойы да бар.


Қазіргі сәттегі рухтың күйі


Менің рухым жұмыс істеуге бағытталған, мен нәтижеге жетуге талпынамын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.