facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-yzy-aza-standa-z-n-ona-ret-nde-al-europada-y-ndeg-dey-sez-net-n-zhayynda
logo
Қазақ қызы Қазақстанда өзін қонақ ретінде, ал Еуропада – үйіндегідей сезінетіні жайында

20.06.2019

Қазақ қызы Қазақстанда өзін қонақ ретінде, ал Еуропада – үйіндегідей сезінетіні жайында


Өмірі жайында


1995 жылы біз отбасымызбен Лондонға, үш жылдан кейін Голландия еліне көшіп кеттік, одан кейін мен Лондондағы мектепте оқу үшін оралдым. Оқуды бітіргесін, Прагадағы университетке түстім, осында тұрып жатқаныма төрт жыл болды.

Прагадағы оқу Лондонға қарағанда әлдеқайда арзанырақ тұрады, сапасы жағынан кем түспейді, сол себепті осында келуді шештім. БАҚ және коммуникация саласын оқып жатырмын, киім шығаратын фин компаниясында SMM менеджер қызметін атқарамын, баспасөзбен жұмыс істеймін. Бұл компания экологиялық тұрғыдан таза материалдардан киім жасап шығарады.

Еуропада Қазақстанға қарағанда қызметкерлерге деген қатынас мүлдем басқа. Сайттарды жасап шығаратын компанияда жұмыс істеген кезде, бізде Google компаниясындағыдай кеңсе болды. Сол жерде демалуға немесе ұйықтауға арналған бөлме болатын, сонымен қатар мен өзімен бірге итімді алып келе алатынмын және ол кеңсе ішінде еркін жүгіріп, әріптесімнің итімен ойнай алатын.

Қазақ қызы Қазақстанда өзін қонақ ретінде, ал Еуропада – үйіндегідей сезінетіні жайында

Мен Қазақстанға келген кезде, өзімді қонақ ретінде сезінемін, ал Еуропаға кеткен кезде – үйімдегідей боламын. Прагада сенде ешкімнің шаруасы болмайды, мен ерекше киімді киіп, сәнді болып саналамын.

Осында ағылшын тілінде сөйлемейтін көп адамдарды кездестірдім, бұндай елдер Еуропада көп табыла бермейді. Бұл біраз қиындық тудырады.

Мен жаяу аралап шығуға болатын кішкентай, шағын қалаларды жақсы көремін. Біз жігітім Нұрланмен шығармашылық адамдармыз, бізді сәулет, өнер қызықтырады және Прага – бұл орайда мінсіз қала болып табылады.

Қазақ қызы Қазақстанда өзін қонақ ретінде, ал Еуропада – үйіндегідей сезінетіні жайында

Баспанасыз жүретін адамдар ешқашан басқаларға тиіспейді, алаңдарда жиі шоу ұйымдастырады. Үйсіз қалған адамның алғашқы мақсаты – итті тауып алу. Полиция иті бар адамды алып кете алмайды, себебі ит иесіз қалады. Оны қорғалайтын орынға алып кетіп, таяу уақытта ешкім алып кетпесе, итті ұйықтатып тастайды. Ал чехтар иттерді өте жақсы көреді. Осында ит отбасы мүшесі болып саналады және оның құқықтары адамға берілетін құқықтарымен бірдей.

Қазақ қызы Қазақстанда өзін қонақ ретінде, ал Еуропада – үйіндегідей сезінетіні жайында


Қала жайында


Осында алғаш рет ақпан айында келдім, бұл ғажайып кезең еді. Таңғы алтыда біз Нұрланмен Вацлав алаңына шықтық, сол кезде ешкім болған жоқ және үлпілдеп қар жауып тұрды – біз бұл сұлулыққа таңданып тұрдық.

Прага жайында еске салатын алғашқы нәрсе – тастар төселген көшелер. Соның кесірінен аяқ киім бір маусымның ішінде жарамсыз болып кетеді және өкшесі бар аяқ киіммен жүре алмайсың. Тас төселген жол сол жерде жүргенде ұнамайды, ал басқа жаққа кеткен кезде, соны сағынасың.

Қазақ қызы Қазақстанда өзін қонақ ретінде, ал Еуропада – үйіндегідей сезінетіні жайында

Осында тұру қымбат емес, бұл студенттер үшін мінсіз қала. Прага төбелі жер, биік төбеге көтерілген кезде, бүкіл қала алақандағыдай көрінеді. Қаланың өз тарихы бар, осында XIV және XX ғасырлардағы ғимараттар бір-біріне жақын орналасқан, сонымен қатар қала жасылға толы, әр жерде саябақтар орналасқан, иттер үшін жайлы жерлер көп.

Осында көліксіз тұру ыңғайлы, қала ішінде қоғамдық көлікпен жүріп, тезірек жетесің. Қар жауған кезде, барлығы үрейлене бастайды. Барлық жерде апаттар басталады, трамвайлар тоқтап, автобустар кешігіп жүреді.

