facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ba--ge-k-shu-t-ratyn-zher-mekteb-zh-ne-zh-mys-oryndary
logo
БАӘ-ге көшу: тұратын жер, мектебі және жұмыс орындары

01.07.2022

БАӘ-ге көшу: тұратын жер, мектебі және жұмыс орындары

Біріккен Араб Әмірліктері өзінің масштабымен, технологиясымен және географиялық жағдайымен таң қалдырады. Көптеген орыс тілді тұрғындар жақсы өмір сүру мен жайлы жұмыс үшін осы мемлекетке басымдылық береді. Біз БАӘ-ге иммиграция үшін білуіңіз қажет барлық ақпараттарды жинадық: қала халқы, мектептері, ұйықтайтын аудандары және т.б.


оаэ

БАӘ жеті аймаққа — әмірліктерге бөлінеді. Бұл Абу-Даби, Дубай, Шарджа, Рас-Эль-Хайма, Фуджейра, Умм-Эль-Кайвайн, Аджман. Әр әмірліктің өз заңдары, мәдени ерекшеліктері мен әдет-ғұрыптары бар.

БАӘ-нің басты артықшылығы — жылдың әртүрлі мезгілдеріндегі қолайлы ауа - райында. ТМД елдерінің азаматтары тұрақты тұруға ыңғайлы ел ретінде Біріккен Араб Әмірліктерін таңдап, сонда көшеді. Мұнда 70 мыңға жуық орыс тілді адамдар тұрады. Олардың басым бөлігі:Ресей, Украина және Қазақстаннан көшіп келген.

Экспаттардың көпшілігі өмір сүруге ыңғайлы деп Дубай және Абу-Даби қалаларын артық көреді. Бұл қалалары басқа шаһарларымен салыстырғанда бай әрі дамыған, сондай-ақ халық тығыз орналасқан. Мұнда бос вакансиялар көп әрі жылжымайтын мүлік нарығы да кең, бұдан басқа көптеген мүмкіндіктер де бар.

Дубай


дубай

Ертегі қала өзінің сәулетімен таңдай қақтырып, көптеген туристерді тартады. Соңғы он жылдықта бұл қала Таяу Шығыстың іскерлік орталығына айналғаны бәріне мәлім. Мұнда халықаралық жоғары оқу орындары жұмыс істейді және болашағы зор жұмыс орындары ашылып, ұйықтауға арналған жайлы аудандар салынуда.

Аудандары


Егер Дубайға турист ретінде емес, сол жерде жұмыс істеп, тұрақты тұру үшін көшіп барсаңыз, онда пәтер немесе үй аларда мұқият таңдағаныңыз жөн. Дубайда жылжымайтын мүліктің негізгі үш түрі бар: пәтер, таунхаус және вилла. Сонымен қатар тұрғын үй таңдағанда мән беретін тағы бір маңызды фактор-бұл мектеп немесе балабақша ретінде сізге қажетті инфрақұрылымның болуы. Ауданның беделі, бағасы мен қауіпсіздігі — бұл бірінші кезекте назар аудару керек факторлар.

Дубайдағы әр ауданның артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Өмір сүруге ең қолайлы үш ауданға Jumeirah Beach Residence, Dubai Marina, Emirates Hills жатады.

Jumeirah Beach Residence

Туристер мен экспаттар бұл ауданды өмір сүруге ең қолайлы жер деп есептейді. Жыл бойы Парсы шығанағының маңында демалуға болады. Мұнда салтанатты пәтерлер мен керемет виллалар орналасқан.

Jumeirah Beach Residence

JBR ауданының артықшылықтары — мейрамханалар, сауда және ойын-сауық орталықтары сондай-ақ мектеп пен ауруханаға жақын орналасуы. Дегенмен өзіндік кемшіліктері де бар. Ең басты кемшілігі — жылжымайтын мүлік объектілерінің қымбаттығы. Бұл аудандағы пәтерлер мен виллаларға кез келген адам қолы жете бермейді.

Dubai Marina

Танымалдылығы жағынан Дубайдағы екінші аудан. Алайда Jumeirah Beach Residence-тен айырмашылығы Dubai Marina тыныш әрі таза. Мұнда да виллалар тұрғызылған бірақ сонымен бірге қалада пәтерлер де бар. Артықшылықтарының біріне метро бекеті мен автобус аялдамалары жатады.

