facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
almatyly-ziyalylardy-balalary-men-nemereler-tanymal-ulett-rpa-y-boluy-zhayynda
logo
Алматылық зиялылардың балалары мен немерелері танымал әулеттің ұрпағы болуы жайында
Таңғажайып Қазақстан

06.03.2019

Алматылық зиялылардың балалары мен немерелері танымал әулеттің ұрпағы болуы жайында

Айсаным Қастеева, 24 жаста, туған қаласы — Алматы, дизайнер, костюмдер бойынша суретші

35.jpeg

Отбасы жайында


Мен суретшілердің отбасында дүниеге келдім. Менің арғы атам Қазақстанның алғашқы суретшісі – Әбілхан Қастеев, арғы нағашы атам мемлекеттік сыйлық иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, суретші – Мұхит Қалимов. Адамдар менің тегімді естіген кезде, атақты ата-бабалармен байланысым жайында сұрайды.

Отбасым мені әрқашан шығармашылық жолмен жүргізді

Маған әрқашан сурет салу мен бір нәрсені өз қолыммен жасау ұнайтын. Үш жастан бастап менің жұмыстарым халықаралық көрмелерге қатысты. Отбасым мені әрқашан шығармашылық жолмен жүргізді. Менің анам – қолданбалы өнер шебері, суретті кілемдермен айналысады, ҚазҰӨУ-де сабақ береді. Әкем – интерьер дизайнері. Олар өз шығармашылықтарымен айналысқан кезде, мен өз жолымды іздедім.

(2).jpeg


Қызметі жайында


Тоғызыншы сыныпты аяқтағаннан кейін, мен колледжге дизайнер мамандығына түстім. Қазіргі уақытта мен «театр және кино костюмдерінің суретшісі» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық өнер университетінің студентімін. Оқу жылының соңында біз жеке киімдер топтамасын тапсыруымыз керек. Менің соңғы жұмысым ұлттық салт-дәстүрлердің өзіндік көрінісін бейнелеген ұлттық киімдер топтамасы болды. Жазылымдар мен кестелердің барлығы қолмен жасалды.

Менің өнімдерім арзан емес, бағасы 100 000 теңгеден басталады. Өкінішке орай, қазірде адамдар менің киімімді сатып ала алмайды. Сол себепті мен қолөнерге көбірек көңіл бөлемін. Танамоншақтарды жасаумен қызыға бастадым. Ата-анам кез-келген іске 1 % дарын мен 99 % еңбекті бағыттау керек деп айтатын.

 (1).jpeg


Алматы жайында


2005 жылы мен Астанаға көшіп келдім, бірақ әлі күнге дейін елордаға үйренген жоқпын. Мен осында өзімді жалғыз сезінемін. Алматыны сағынамын және қайта оралғым келеді. Сол жерде көшелер, үйлер, ағаштар, таулар – барлық нәрселер жаныма жақын болып табылады. Алматы жүрегіме қымбат.


Жоспарлар жайында


Мен балалар үшін ағылшын тілге бейімделген орталықты ашуды қалаймын. Мен шығармашылық арқылы балаларды үштілдікке оқыта алар едім. Немесе ателье ашуды қалаймын.

Қазақстанда шығармашылық адамдарға өмір сүру қиын. Барлығының өзіндік арманы болады, бірақ соңында нанын тауып жеу үшін оқытушы қызметіне барады.


Малика Төлегенова, 28 жаста, туған қаласы — Алматы, интерьер дизайнері, декоратор, іс-шараларды ұйымдастырушы

35.jpeg

Отбасы жайында


Менің отбасым жан-жақты және көпұлтты. Біздің отбасымызда музыканттар мен әншілерден бөлек, қаржыгерлер, физиктер және футбол ойыншылары бар. Мен осы тізімді дизайнер деген жаңа мамандықпен толықтырдым. Отбасымыздың басты мүшесі – менің әжем Бибігүл Төлегенова – кеңес және қазақ опера әншісі, актриса, ұстаз, КСРО халық әртісі. Мен оның жанында жүріп өстім, сол себепті бала кезімнен айналамда әншілік, музыка, аспаптар, театр және шығармашылық адамдар болды. Біз тұрған үйде көршілеріміз Н.Тілендиев және О.Сүлейменов болатын. Бала кезімде мен әжемді қатты қазғанатынмын. Қазірде тек махаббат пен мақтан тұту сезімін кешемін. Ол мені барлық жағдайларда қолдайды. Біз бір-бірімізбен жақынбыз және ол әрқашан өмірімде болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар.

34.jpeg


Қызметі жайында


Мен бала кезімнен музыканы ұнатамын. Мен Жания Әубакірова атындағы музыка мектебінде оқыдым. 12 жыл фортепианода ойнаумен айналыстым. Отбасым маған классикалық музыкаға деген сүйіспеншілікті сіңірді.

Музыка мектебінен кейін, мен Араб Әмірлігіне кеттім, Америкалық университетке интерьер дизайнері мамандығына түстім. Сол жерде бірнеше жыл оқыдым да, Милан қаласындағы Марангони институтына ауыстым. Кейін отбасымның жанында болуды қалап, Қазақстанға оралдым.

Уақыт өте мен болашақ күйеуімді кездестірдім және Қазақстанда қаламын деп шештім. Мен бірнеше жобалар бойынша жұмыс жасаймын және іс-шараларды ұйымдастыру мен рәсімдеумен айналысамын. Бұл менің көңілімнен шығатын екінші жұмысым болды. Бұл қасиет маған әкемнен дарыған, ол үлкен ұйымдастырушылық қасиеттерге ие.

