facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
sazalem-zh-kteuler-millionnan-as-an-aza-standy-muzykaly-osymshasy
logo
Sazalem. Жүктеулері миллионнан асқан қазақстандық музыкалық қосымшасы
Технологиялар

12.04.2019

Sazalem. Жүктеулері миллионнан асқан қазақстандық музыкалық қосымшасы

Ғани Мырзамұратов, 31 жаста, туған қаласы — Қызылорда, SazAlem бағдарламасын жасап шығарушы

d15e0253dd283372e82341ac1e489baf-small.jpg


Идея жайында


SazAlem — менің алғашқы жобам емес, бұған дейін мен валюта бағамын есептейтін қосымшаны жасап шығардым. Кейін қазақстандық орындаушылардың музыкасы және бонус ретінде әндерінің мәтіндері болатын қосымшаны шығару идеясы келді.

Осылайша қазақ тіліндегі әндердің ең үлкен топтамасын қамтитын SazAlem қосымшасы пайда болды.

SazAlem – қазақ тіліндегі әндердің ең үлкен топтамасын қамтитын қосымшасы


Біз қосымшаны іске қосқан кезде, нарық бос болатын. Кейбір мобильді компанияларда әндерді жүктейтін ұқсас жобалар болды, бірақ олардың қосымшалары жазылым арқылы қолжетімді еді, ал базаларында шетелдік әндер де орын алатын. Біз тек қазақ тіліндегі контентті қамтуды қаладық. Осылайша біз бос орынды толтырып, жоба арқылы табыс таптық.

Бір күннің ішінде жүктеулердің саны мыңнан асқан кезде, мен жақсы сұраныстың бар екенін түсіндім. Ал бір аптадан кейін, SazAlemде 10 000 жүктеулер болды. Жобамыз бес жылдан астам уақыт істеп жатыр. Және осы уақыт аралығында біз әрдайым контентті толықтырып, функционалды жақсартып жүрдік.

30ef134e-7f2f-4da9-a3f1-a10d5001a1ed.jpg

Қосымша іске қосылған кезде, қазақстандық әндердің мәтіндерін ұсыну ретінде ойластырылды. Базада 15 ән ғана болды. Бір жылдан кейін қолданушылардың өтінімдері бойынша музыканы қостық.


Функциялары мен ерекшеліктері


Қосымшада әндерді тыңдап қана қоймай, көңіл-күйіңізге сай келетін плейлисттерді жасап қоюға болады. Сайттың қолданушылары модератордың рұқсатымен контентті өздері жасай алады, кейін ол жалпы базада пайда болады.

Негізгі мақсаты – Қазақстанның музыкалық индустриясында тәртіпті орнату. Мысалы, Gakku компаниясында жергілікті орындаушылардың есімдерін кеңге тарататын сайты ғана бар. Қосымшаны пайдалану әлдеқайда ыңғайлы. SazAlem жаңа музыканттарды танып білу мүмкіндігін береді, оған қоса қазақ тілін үйренуге көмектеседі. Барлығы жанрлар мен орындаушылар бойынша реттелген. Қолданушы жаңа әндердің соңғы тізімін және апта ішіндегі топ-50 танымал әндерді таба алады. Базада күйлер, q-pop, тойларға арналған әндер мен тағы басқа көптеген таңдаулар бар.

Негізгі мақсаты – Қазақстанның музыкалық индустриясында тәртіпті орнату


Қызметтің ерекшелігі – егер қолданушы әннің мәтінінде қателік тапса, біз оны тексереміз және өзгертулерді енгіземіз. Бұл тез арада қателіктерді түзетуге мүмкіндік беретін жақсы функционал болып табылады. Қолданушылар әндердің мәтіндерін жиі түрде өздері жібереді. Бірақ, негізінен, қазақстандық музыканы тыңдау үшін кіреді.

1-3.jpg

Біздің командамызда фрилансерлер жұмыс істейді. База қашықтықта, оған қоса қолданушылар мен әндерін жіберетін орындаушылардың көмегімен құрылады. Кәсіпкер ретінде қазіргі кезде күні бойы кеңседе отырудың қажеті жоқ деп санаймын. Бастысы – жұмыс көлемінің орындалуы. Мен арнайы халықаралық сайтта тапсырмалар беремін, тапсырысты әртүрлі елдерегі адамдар қабылдай алады.


Қиындықтар жайында


Ең басты қиындық – монетизация. Өкінішке орай, көптеген жарнамалық платформалар қазақ тіліндегі контентті қолдамайды. Қосымшаның жүктеуі тегін, бірақ функционалдың шектеулері бар. iOS жүйесінде әндерді жазылымсыз офлайн жүзінде тыңдауға болмайды, ал Android-нұсқасында жарнама шығып тұрады. Жазылым айына 299 теңге немесе жылына 2590 теңгеге беріледі.


Аудитория жайында


sazalem.png

Аудиторияның ерекшелігі – барлығы mp3-файлдарды жүктеп, достарына жіберуді қалайды. Біз смартфонға жүктеу мүмкіндігін жауып тастадық – музыка қосымшаның ішінде сақталады. Аудитория пайдаланатын контент үшін ақша төлеу керек деген деңгейге әлі жеткен жоқ. АҚШ-қа қарағанда ТМД елдерінде бұл түсінікті әлі ұстанбайды. АҚШ-дағы адамдар кез-келген еңбек үшін төлеу керек екенін түсінеді. Осындай тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру үшін уақыт қажет.


Жоспарлар жайында


Ең бастысы – қолданушыларға максималды түрде ыңғайлы болатындай жобаның сапасын дамытуды жалғастыру. Жарты жыл бұрын біз Apple компаниясының стримингтық технологиясын енгіздік. Ол сапасы нашар интернеттің өзінде музыканы тыңдау мүмкіндігін береді. Қосымша қаланың сыртында, интернеті нашар жерде қосылған кезде, жүйе байланыс сапасын автоматты түрде айқындайды. Және соған байланысты бейімделіп, музыканың қажетті сапасын жүктейді. Бұл жетістік жобаның жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Біз iOS-қосымшасына көбірек көңіл бөлеміз, себебі қазіргі кезде қосымшаның Android-қа орнатылатын нұсқасы кеңге таралған. Google Play-де SazAlem-нің жүктеулері миллионнан асады.

iOS-нұсқалары үшін біз дизайнын толықтай өзгертіп, одан да сапалы деңгейге көтеруді қалаймыз. Әндер мен мәтіндердің синхрондауын, оған қоса әндерді анықтау функциясын қосамыз.

Егер 3 жыл бұрын сайтқа кіретін қолданушылардың саны 1000-нан 5000-ға дейін жетсе, қазірде күніне 30 000 қолданушы кіреді. Аудиторияны одан сайын кеңейту жоспары бар.

Суреттің дерекөзі: forbes.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.