Бұл аудандағы тұрғын үй бағасы арзан емес. Сондықтан Dubai Marina-да тұрғыңыз келсе сізге жомарт болуға тура келеді. Тұрғын үй бағасының қымбаттығынан бөлек басқа да кемшіліктері бар: салынып бітпейтін құрылыстар, машина қоятын жердің аздығы, кептеліс пен жасыл желектің жоқтығын айтуға болады.

Emirates Hills

Балалары бар отбасылар үшін жасыл желекті тамаша аудан. Мұнда Дубайдың шуылы мен қарбаластығынан жасырынып кептеліс пен қалың адамдардан бір-уақ демалуға болады. Орталықтан тысқары орналасса да Emirates Hills-те өмір сүруге қажетті барлық инфраструктуралар бар: мейрамхана, кафе, дүкен, қоғамдық бассейндер мен саябақтар орналасқан. Қауіпсіздікке ерекше мән беріледі. Мұнда тәртіпті тек полиция ғана емес, жеке күзет фирмалары да атқарады. Бұл ауданда бірнеше халықаралық мектептер орналасқан.

Жылжымайтын мүлік бағасы орташа.

Мектептері


БАӘ-де бала 11 жастан бастап кампуста тұрып, оқи алатын мектеп-интернаттар мен ата-анасы БАӘ-де тұратын балалар баратын күндізгі мекемелер де табылады. БАӘ азаматы емес оқушылар үшін мемлекеттік мектептер тек ақылы негізде оқытуы мүмкін. Онда ұлдар мен қыздар бірге емес, бөлек оқиды және сабақ араб тілінде өтіледі.

school

Дубай мектептеріндегі білім — әлемдегі ең беделді әрі озық білім беру жүйесінің қатарына кіреді. Жергілікті білім беру жүйесі әрбір баланың потенциалын ашуға бағытталған. Жеке меншік мектептегі оқытудың артықшылықтары: шет тілін жақсы білу, мәдениетаралық алмасу, білікті мұғалімдер құрамы және ең қызығы — жергілікті және халықаралық университеттерге автоматты түрде қабылдануы.

БАӘ оқушылардың 40%-ы жеке меншік мектептерге барады. Олардың арасында үздіктері:
Repton School, LFIGP жәнк Kings' School Dubai.

Repton School

Беделді мектеп Дубайдың орталығында орналасқан, 2007 жылы негізі қаланған. Сонымен қатар мектепте International Baccalaureate халықаралық мәртебесі бар. Repton Dubai британдық бағдарламамен оқытады.

LFIGP

Францияның халықаралық мектебі, 2003 жылы құрылған. Дубай мен Шарджада филиалы бар. Француздық бағдарламамен оқытады.

Kings' School Dubai

KHDA рейтингінде жыл сайын ең жоғары бағаланатын БАӘ-дағы жалғыз мектеп. 2004 жылы негізі қаланған. Street 17, Near Burj Al Arab, Umm Suqeim деген жерде орналасқан. Оқыту бағдарламасы британдық.

Компаниялар


Халықаралық компаниядарда жұмыс істеу үшін вакансияларын қарап, түйіндеме жіберу қажет. Дубайдағы топ компаниялар: Emirates integrated telecommunications company, Emirates Group, Nakheel, Etihad rail company, Emirates national oil company.

work

Emirates integrated telecommunications company — телекоммуникация қызметіндегі провайдер-компания. Нарықта 2006 жылдан бастап DU брендімен бар.

Emirates Group — авиациялық холдингтік халықаралық компания. Оның құрамына көптеген компаниялар кіреді, атап айтқанда D Nata пен Emirates airlines та бар.

Nakheel — әлемге әйгілі әрі Дубайдағы негізгі құрылыс компанияларының бірі. Ірі жобасы — Пальма аралдары.


Абу-Даби


Тұрақты экономика мен жұмысқа орналасудың мол мүмкіндіктерінің арқасында көптеген шетелдік азаматтар жұмысқа орналасу, бизнес ашып, оны жүргізу мақсатында БАӘ астанасы Абу-Дабиге көшуді құп көреді. Бұл жергілікті және шетелдік жұмысшылар үшін көптеген жұмыс орындарының пайда болуына әкеліп сәйкесінше бұл әмірліктің жылжымайтын мүлік секторына оң ықпал етуде.

abu dhabi

Абу-Дабиде тұру мен жұмыс істеудің артықшылықтарының бірі — жоғары жалақы, табыс салығынан босатуы, күншуақты климаты мен қауіпсіздігі және де мәдениетінің әртүрлілігі жатады.

