facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-sh-n-europany-ay-alalaryna-k-shu-o-ay-bolatyny-turaly
logo
Қазақстандықтар үшін Еуропаның қай қалаларына көшу оңай болатыны туралы

19.07.2018

Қазақстандықтар үшін Еуропаның қай қалаларына көшу оңай болатыны туралы

Сабина Шарипова, 22 жаста, туған жері — Астана, студент

Тұрып жатқан ел: Польша, Познань


1.jpg


Польшаға 2015 жылдың соңында көшіп келдім, қазір «мейрамханалық бизнес» мамандығы бойынша 2 курста оқимын, оған қоса осы салада жұмыс істеп, саяхаттаймын.

Польша — егер Еуропада тұруды қаласаң, керемет бастама бола алады. Жергілікті бағалар Қазақстаннан аса ерекшеленбейді. Және польшалық валюта злотый теңгемен бірдей деп айтуға болады, бұл қазақстандықтар үшін өте қолайлы. Бұл жерде қосымша жұмысты оңай табуға болады және өмір сүру деңгейі жақсырақ кез келген Еуропалық қалаға жету жеңіл.

Польшадағы студентке, егер ақшаны үнемдеп ұстаса 300 доллар жеткілікті. Бұл сомаға тұратын үй, тамақ және минималды ойын-сауық шығындары кіреді. Мұнда университетке түсу оңай. Егер поляк тілінде оқығың келсе, ол әлдеқайда жеңіл әрі арзан. Ал егер ағылшын тілің таңдасаң, онда тілді білу туралы сертификаттар қажет. Және поляк тілін жақсы білсең онда жұмыс таба аласың, жалақылары Қазақстандағыдан аса жоғары емес. Және мұнда бизнес ашу қымбат емес.

Жұмыс істеуге келуге қарағанда студент ретінде келген арзанырақ әрі қолайлы. Себебі жұмыс визасын ашу қиын, ал студенттік виза қолжетімді. Менде тұру рұқсаты бар. Бұл карта маған заңды түрде Шенген аумағында тұруға мүмкіндік береді, оны үшінші рет алып тұрмын. Карта бір жыл мерзіміне беріледі, егер оны бес жыл бойы алатын болсаң, одан кейін саған поляк картасы беріледі. Ал поляк картасымен польшалық азаматтылыққа өтінім жіберуге болады.

2.jpg

Поляктар қазақтарға қарағанда тыныш режимде өмір сүреді. Олар еш жерге асықпайды, саяхаттауды ұнатады, себебі ол үшін мүмкіндіктері бар. Польшалық жастар біздің жастардан өте қатты ерешеленеді, олар еркін, өздеріне өздері жауап береді.

Мені поляктардың көбісі ағылшынша сөйлемей, поляк тілінде сөйлегенді ұнататындары таңғалдырды. Жас адамдар кездесуге барғанда әркім өзі үшін төлейтіндері де қызық. Сондай-ақ, поляктар дәстүрлерді сақтайды, әр жексенбі сайын ғибадатханаға барып тұрады, ал Рождество бірге жиналып, бір-біріне сыйлық берудің жақсы мүмкіндігі.

Жалпы, Польшадағы өмір адамды өзгертеді, еркін болғаныңды, басқа біреудің пікірі аса маңызды емес болатынын байқамайсың.

Польшада үш жыл тұрып жатырмын және ары қарай жылжудың уақыты келді деп ойлаймын. Қазір бірнеше нұсқаны қарастырып жатырмын, нақты біреуін таңдау қиын.


Адильхан Абжанов, 21 жаста, туған жері — Астана, Людвиг Максимилиан атындағы университеттің студенті

Тұрып жатқан ел: Германия, Мюнхен

5

Кішкентай кезімде бірнеше жыл ата-анаммен Германияда тұрдым. Ал Астанаға қайтып келгенде мен неміс гимназиясына оқуға түстім, әрқашан осы елге оқуымды жалғастыру үшін қайтып келуді қаладым.

Гимназияда біз үшін жеңілдік болды — DSD II емтиханын тапсырып, Германияның университетіне оқуға түсуге мүмкіндігіміз болды. DAAD неміс студентақысына өтініш жіберіп, 2014 жылы оны иелендім. Сол себепті төрт жыл бұрын Германияға, Мюнхен қаласына көшіп келдім.

Германия маған Еуропаның орталығы болғандығынан ұнайды, мұндағы мәдениет басқаша, сапалы әрі тегін білім алуға болады. Германиядағы беделді университетке түсу қиын, сондықтан көбісі басқа шағын қалалардағы университетке оқуға түседі. Бірақ, тілді жақсы біліп, мектепті орташа балмен аяқтап, пәндерді білсең, онда оқуға түсу соншалықты қиын мәселе емес.

