Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
lemdeg-e-lken-sfera-men-zha-yramaly-energiya-m-razhayy-expo-2017-k-rmes-n-n-r-lem-pavil-onyny-sh-nde-ne-tabu-a-bolady
Әлемдегі ең үлкен сфера мен жаңғырамалы энергия мұражайы: EXPO-2017 көрмесінің «Нұр Әлем»павильонының ішінде не табуға болады
3330

11.09.2017

Әлемдегі ең үлкен сфера мен жаңғырамалы энергия мұражайы: EXPO-2017 көрмесінің «Нұр Әлем»павильонының ішінде не табуға болады


«Нұр Әлем» сферасы жайлы



EXPO-2017 көрмесінің архитектуралық символы саналатын Көрме кешенінің орталық элементі – «Нұр Әлем». Бұл әлемдегі ең үлкен сфералық ғимараттың диаметрі 80 метр, ал биіктігі 100 метр. Ғимараттың 1 қабатында Қазақстан павильоны орналасқан. Мұнда келушілер елдің тарихы, мәдениеті, дәстүрі, көрікті жерлері, сондай-ақ Қазақстанның соңғы жетістіктерімен таныса алады. Сфераның ішінде болашақ Мұражайы орналасқан. Нұр Әлем Көрмеден кейін инновациялық хаб және маңызды зерттеу әрі мәдени орталыққа айналуы тиіс. Болашақ Мұражайының 2-8 қабаттарындағы цифрлық, мультимедиалық және интерактивті технологиялар экспозициялық кеңістікті қабылдау мүмкіндіктерін кеңейтетін жағдай жасайды.


IMG_4731.jpg


IMG_4810.jpg


Лифт арқылы ғимараттың жоғарғы бөлігіндегі шолу алаңына көтерілуге болады, бұл жерден бүкіл ЭКСПО ауданына тамаша көрініс ашылады


Ал кіреберістің алдында көрменің басты алаңы орналасқан.



Болашақ мұражайы



Мұражай сегіз деңгейден тұрады:


— 8-ші деңгей — «Болашақ Астана». Бұл жерде Астананың 2050 жылғы моделін көруге болады.

— 7-ші деңгей — «Ғарыш энергиясы».Бұл жерде ғарыштан энергияны алуға байланысты ғылыми идеялар көрсетілген

— 6-шы деңгей — «Күн энергиясы» сізді ежелгі заман уақытынан бастап бүгінгі күнге дейінгі күнді қолданудың түрлі тәсілдерімен таныстырады.

— 5-ші деңгей — «Жел энергиясы».Бұл жерде желдің энергетикада қолдануын өз көзінізбен көре аласыз.

— 4-ші деңгей — «Биомасса энергиясы». Бұл деңгей ,мысалы, сүрек,сабан немесе жүгері қауызының қалдықтарынан энергияны қалай алуға болатынын экспозиция түрінде айтып береді.

— 3-ші деңгей — «Кинетикалық энергия» бұл энергияға байланысты тарихи деректерімен таныстырады.

— 2-ші деңгей — «Су энергисы» су көмегімен энергияның пайда болу процесін көрсетеді.

— 1-ші деңгей — «Ұлттық павильон». Ол сфераның іргесінде 5000 шаршы метр ауданында орналасқан және екі зонаға бөлінген: «Қазақстанмен танысу» мен «Жасампаз энергиясы».


IMG_4867.jpg


IMG_4876.jpg



Қазақстан ұлттық павильоны



Павильон бірінші қабатта орналасқан.Бұл жерде көрме қонақтары Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен, дәстүрлерімен, көрнекіліктерімен және ,сонымен қоса, соңғы жетістіктерімен танысады.


Кешен екі бөлімнен тұрады: «Қазақстанмен танысу» мен «Жасампаз энергиясы»


«Жасампаз энергиясы» бөлімі төрт экспозициядан тұрады. Біріншісінде энерго–экологиялық стратегия, «Жасыл көпір» атты серіктестік бағдарламасы және Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу концепциясы сияқты энергетика мен экология саласындағы Елбасының бастамалары көрсетілген. Бүкіл бастамалар ақпараты бар бейнеклиптер түрінде көрсетілген.


IMG_4764.jpg


IMG_4818.jpg


««Болашақ энергиясы» тақырыбына байланысты отандық ғалымдар мен ұйымдар жобалары мен стартапты жобалар» экспозициясы үшін қазақстандық ғалымдарының 27 ғылыми зертемелері таңдап алынды. Таңдалған жобалардың тақырыбы жаңғырамалы энергияның жаңа көздерінің даму технологиясымен, энергияны сақтау жүйесімен, қошаған ортаға жағымсыз әсерін тигізуін төмендетумен, энергетика мен климатпен байланысты.


Барлық 27 жоба мультимедия үлгісінде орнатылған, оның 11 жобасы макет түрінде көрсетілген


Мультимедиялық контент экраны бар киоскілер түрінде көрсетілген.


«Қазақстан «жасыл» экономика жолында» экспозициясында инновациялармен бірге Қазақстанның «жасыл» экономикаға бейілділігін көрсетеді. Қазіргі кезде Қазақстан өнірлерінде энергияның жаңғырамалы көзінің обьектілері жұмыс істейді, өндірістегі, құрылыстағы, ТКШ,көліктегі, энергиялық тиімділіктегі нәтижелі жобалар мен тұрақты су мен ауыл шаруашылығы бойынша жобалар жұмыс істей жұмыс істейді. Бұл жобалар Қазақстанның интерактивті картасында орналасқан, ал көрме қонағы белгілі бір өнірге басып, сол өнірдің бүкіл жобалары жайлы ақпаратты көре алады.


IMG_4741.jpg


IMG_4850.jpg


«Токамак» КТМ Қазақстандық материалтанымдық термоядролы реакторы» экспозициясы халықаралық жоба шегінде термоядролық реакторды әзірлеу бойынша жұмысты мазмұндайды және реактор үлгісінде плазманы шығарып алу барысын көрсетеді.


IMG_4729.jpg

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.