facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/8b4/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/8b4f6207ad09bd5cb92ec823b665536a.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
artem-sokolov-aza-standa-zamanaui-villalar-men-b-regey-resort--ona-ylerd-alay-salatyny-turaly
logo
Артем Соколов Қазақстанда заманауи виллалар мен бірегей resort-қонақ үйлерді қалай салатыны туралы
Өмір сүру стилі

29.06.2022

Артем Соколов Қазақстанда заманауи виллалар мен бірегей resort-қонақ үйлерді қалай салатыны туралы

Артем Соколов, 29 жаста, қаласы — Алматы, кәсіпкер, @artyom.sokolove

Артем Соколов.jpg

Өзі жайында


Мен әйелімнің жолдасымын және әкемін. Development саласындағы кәсіпкермін. Сондай-ақ туризмға да қатысымыз бар, Қазақстанда осы бағытты дамытпақшымыз.

Мен ашық адаммын, барлық жаңа нәрселерге дайынмын. Достарым мен әріптестерім мені сәуегей деп атайды. Себебі өзім үшін, жақындарым мен компания үшін әрдайым алдыға көз жіберемін, мүмкіншіліктерді көріп, соған қол жеткізуге тырысамын.

Жұмысымды жақсы көремін. Энергия дұрыс бағытта болса деймін. Сол себепті маған әлемді одан да әдемі еткен ұнайды. Ал біздің бизнес қараусыз қалған жер учаскелерін гүлденген аймаққа айналдырады. Бұл мені және командамды қуантады.

Маған әлемді одан да әдемі еткен ұнайды


Әлемді жақсартатын әрі маған қуаныш сыйлайтын тағы бір нәрсе , бұл — экологиялық болуы. Біз үйде де, кеңседе де қоқысты сұрыптаймыз, электр машинасымен жүреміз.

Спортты жақсы көремін. Бокс, футбол, теннис және жүзумен айналысамын.

Біз жиі саяхаттаймыз. Саяхат жұмысты жандандырады, жаңа нәрсе жасау үшін күш пен идеяны тауып,үздік тәжірибелерді Қазақстанда енгізуге көмектеседі.

Мен толықтай бақытты адаммын. Маған үйге барғанда әйелім мен ұлымды көрген сәтім, тұратын жерінің әдемі көрінісі, жүзіне күлкі ұялаған риза әріптестеріммен сөйлескен ұнайды. Мен адамдарға жақсылық жасаған жақсы көремін. Айналамдағы адамдардың бәрі менің жанымда өзін барынша жайлы сезінуі үшін тырысамын. Себебі сол кезде өзімді бақытты сезінемін. Бұдан бөлек, кәсіби тұрғыдан алғанда да біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік, бұл да мені қуантады. Қазір көптеген адамдарға ықпал етіп, оларға сапалы өмір сүруге мүмкіндік беретін ауқымды жобалар жасаудамыз. Елімізде дұрыс бағытта қарқынды дамып жатыр деп есептеймін.

Өмірлік ұстанымдары жайында


Негізгі қағидаларым: адалдық, тиімділік, ілгерілеушілік, ашықтық.

Мен өмір саған не ұсынса, соған көндігіп келісудің қажеті жоқ деп санаймын. Өзіңнің ішкі қалауыңды ескеріп, алдыңа мақсат қойып, соған ұмтылудан қорықпау керек. Әрине, бұл үшін үнемі сыртқы ортадағы кедергілермен күресуге тура келеді, бірақ ол көп нәрсеге қол жеткізуге көмектеседі. Өзім сондай ортада өстім, себебі маған ешкім ештеңені жайдан-жай тегін бере салған жоқ.

Бұл ретте менің моральдық ұстанымдарым мен құндылықтарым бар, сондықтан мен үшін мақсат қана емес, оған апаратын жол да маңызды. Сол себепті барлығы адами және мемлекеттік заңдар аясында жүзеге асуы тиіс.

Соколов Артем.jpg

Мен үшін, барлық нәрсені сүйіспеншілікпен жасап, адекватты болу маңызды

Қиындықтар өмір жолымызда әрдайым бірге жүреді. Алайда кез келген мәселені шешуге болады. Кез-келген кемшілікті артықшылыққа айналдыруға болады. Ең бастысы — қиындықтарға жүйелі түрде қарап, міндеттерге бөліп алып біртіндеп шешкен дұрыс. Оған қоса дұрыс орта да көмектеседі. Сондықтан танитын адамдарыңыздың көп болып нетуоркингті дамыту маңызды.

