Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
y-nd-r-s-nen-bastap-n-mderd-premium-klass-d-rezhes-ndeg-supermarketter-sh-n-alay-dayyndau-a-bolady

Үй өндірісінен бастап, өнімдерді премиум-класс дәрежесіндегі супермаркеттер үшін қалай дайындауға болады
831

02.01.2019

Үй өндірісінен бастап, өнімдерді премиум-класс дәрежесіндегі супермаркеттер үшін қалай дайындауға болады

Бариля Шаихова, 59 жаста, туған қаласы — Алматы, «Домашнее с любовью» ЖШС коммерциялық директоры, @domashnee


Бәрі қалай басталды


Біз бес жыл бұрын ашылдық. Бәрі тосаптарды туысқандарға сатудан басталды. Біз үш бөлмелі пәтерді жалға алып, олардың сұрауы бойынша тосаптар қайнаттық. Нарықта табиғи өнімдердің жетімсіздігі орын алатынын аңғардық. Дүкендердегі барлық өнімдерде консерванттар, хош иістендіргіштер мен бояғыш заттар қосылған. Біз бос тауаша бар екеніне көз жеткіздік.

Біздің компаниямыз отбасылық, сол себепті біз өнімдерді жақындарымыз үшін дайындай бастадық. Кейін сарафан радиосы іске қосылды. Рецепттерді бір-бірімізден сұрап, интернеттен қарап, жетілдіріп жүрдік. Клиенттер де өздерінің нұсқаларын ұсынды. Таңқурай, өрік – дәстүрлі түрлерінен бастап, кейін айрықша рецептер бойынша – жалбыз қосылған құлпынай, даршын қосылған алма, апельсин, лимон-жанжабіл тосаптарын жасадық. Құрамында көкөністерден бөлек алма орын алатын қызғылт-сары уылдырық бар – бұндай рецепт бірде-бір өндірушіде жоқ. Біздің сұрыптамамызда 22 тосап түрі бар.

Біздің компаниямыз отбасылық, сол себепті біз өнімдерді жақындарымыз үшін дайындай бастадық


33210294_180771675895831_1059723226839515136_n.jpg

Атауды біз бәріміз бірге ойлап таптық. Ол біздің тұжырымдамамыз бен форматымызды айқындайды – барлық өнімдер үйдегідей, өзіміз үшін жасалғандай, махаббатпен, әрі қолдан жасалып дайындалады.

vl7cgFgIRuA.jpg


«Домашнее с любовью» дүкені жайында


Клиенттердің сұранысы бойынша біз сұрыптамамызды кеңейте бастадық. Ақырындап көлемдер артып, біз интернет-сатылымды бастадық, Instagram желісінде парақшамызды іске қостық. Ресми деңгейге шықтық – біздің өнімдеріміз сертификатталған. Біз кеңірек жерді жалдап алғаннан кейін, дүкендер мен супермаркеттерден сұраныстар түсе бастады. Бізге Gourmet, Interfood, Galmart, «Столичный», «Юбилейный» супермакеттері назарларын аударды. Бүгінде біз Астана мен Алматыдағы премиум-класс дәрежесіндегі барлық супермаркеттерде ұсынылғанбыз.

Бүгінде біз Астана мен Алматыдағы премиум-класс дәрежесіндегі барлық супермаркеттерде ұсынылғанбыз


35459367_186934805309738_6255123067756871680_n.jpg


36642911_2036949279901674_9096096049746935808_n.jpg

Біздің негізгі орнымыз – Mega Center-де. Күн сайын таңғы сағат оннан кешкі тоғызға дейін жұмыс істейміз. Дүкенде барлығы бір стильде, үй атмосферасында жасалған.

Біз үлкен тапсырыстарды орындай аламыз. Жазда қолымызда жемістер бар болса, клиенттің тапсырысымен талғамына орай тосап дайындап береміз. Клиенттер компаниямызға хабарласса, толықтай дастархандарын жайып, достарын күте алатындарын біледі.


Өнім жайында


Бізде үйде консервіленген 100 % табиғи, экологиялық таза өнімдердің сұрыптамасы кең: тосаптар, тәттілер, шәрбаттар, нәрсулар, тұздалған өнімдер, тұздықтар және тағы басқа өнімдер. Барлық тоңазытылған жартылай дайын ет өнімдері экологиялық таза фермерлік еттен жасалады – мәнті, тұшпаралар, котлеттер, бәліштер. Жаңадан піскен үй өнімдері, бәліштер, лимон балқарағайы, дәруменді десерттер, жержаңғақ пасталар бар. Сыйға берілетін жинақтар мен себеттер бар.

1IZUn7vVSz8.jpg

33861164_323164928214987_4365463798274850816_n.jpg

43985105_283613675605117_3179274081293594617_n.jpg

38051838_840078736196723_463106394879426560_n.jpg

Бізде Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Қазақстаннан сенімді жеткізушілеріміз бар. Біз үшін өнім сапасы маңызды. Әрбір өнім тиянақты және ұзақ уақыт тексерісінен өтті. Өнімдеріміздің жарамдылық мерзімі 18 ай. Біз осындай мерзімге пастерлеудің арқасында жеттік. Құтылар 100 градустан асатын температурада пастерленеді, одан кейін біз ішіне өнімдерді құямыз.

Әрбір өнім тиянақты және ұзақ уақыт тексерісінен өтті


Nym_b0H6dzc.jpg


mVWHrXMTTrw.jpg

Тұздалған қиярларды дүкендерде сатып алғанда, олардың құрамында жаппай сірке суы болады. Бізде қиярлар үйдегідей дәмді. Біздің басты ерекшелігіміз – барлығын қолдан дайындайтынымызда. Сондай өнімнің айырмашылығы – зауытта барлығы лекке қойылған. Олар сағатынан 1000 құты шығарады. Біз болсақ, шикізатты тиянақты іріктеуден өткізіп, күніне шағын партия – 1000 құты шығарамыз. Барлығы қолмен тазаланып, туралады, апалардың үйінде шарада пісірілгендей дайындалады. Бұл ұзақ уақытты, тиянақты процесс. Барлық заттаңбалар қолмен жабыстырылады. Әрбір өнім мен құтыға көңіл бөлінеді. Сол себепті біздің өнім клиенттер арасында бағаланады.


Жоспарлар жайында


eM_B_kylyCQ.jpg

Біз Алматыда, Астанада, Ақтөбеде жұмыс істейміз, Шымкент нарығына шықтық. Өнімнің көлемі ұлғайып келеді, сұрыптамамызды кеңейтіп жатырмыз. Одан да көп аймақтарды қамтуды қалаймыз.

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.