Шарада 2018 жылы Астаналық көрерменнің көзайымына айналған «120», «Көбелектің түсі», «Соңғы хат» сияқты фильмдермен қоса жаңа кинотуындылар да көрсетілетін болады.
Солардың бірі – танымал түрік жазушы Саит Фаик Абасияныктың «Күнкөріс қайығы» атты романының желісімен түсірілген «Екеумізге бір әлем» фильмі. Драмалық фильм «Атаденизфильм» тарапынан 2016 жылы Бургазада атты аралда түсірілген. Режиссері – Йылмаз Атадениз, сценариін жазған – Сафа Өнал мен Саит Фаик Абасиянык. Басты рөлді Эркан Мерич пен Йагмур Айдан сомдайды.
Астана тұрғындары мен қонақтары аталған фильмді 31 наурыз күні Керуен орталығындағы Кинопарк залынан тамашалай алады.
Дерек көзі: inform.kz