Өміріндегі адамдар жайында


Табысты адамдардың өмірбаянын оқыған ұнайды. Көптеген танымал кәсіпкерлер маған едәуір ықпал етті. Олар адамды жігерлендіріп, алға жылжуға көмектеседі. Сондықтан мен дәл сондай жолдардан өтіп барып нәтижеге қол жеткізе алатынымды түсінемін.

Менің ортам жақсы, олардың бәрінен аз-аздап ең жақсы тұстарын өзіме аламын. Орта дегенде біріншіден, бұл менің отбасым мен ата-аналарымыз. Екіншіден, достарым. Біз бірге өстік, бірлесіп бизнес жасаудамыз және мен бұдан қорықпаймын. Себебі қарым-қатынасымыз адал, ашық, ештеңенені жасырмаймыз, бұл жұмысқа тек жақсы жағынан көмектеседі. Бір-бірімізден не күтетінінмізді біліп тұрамыз, сондықтан да серіктестігімізді қадірлейміз.

Мен айналама ашық-жарқын адамдарды жинаймын


Мен айналама өмірде алға ұмтылып, бірдеңеге жеткісі келетін ашық-жарқын адамдарды жинаймын. Адамдармен жиі танысамын. Мәселен, қазіргі серіктесім әрі жақын досыммен мен әлеуметтік желіде танысқанмын. Мен оған өзім сатып алғым келген машина жайлы пікірін білу үшін жаздым, өйткені о да сол машина бұрыннан бар болатын. Көлікті сатып алғаннан кейін кездестік, сол кезде бір-бірімізді жақсы түсінетінімізді әрі ортақ нәрселеріміз де көп болып шықты. Сондықтан мен түзу адамдарды тауып, оған өзің бірінші қадамды жасап, жақсы ортаны өз бетіңше құру керек деген пікірді қолдаймын.

Қызметі жайында


Мен француз компаниясында жұмыс істеп жүргенімде өз бизнесімді ашу жайлы ойлайтынмын. Ал менің жан досым — талантты сәулетші, ол ерекше жобаларды сызды, бірақ оны Қазақстанда лайықты деңгейде жүзеге асыру қиын еді. Сол кезде осы іспен мен айналысамын деп бірге шештік.

Әкем жұмыстың техникалық бөлігін жасап бізге көмектесті, ал мен бизнес пен оны дамытуға жауапты болдым. Біртіндеп коммерциялық нарыққа арнап әртүрлі жобаларды жүзеге асырдық: мейрамханалар, кеңселер, қоғамдық орындар. Бірақ пандемия басталғанда жұмыстың бұл бағыты тоқтап қалды да, серіктестігіміз ыдырап кетті.

Артем Соколов қызметі жайында.jpg

Мен бұдан бұлай жекеменшік үйлерге басымдық беру керек екенін түсіндім. Ал Алматыда әдемі, заманауи әрі технологиялық үйлер жетіспейді. Соған қарамастан мұнда жақсы өмір сүргісі келетін бай адамдар тұрады. Осыны ескере отырып, біз осы іспен айналысамыз деп шештік. Қазіргі уақытта Іле Алатауының етегінде орналасқан сегіз вилладан тұратын тұрғын үй кешенін салып бітіруге таяп қалдық. Бұл өршіл әрі қиын жоба, оны шетелде көрген жұмыстарды негізге ала отырып салдық. Дәл біздің осы жобаға ұқсайтын жоба нарықта жоқ. Бірақ құрылыстың жаңа маусымында өзіміздің осы жобаға ұқсатып салынатын осындай бес жобаны көрдік. Осыған қарапбелгілі бір трендті бастағанымызды түсінеміз.

Біз өзіміз салған кешендермен ұзақ мерзімді ара қатынас орнатуды жөн көрдік. Сондықтан Қазақстанда туристік орталықтар салмақшымыз — нақтырақ айтқанда, керемет инфрақұрылымы мен сапалы қызмет көрсету жүйесі бар заманауи демалыс орталықтары. Алғашқы кешен Қапшағай (Қонаев) суқоймасының жағалауында салынбақ. Бұл қалаға жақын тамаша жер, бірақ онда демалысқа арнап жағдай жасалынбаған. Біз нарық үшін бірегей орталық саламыз, онда қонақ үй, аквапарк, SPA, жағажай жұмыс істейтін болады, сондай-ақ оның жанына сатылатын 52 үй тұрғызамыз. Әрі қарай елдегі өзге де туристік аймақтарға көшіп, негізгі жерлердің бәрін қамтымақпыз.

Мен бар назарымды өзіме қоямын. Себебі менің өмірлік ісім — дамып, қоршаған ортама пайдамды тигізу. Егер адам өзіне, не істеп жатқанына көңіл бөлсе, айналасындағы адамдарға да жайлы болады деп ойлаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.