Еуропа өте үлкен, барлық елдер әртүрлі, барлығын көріп, салыстырғым келеді. Сол себепті мұнда өмір сүрудің ең үлкен артықшылығы — саяхаттау мүмкіндігі бар.

Әдетте Германияға көшу үшін құжаттар пакетін жинап, қаржылық тұрақтылықты растау үшін арнайы шот ашу қажет. Менде басқаша жағдай болды, студентақы бойынша түскендіктен, комиссиядан өтіп, белгілі құжаттарды жинап, тесттерді тапсыру қажет болды. 2014 жылы кейін бір жылға созып берген 3 айға ұлттық виза алдым. Екінші ретте оны үш жылға, яғни оқу бітірген мерзімге дейін созды. Менің ойымша, Германияға көшу айтарлықтай қиын емес, тек шарттар жайлы маңызды ақпаратпен мұқият танысу керек.

6

Германияда өмір сүріп көрдім, мектеп кезінде де бұл елге келіп тұрдық, сондықтан бейімделу оңай болды. Бірінші жылы жатақханада тұрдым, онда Ресейден, Украинадан, Қазақстаннан, Қырғызстаннан көптеген студенттер болды.

Германияда барлығы ағылшын тілінде сөйлейді, әсіресе жастар. Маған жалпы тәртіп, жауапкершілік ұнайды. Адамдар мұнда сабырлы. Немістер барлығы санайтындай тиянақты емес, бірақ бұл олардың мәдениетінде айқын сезіледі. Немістер логикаға сүйеніп ойланады, барлығын зерттеп ақана пікірлерін білдіреді, ал Қазақстанда көбінесе адамдар қате түсінік пен эмоцияға беріледі.

Мюнхен — Германияның ең әдемі және таза қалаларының бірі, сонымен қатар қымбат. Мұнда қоғамдық транспорт жақсы дамыған, бүкіл қала бойынша жүретін жақсы метро желісі, қалалық поезд, электричка және велосипедке арналған жолдар бар, көліктер аз.

Оқуымды бітіргеннен кейін Астанаға қайтуды қалар едім. Шетелде болғанда болашақта немен айналысатының жайлы көп ойланасың және менде көптеген ойлар пайда болды. Келіп, Астанада бірдеңемен айналысқым келеді. Мүмкін, кейінірек, белгілі бір салада білімім жеткіліксіз екенін түсінген кезде ары қарай оқитын шығармын.


Аяжан Дуйсенгалиева, 19 жаста, туған жері — Орал, студент

Тұрып жатқан ел: Венгрия, Будапешт

3.jpg

Венгрияда Stipendium Hungaricum бағдарламасы бойынша бакалавриатта оқып жатырмын. «Жабайы табиғатты қорғау және бақылау» мамандығының екінші курсында оқимын.

Венгрия бүкіл әлемнің студенттері үшін көптеген гранттар ұсынады. Егер грантта оқысаң, онда саған тұратын жеріңді, оқуыңды, сақтандыруды төлейді және студентақы береді. Өмір сүру шығыны Еуропада ең төмендердің бірі, сондықтан егер үнемдесең, онда бір студентақысына өмір сүруге болады.

Гранты бар студенттер келген кезде жалғыз уақыт пен мұқияттылықты талап ететін нәрсе — визаның рәсімделуі, оны алып, әр екі жыл сайын жаңарту ғана қажет.

4.jpg

Венгрия — әдемі мемлекет, ал Будапешт Еуропаның басқа көрікті қалалары секілді. Жұмыс табу қиын емес, бұл туристтер елі, бос жұмыс орындары көп. Венгрияда, бүкіл Еуропадағыдай адамдар Қазақстанда секілді көп жұмыс істемейді. Барлығы ерте жабылып, адамдар рахаттанып өмір сүреді. Тіпті астананың өзінде де өмір ритмі баяу. Жергілікті адамдар табиғат пен жануарларға ұқыпты қарайды, ал жұмыс пен оқуға мұқият болады.

Маған Венгрияда лоукостерлердің бар болғаны ұнайды, ол Еуропаның барлық қалаларына және тіпті Африкаға да ұшады. Сондықтан төмен бағамен саяхаттау мүмкіндігі бар.

Маған бұл жер ұнайды, бірақ университет бітіргеннен кейін оқуды жалғастыру үшін Германияға барамын деп ойлаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.