facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
dubayda-y-aza-tar-ayn-r-mar-ali-dubayda-5-zhyl-t-ryp-zhylzhymaytyn-m-l-k-zh-n-ndeg-agent-bolyp-zh-mys-steyt-n-zhayynda
logo
Дубайдағы қазақтар. Айнұр Құмарғали Дубайда 5 жыл тұрып, жылжымайтын мүлік жөніндегі агент болып жұмыс істейтіні жайында

20.05.2019

Дубайдағы қазақтар. Айнұр Құмарғали Дубайда 5 жыл тұрып, жылжымайтын мүлік жөніндегі агент болып жұмыс істейтіні жайында

Айнұр Құмарғали, 29 жаста, туған қаласы — Алматы, seniorProperty Advisor, www.domdubai.com


Алматы — Дубай


IMG_8979.JPG

Мен бес жыл бұрын Алматыдан Дубайға көшіп келдім. 2012 жылы Ливанға ұшқан кезде, Абу-Дабиге бағытталатын рейсте болдым. Сол кезде маған Абу Дабидің әуежайы қатты ұнады. Сол жерде жай ғана ыңғайлы орындықтар емес, кереует-орындықтар болды, тіпті көрпелер беретін. Ауысып отыру 12 сағатқа созылды және бұл уақыт аралығында мен қызмет көрсету деңгейіне таңданып отырдым. Дубай арқылы ұшып жатқан кезде, пальмаларға, жағажайларға, зәулім үйлерге, яхталарға көзім түсті. Мен бұл қалаға бір көргеннен ғашық болдым және оралып, осында тұрамын деген ой келді. Және бір жылдан кейін оралдым.

Мен бұл қалаға бір көргеннен ғашық болдым



Дубайдағы жұмыс жайында


Жұмысты табу қиын болды. Себебі мен бірден жақсы жұмысқа орналасуды қалағанымнан болар. Бутиктегі сатушыларға жақсы ақша төлесе де, бұндай жұмысты қаламадым. Мен Дубайда жылжымайтын мүлік жөніндегі агент болуды армандадым.

IMG_8977.JPG

Жұмысты бірден тапқан жоқпын. Маусымы сай келген жоқ шығар. Үш айдан кейін оралғасын ғана қалағанымды таптым. Мен Дубайдағы ірі салушы компаниялардың біріне промоутер қызметіне орналастым. Міндетім бойынша молдың ішіндегі негізінен орыс тілді адамдарды салушы салған жекеменшікті көруді ұсынып жүрдім. Мен бұл компанияда үш жылдай жұмыс істедім. Маған барлығы ұнайтын, әсіресе басында қызықты болды. Күніне бес сағат жұмыс істеу қажет болды. Бұл жаңа жердегі жақсы бастама еді.

Мен жақсы табыс табатынмын, әсіресе бірінші жылы. Біз жалақымен қатар сатылымдардан түсетін комиссиялар алатынбыз. Ал 2014 жылы Дубайдағы жылжымайтын мүлік жақсы сатылды. Сол кезде мен өте жас болдым және көп шығындайтынмын, барлығын шопингке құртатынмын. Екінші жылы да жаман болған жоқ. Ал ТМД елдерінде жағдай қиындап, саяхатшылар сирек келе бастағаннан кейін, мен жұмыстан шығып кеттім. Бизнестің жабылуын күтпеуді шештім.

IMG_8980.JPG

Енді мен жылжымайтын мүлік жөніндегі агент қызметін атқарамын. Қазақстанда бұндай қызметпен айналысқан жоқпын, бірақ бізде оларды онша қабылдай қоймайтынын білемін. Дубайда олай емес, осында бұл толық институт ретінде жұмыс істейді. Біз әлеуметтік құқықтарға ие боламыз, оқимыз, бізде үш күндік мемлекеттік курс өтеді. Сол курстан өткеннен кейін, біз емтихан тапсырамыз, нәтижесі жақсы болса, агент болып жұмыс істеу құқықығына ие боламыз.

Дубайда құрылыс тоқталмай жүргізіледі. Қаланың құрылысы орта жолда емес, басында тұр деп айтар едім. Қазірде Дубайдағы жылжымайтын мүлік арзандады және менің ойымша, бұл қаражат жұмсау үшін ең жақсы кезең.


Дубайдағы ең қымбат сыйлық


Қаланың маған берген ең қымбат сыйлығы – мінезімнің тәрбиесі, осында тәртіпке, дербестікке ие болдым. Мен осында көп нәрселерді басымнан кешірдім және өткен нәрселердің барлығына ризамын. Дубайда тұлға болып қалыптастым деп айта аламын.


Көшу кезінде болған қиындықтар


Менің жолым болды, көшкен кезде менде қиындықтар болған жоқ, себебі осында алғаш рет келген кезде, бұрынғы жігітіммен танысқан кедім. Екінші рет келген кезде, ол мені алақанында ұстап жүрді десем болады.

Жалпы, көп адамдарға жұмыс табу қиынға соғады. Егер көлігің болмаса, қала бойынша жүру қиын. Такси қымбат тұрады, метро және автобустар барлық жерлерде жүре бермейді. Сонымен қатар адамдар климатқа тез бейімделе қоймайтынын білемін.

Дубайда мықты қазақ қауымдастығы бар. Отандастарымыз осында бір-біріне көмектеседі және біз бұл қолдауды сеземіз.


Дубай өмірге қалай ықпал етті


IMG_8978.JPG

Дубай өмірімді түбегейлі өзгертті. Менің ойымша, өмірім бұл қаламен мәңгі байланысты болады. Мен оны жақсы көремін және маған үлкен мүмкіндіктерді ұсынып жатқанын көріп отырмын. Бұл менің орным, мен осында өзімді таптым.

Дубай өмірімді түбегейлі өзгертті


Осында үйренген басты нәрсе – бұл табандылық, себебі қаншалықты қиын болса да, барлығын өзгертуге болады. Оған қоса бірдеңені қаласаң, ол жүзеге асады. Сол үшін жұмыс істеп, бұл бағыттан таймау маңызды. Мен жетістікке жеткен көп адамдарды көріп жүрмін және олардың өткен жолдары шабыттандырады. Бұл қалада барлығы мүмкін.

Бір жыл, бір жарым жыл бұрын мен осы жерден басқа жаққа кетуді қаламайтынымды ұғына бастадым. Басқа бір жерде барлығын басынан бастауды қаламайтынымды түсіндім.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.