facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
anday-meyramhana-expo-2017-ser-ktes-bola-alady-talaptar-men-standarttar
logo
Қандай мейрамхана EXPO-2017 серіктесі бола алады: талаптар мен стандарттар

09.03.2017

Қандай мейрамхана EXPO-2017 серіктесі бола алады: талаптар мен стандарттар

EXPO-2017 серіктестік бағдарламасы ынтымақтастықтың үш деңгейін ұсынады: алтын, күміс және қола. Әрқайсысы үшін өз талаптары бар. Барлық стандарттар материалдық негізді, қызметкерлердің құзыретін, асхана мен басқа да маңызды аспектілерді қарастыратын бөлімдерге бөлінген.


ресторан 1.jpg


Мейрамхана жөніндегі ақпараттың қолжетімділігі


Барлық деңгейге арналған талаптар:


— мейрамхана туралы ақпаратты навигациялық карталарда, сайттарда және басқа да танымал іздеу жүйесіне орналастыру

— белсенді сайттың болуы

— орындарды телефон арқылы және онлайн брондау

— халықаралық және ұлттық сертификаттар мен марапаттардың болуы, оның келушілер үшін қолжетімділігі.


Алтын серіктестерге арналған қосымша талаптар:


— әлеуметтік желілерде парақшаларының болуы.




Ассортименті мен жұмыс кестесі


Барлық деңгейлерге арналған талаптар:


— мелекеттік, орыс және шет тілдеріндегі мәзір мен таным белгісі бар прейскурант.


Алтын және күміс серіктестерге арналған қосымша талаптар:


— халал мәзірінің, вегетериандық асхананың болуы.


Алтын серіктестерге арналған қосымша талаптар:


— экологиялық таза жағдайда өсірілген өнімдерден құрылған, ГМО-сыз, өнімнің тарихы көрсетілген мәзірдің болуы

— сағат 03:00 дейін қызмет көрсету.




Қызмет көрсету әдістері


Барлық деңгейге арналған талаптар:


— қызметкерлерде таным белгісі бар киімнің болуы

— санитарлық киімнің болуы.


Алтын және күміс серіктестерге арналған қосымша талаптар:


— арнайы білімі бар даяшы, бармен, бас даяшының қызмет көрсетуі.


Алтын серіктестерге арналған қосымша талаптар:


— жеке және топта келушілерге қызмет көрсету тілдерінің ең шекті талаптарына сай, мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген даяшылардың болуы.




Жиһаз, ыдыс, құралдар, үстел төсемі


ресторан 2.jpg


Барлық деңгейге арналған талаптар:


— ақ немесе түрлі-түсті дастарқанның болуы

— кенеп майлықтардың болуы.


Алтын және күміс серіктестерге арналған қосымша талаптар:


— бөлменің интерьеріне сай келетін жоғары жайлылық жиһазы

— тұтынушыға қызмет көрсетілгеннен кейін үстел жаймасын ауыстыру.


Алтын серіктестерге арналған қосымша талаптар:


— фирмалық дастарқандардың болуы.




Әкімшілік қызмет пен клиентке бағдарлану


Барлық деңгейге арналған талаптар:


— ашық сымсыз ғаламтор

— ағылшын/қытай тілдерін жақсы білетін әкімші

— мейрамхананың фронт-кеңсесі қызметкерлерінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білуі

— пост-терминалдың болуы

— күзеттің болуы.


Алтын серіктестерге арналған қосымша талаптар:


— қонақтарды көлікке дейін шығарып слатын консьерж қызметінің болуы.




EXPO-2017 арнайы талаптары


Барлық деңгейге арналған талаптар:


— үстелдерде немесе арнайы ақпараттық бағандарда қойылған қонақтар мен қала тұрғындарына арналған EXPO-2017 шаралары туралы ақпарат. Материалды EXPО АҚ береді

— EXPO-ның бірыңғай call-орталығы туралы ақпаратты ораналастыру

— әлеуметтік саясатты жүзеге асыру, яғни, бөлмелерді нашар көретін, нашар еститін, арбада отыратын адамдарға арнап арнайы құралдармен жабдықтау.


Алтын серіктестерге арналған қосымша талаптар:


— тамақтану пунктінде энергия үнемдейтін технологияны қолдану: энергия үнемдейтін жарық пен жабдық, жылу және суықты азайту

— жұмыстың экологиялық аяушылық әдістерін қолдану: суды қолдануды азайту, «жасыл» химияны, қоқысты сұрыптауды қолдану.




Сәулет-жоспарлау шешімдері мен безендіру


ресторан 3.jpg


Барлық деңгейге арналған талаптар:


— ағылшын тылындегі маңдайша жазудың болуы

— залдағы немесе вестибюльдегі ілгіштер.


Алтын және күміс серіктестерге арналған қосымша талаптар:


— балалар бөлмесі

— паркингтің болуы

— жеке кабиналардың немесе VIP-залдардардың болуы

— қызметшілерге арналған қызмет есігі.


Алтын серіктестерге арналған қосымша талаптар:


— ағылшын тіліндегі нұсқаушылардың болуы

— гардероб.




Техникалық жабдықтау мен жарықтандыру


Барлық деңгейге арналған талаптар:


— табиғи және жасанды жарықтандыр

— ғимараттың кіре бірісіндегі сыртқы жарықтың болуы

— температура мен ылғалдың рұқсат етілген параметрлерімен қамтамасыз ететәін мәжбүрлі желдету жүйесі

— күзет дабылы

— тұрғын үй ғимаратында орналасқан мейрамханалардағы шу деңгейін қамтитын дыбыс оқшаулау, 35 дБ кем

— бейнебақылаудың болуы

— дәретхананы жабдықтау: дәретхана кабиналары, айнасы бар қол жуғыштар, электр розеткасы, дәретхана қағазы, сабын немесе сұйық сабын құйылған диспенсер, қағаз орамалдар немесе электр орамалы, киім ілетін ілмек, қоқыс салатын кәрзеңке.


Дереккөз: expo2017astana.com

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.