Мен осындай керемет отбасыда туғаным үшін өмірге ризамын

Мен кезінде музыкалық бағытты таңдамағаным жайында жиі ойлаймын, бірақ қазір айналысып жатқан істеріме де өкінбеймін.

Мен күйеуім мен балаларыммен Астанада тұрып жатырмын. Мен осындай керемет отбасыда туғаным үшін өмірге ризамын. Анам, әжем, күйеуім және жақындарымның қолдауларының арқасында мен оқуымды жалғастыруға, дамып жетілуге, сонымен қатар қамқор ана мен жақсы әйел болуға тырысамын.

(1).jpeg


Алматы жайында


Алматы – менің ең тәтті естеліктерімнің қаласы: мектеп жылдары, балалық шақ, достар, туыстар мен жақындарым. Алматы мен үшін сырлы қала, әрқашан сағынып жүретін үйім болып табылады.


Жоспарлар жайында


Мен ҚазҰӨУ-нің магистратурасында сахнаграфияны оқып жатырмын. Мамандығым бойынша бизнес жолымды дамытып, ел жастарымыздың шығармашылық қызметі мен мәдениетке өз үлесімді қосу жоспары бар.


Тамила Дінішева, 34 жаста, туған қаласы — Алматы, декоратор

(1).jpeg

Отбасы жайында


Біздің отбасымыз ұйымшыл. «Отбасы» дегенде мен анамды, әкемді, әпкемді, өзімді, балаларымыз бен бізге екінші ата бола білген ағамызды айтамын. Бір-біріміздің арамызда тығыз байланыс орнаған. Егер отбасыда бірдеңе болса, ол туралы біреуге айтқаннан кейін, ол туралы отбасыдағы барлық мүшелер хабардар екеніне сенімді болуға болады. Біз хат жазысып, хабарласпайтын бірде бір күн болмайды.

Менің отбасым қала және республика деңгейіндегі зиялылардан тұрады

Менің отбасым қала және республика деңгейіндегі зиялылардан тұрады. Көбісі музыкант, әнші ретінде өз өмірін шығармашылықпен байланыстырды, кейбіреулері Абай Құнанбаев атындағы опера театрында жұмыс істеді. Менің әкем – қазақ опера және камералық әншісі, КСРО халық әртісі – Әлібек Дінішев. Осындай отбасы маған өз ықпалын тигізбей қоймады. Мен мамандығым бойынша психолог болсам да, шығармашылық адаммын.

Кәсіпқойлардың отбасында өз орныңды табу қиынға соғады. Олардан кем түспеуді, жақындарыңның сенімін ақтауды қалайсың. Теңгерімнің нүктесін сақтау қиын. Өз кезегінде бұл ынталандырады.


Қызметі жайында


Бір жылдан артық уақыт бұрын мен «Шатырдағы шеберхана» шығармашылық студиясын аштым. Мен осы іске әуесімнің арқасында келдім. Жас кезімд витраждардың реставраторы болуды армандадым. Францияда оқыған кезде, олардың соборлары мен витраждарынан шабыт алдым. Сол кезде бұл тым шығармашылық бағыт еді, бұл саланың арқасында өмір сүріп, өз тұрмысын ұйымдастыру мүмкін емес сияқты болды. Идея шегерілді. Мен өзімнің он жылымды психологияға арнадым. Декреттік демалыс кезінде мен бор бояулары жайында білдім. Материалдармен және техникалық жұмыспен танысу үшін шеберлік кластан өтуді шештім. Сол бояулардың арқасында мен барлық идеяларды жүзеге асырып, өз үйіме жайлылық енгіздім. Бір жыл өткен соң, мен Алматыда Дарья Гейлердің бор бояулары брендінің өкілі атандым. Мен ана-кәсіпкер боламын деп ойлаған жоқпын, бірақ мүмкіндік болса, бас тартуға болмайды. Сәті түсіп, жағдайлар мен әуестер, дарындар бірікті. Мен студияны жеке нарниям ретінде қабылдаймын.

Менің отбасым – ұзақ таразылап, шешімдерді абайлап қабылдауға бейім адамдар. Басқаша әрекет етуге үйрену үшін, ұзақ уақытым кетті. Мен өзіңнің соңыңнан, өз ниеттерің мен қуаттың соңынан жүру керек екенін түсіндім. Басқа нәрселерге үйрену үшін, отбасымнан алыстауға тура келді.

09.jpeg

Менің идеяларым мен шешімдерім жақындарым үшін оғаш естіледі. Бірақ өсу процесі кезінде, әкем менің жетістіктерімді мақтан тұтатынын айтты. Олар ақылға сыймайтын шешімдерімнің 95 %-да маған қолдау көрсетеді және сол үшін мен оларды өте бағалаймын.


Алматы жайында


Мен алматылықпын. Мен өзімді ағашпен салыстырамын және иммиграцияға сай келмеймін. Мен ауа райды, иістерді, ағаштарды, тіпті түсініксіз климатты жақсы көремін. Қаланың шығармашылық және алаңғасар атмосферасын ұнатамын.

Алматы – менің үйім. Мен Францияда тұрған кезде, болып жатқан жағдайларға қарамастан, үйге баруды қаладым. Мен үшін «үй мен қабырғалар жылытады» деген сөздер сай келеді. Осы жердемен өз орнымда екенімді сеземін.


Жоспарлар жайында


Он жылдан кейін мен жеке жер үйімнің болғанын қалаймын, екі балам болып, үй аумағында студияны ашып, көп саяхаттағым келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.