facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/7b8/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/7b8945828de416f0acaf129654c2f068.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
rekassa-k-s-pkerl-kke-arnal-an-teg-n-mobil-d-k-kassaly-apparat
logo
reKASSA.Кәсіпкерлікке арналған тегін мобильдік кассалық аппарат
Технологиялар

14.12.2019

reKASSA.Кәсіпкерлікке арналған тегін мобильдік кассалық аппарат

Асель Молдабекова, reKASSA бас директоры, @rekassa

Багдат Мусин, негізін қалаушы reKASSA


Қалай басталды


Асель. Біз reKASSA.kz онлайн-кассалық аппаратының мобильді нұсқасын құрастырушыларымыз. Жобаға мені Бағдат Мусин шақырды. Менің үлкен тәжірибем бар — бес жылымды халыққа қызмет көрсету орталығының автоматтандыруына және электрондық үкіметке арнадым. Екі жыл прокуратурада цифрландыруға бағытталған жобаларды жасадым.

rekassa2.jpg

reKASSA жобасы қазақстандық азаматшаның кассалық аппараттарды міндетті сатып алу мәселесі бойынша өтінішінен кейін пайда болды. Ол айтишниктерге дәстүрлі кассалық аппаратты ауыстыратын онлайн-жүйе құруды ұсынды. Қазір кассалық аппараттың құны 150 000 теңгеге дейін барады. Мемлекет барлық операциялар ашық және түсінікті болуы үшін жағдай жасап жатыр. Адамдарда қажеттілік пайда болды.

Біздің компания — өзара дос программистердің қауымдастығы. Біз үшін бір кештің ішінде мобильді қосымша жасап шығу — мүмкін нәрсе. Бағдат Мусин бізге ұсыныспен келді, ал команда оны іс жүзіне асырды. Басты ой — мемелкеттегі кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету.

Қосымшаны істеу үшін бір ай уақыт кетті. Алғашқы нұсқасы тек iOS үшін болды, кейін Android платформасына арналған нұсқа да шықты. Заңнама күн сайын өзгергендіктен, қосымшаның сапасы да жақсарып келеді. Біз тұрақты түрде жаңарту жасап тұрамыз. Кез-келген өзгеріс тұтынушыларға әсерін береді. Қосымша әрдайым жұмыс істеп тұру керек.


Ерекшеліктері жайлы


Біздің кассалық аппарат әрдайым тегін болады. Қазір нарықта абоненттік төлем алатын 10 қосымша бар. Біз Қазақстанда бұл қызметті тегін беретін жалғыз қосымшамыз. Қосымша пайдалануда өте жеңіл. Чекті өз почтаңызға, whatsapp-қа немесе хабарлама арқылы жібере аласыз. Сондай-ақ егер клиентке қолма-қол чек керек болса, телефонға арналған принтер арқылы шығаруға болады. Электрондық чек арқылы ақшаны да қайтаруға болады.

rekassa3.jpg

Жақында профессионалдық тұрғыдағы қосымшаны шығару ойымызда бар. Оған QR-код арқылы сканерлеуді қосамыз. Бұл қымбат сканерлердің орнын алмастырады. Қазір pos-терминал мен онлайн кассалық аппаратты қосу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.


Қиыншылықтар жайлы


Үлкен қиындық бар — адамдар қосымшаның тегін екеніне сенбейді. Басынан біз бұдан пайда көзін көрмедік. Одан басқа да сәтті коммерциялық жобалар бар.

Клиенттерге бұл қосымшаның артында көптеген жүйелер бар екенін түсіндіру қиын.

Ескі аппараттардың есеп жабуларында қиындықтар болған. Онлайн кассада есеп бір тетік арқылы жабылады. Заңнама өзгерген сайын ескі аппарттарды жаңартып отыру керек, бұл да ақша. Біз қосымшада тегін жаңартуды енгізіп тұрамыз.


Функциялары мен пайдасы жайлы


Қазір барлық кассалық аппараттар онлайн тіркеуден өтеді. Клиент сайтқа өзі кіріп-ақ тіркеле алады. Техникалық қызмет көрсету бұл үшін ақша алады. Бірақ салық орталығына бару міндетті емес, барлығын үйде істеуге болады.

rekassa4.jpg

Клиентке reKASSA қосымшасын жүктеп алу керек. Содайн кейін сайтқа кіріп, жеке кабинетке тіркеліп, кабинет арқылы кассалық аппаратты тіркеуге өтініш жасау керек. Өтініш үшін қосымшаның заводтық нөмірі керек. Осы әрекеттерден кейін касса жұмысқа дайын болады.

Бізде кассалық аппараттың санында шектеулік қойылмаған. Қосымшаға барлық дерлік смартфондар сәйкес келеді. Кемінде Android — 4.4 нұсқасы болуы керек.


Клиенттер жайлы


Біздің қосымшаны нотариустар жақсы көреді, өйткені олар кассалық аппаратты көп қолданады. Бұрын олар үлкен аппараттарды өзімен бірге алып жүрсе, қазір тек смартфондарымен жүреді. Сондай-ақ бізді сауда саттық адамдары жақсы көреді.

Біз тамыз айында жұмыс істей бастадық, алғашқы клиенттеріміз қызмет көрсететіндер болды. Бұл клиенттер 1 қазанға дейін міндетті түрде кассалық аппараттарды алуы міндет болған.

rekassa1.jpg

Қазір біздің клиенттеріміз — патент арқылы жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер. Олар үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан мәліметтерді онлайн түрге ауыстырып, кассалық аппараттарды алу міндеттеледі.

Сандарымыз күн сайын өсуде. Қазір 60 000 клиентіміз бар. Күн сайын 50 %-ға өседі. Кәсіпкерлер тіркеуді ең соңғы уақытқа қалдырады. Қаңтар айында көптеген клиенттер келеді деп күтүлуде.


Жоспарлар жайлы


Біз кіші және орта кәсіпке бағытталамыз. Чектерді сканерлеу, оларды үй бухгалтериясына сақтау үшін сатып алушы-пайдаланушыларға көмектесетін қосымшаны жасағымыз келеді. Көптеген бағдарламалар бар, бірақ чек қолмен енгізіледі. Біз бұл жйеніү да қамтуымыз мүмкін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.