Қаладағы сүйікті жерім – Риегровы бақтары. Бұл төбешікте орналасқан саябақ. Жазғы маусым басталған кезде, іші адамдарға толады. Осында алуан түрлі адамдар отырып, гитарада ойнап жатқан адаммен қосылып ән салады – керемет аура орын алады. Адамдар демалады, барбекю жасайды, иттерімен секуендейді.

Қазақ қызы Қазақстанда өзін қонақ ретінде, ал Еуропада – үйіндегідей сезінетіні жайында

Сенбі және жексенбі күндері көшелерде адамдар мүлдем болмайды. Қала «Я легенда» фильмінде сияқты мүлдем бос болады, сол себепті мен демалыс күндері итіммен шығып, серуендеуді ұнатамын. Чехтар бұл уақытта үйде отырады, ұйықтайды немесе саябақта демалады.

Мен осында көбірек жаяу жүремін, себебі барлығы жақын орналасқан, көшелері таза. Егер бір кішкентай көшеге шықсаң, өзің үшін міндетті түрде жаңа жерлерді ашасың.


Тамақ жайында


Қазақ қызы Қазақстанда өзін қонақ ретінде, ал Еуропада – үйіндегідей сезінетіні жайында

Дереккөзі: leelana.ru

Чехтардың ең басты тағамы – гуляш. Бұл тұздықпен әзірленетін сиыр еті, буда пісірілген нан –кнедликтармен беріледі. Өте дәмді.

Чехияда екі адам 5000 теңгеге дәмді және тойымды тамақтана алады. Аз ғана сома үшін үлкен порцияларды береді, бұндайды ешқашан көрген емеспін. Қарапайым студент аптасына екі рет жақсы мейрамханаға барып, кешкі ас іше алады.

Мен әрқашан «Оранжад» сусынына тапсырыс беремін — бұл апельсин лимонады. Сондай лимонад Астанадағы Coffee Boom кофеханасында бар.

Қазақ қызы Қазақстанда өзін қонақ ретінде, ал Еуропада – үйіндегідей сезінетіні жайында

Дереккөзі: medium.com

Чехияның дәмханаларында берілетін тартар деген тағам бар. Шикі фаршқа шикі жұмыртқа құйылып, нанға жағылады. Көп адамдардың айтуы бойынша, бұл дәмді. Бірақ мен жеп көрген жоқпын.

Жұмыстан түскі асқа шығып, бір-екі саптыаяқ сыра ішіп, қайтадан кеңсеге оралу – қалыпты жағдай болып саналады.


Адамдары жайында


Қазақ қызы Қазақстанда өзін қонақ ретінде, ал Еуропада – үйіндегідей сезінетіні жайында

Прагада көбісі, әсіресе аға буын өкілдері орыстілді адамдарды жақсы көреді. Орысша сөздерді естіп, сенімен әңгімелесуге тырысатын адамдар бар. Керісінше орыс тілін біле, түсінуге мүлдем тырыспайтын адамдар да бар.

Әйелдердің көбісі феминистер, олар құқытарын қорғайды. Мен де олардың қатарына қосылдым.

Бала 18 жасқа толған кезде, ата-анасы қаржылай қолдау көрсетпейді. Сол себепті жастар университетке ақша жинау үшін, мектептен кейін жұмыс істейді. Барлық отбасыларда солай қалыптасқан деп айта алмаймын, бірақ бұл кеңге таралған.

Қазақ қызы Қазақстанда өзін қонақ ретінде, ал Еуропада – үйіндегідей сезінетіні жайында

Сонымен қатар осында егер жасың үлкен болса, абыройлы адамсың деген түсінік жоқ. Адамның жасына емес, әрекеттеріне қарап құрметтейді. Бейтаныс үлкен кісіні жасы үшін ғана құрметтеуге міндетті емессің.

Чехтардың өздері кішкене қызғаншақ болып келетін халық екенін және шетелдіктерді ұнатпайтынын мойындайды. Бірде мынадай жағдай болды: бізге, студенттерге визаның мерзімін ұзарту керек болды және біз көші-қон полициясына бардық. Құжаттарымызды тапсырдық және барлық қызметкерлер ағылшын тілін біліп, бізді түсінсе де, біздің чех тілін білмегендіктен, қабылдамайтындарын айтты. Кілттің телнұсқасын жасауған кезде де дәл сондай оқиға болды. Мен чех тілін түсінбегендіктен, маған кілтті қайтадан лақтырып жіберді.

Уақыт өтіп, осында тұрғасын, жергілікті халыққа дағдыландық. Олардың көңілдерін аулап, чех тілінде бірнеше сөз айтсаңыз, барлығын жақсы күймен қабылдайды.


Прагадағы өмірімен бөліскен – Ельдана Батрашева.

Суреттер Ельданы Батрашеваның жеке мұрағатынан алынған.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.