Аудандары


Тұратын жер таңдағанда бірнеше факторларды ескеру керек. Егер Дубайда «тиын-тебенге» үй таба алатын болсаңыз, ал Абу-Дабиде бұл мүмкін емес. Мұнда тіпті нашар бөлме үшін көп ақша төлеуге тура келеді. Оған қоса қалада қоғамдық көлік саласы дамымаған. Сондықтан не өзіңізге машина сатып аласыз немесе үнемі такси қызметін пайдалануға тура келеді. Бұдан бөлек Абу-Дабиде шетелдіктер жер иелене алмайды. Сондықтан үй емес, пәтер салып алғаныңыз дұрыс.

Экспаттар үшін ең жақсы үш ауданы: Downtown, Madinat Zayed, Al Raha.

Downtown

Астананың орталығында сәнді тұрғын үйлер, сауда орталықтары, керемет мейрамханалар мен барлар, қаладағы ең жақсы балабақшалар мен мектептер орналасқан. Қала орталығында тұрғанда жеке көлік сатып алу жайлы ойламай-ақ қойсаңыз болады. Иммигранттар көбінесе астананың барлық артықшылықтарын пайдалана алу үшін қаланың орталық бөлігінде тұрады.

Қала орталығындағы тұрудың бір кемшілігі — бағасы тым қымбат.

Madinat Zayed

Madinat Zayed орталықтың маңында орналасқан. Мұндағы жылжымайтын мүліктің құны орталыққа қарағанда айтарлықтай төмен. Абу-Дабидің ең қызықты көрнекі жерлерінің бірі — «Алтын базар» да осы ауданда орналасқан.

abu dhabi

Al Raha

Al Raha-ның басты артықшылығы — жағажайларының көптігі мен жағалауының кеңдігінде. Бұл ауданда өмір сүруге қажетті нәрсенің бәрі бар: қаладағы пәтерлер мен жеке үйлер, ірі сауда орталықтары, аурухана мен дәріхана және халықаралық мектептер.

Теңіз жағасындағы үйді жалға алу одан алысқа қарағанда арзанырақ, өйткені люкс пәтерлер ауданның ішкі жағында тұрғызылған. Отбасымен бірге өмір сүруге ыңғайлы —
тыныш әрі жайлы аудан.

Мектептері


Абу-Дабиде көптеген халықаралық мектептер бар, сәйкесінше ондағы балалар да әртүрлі білім беру бағдарламаларымен оқиды. Оның ішінде топ үштігі: Abu Dhabi International School Gender, Al Ain International School, The British International School.

school

Abu Dhabi International School Gender

Кембридж сертификаты бар, ағылшын тілінде білім беретін мектеп. Мұнда 3,5 мыңға жуық бала оқиды. Бұл мектеп иммигранттар мен орыс тілділер арасында өте танымал.

The American International School

Мектеп 1995 жылдан бастап Абу-Дабиде жұмыс істеп келе жатыр. Мұнда мұғалімдер әр балаға жеке көңіл бөле алады, себебі бастауыш мектептегі оқушылар саны 700-ден аспайды.

Халықаралық стандарт бойынша білім береді. Бұл жерде білім алу үшін бәсекеге қабілеттілігің мен мақсатқа талпынушылығыңды дәлелдеп көрсете алуың керек.

The British International School

Мектеп 2009 жылы ашылған. Бүгінгі таңда әртүрлі ұлттық топтарға жататын 1300-ден астам бала оқиды.

Компаниялары


Абу-Даби ірі жергілікті компаниялардың астанасына айналған. Мұнда Emirates Telecommunications Group, First Abu Dhabi Bank, Abu Dhabi Commercial Bank, Abu Dhabi Islamic Bank сияқты кәсіпорындардың штаб-пәтерлері орналасқан.

work

Emirates Telecommunications Group Co. PJSC телекоммуникациялық қызмет көрсетеді. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қызметін де ұсынады.

First Abu Dhabi Bank корпоративтік, бөлшек және жеке сауда, инвестициялық банк қызметтерін ұсынады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.