facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
altayly-tar-l-k-nge-dey-n-anday-salt-d-st-rlerd-sa-taydy-belkenchek-kyyra-buular-zh-ne-kay-kozhon
logo
Алтайлықтар әлі күнге дейін қандай салт-дәстүрлерді сақтайды: белкенчек, кыйра буулар және кай кожон

13.08.2019

Алтайлықтар әлі күнге дейін қандай салт-дәстүрлерді сақтайды: белкенчек, кыйра буулар және кай кожон

Табиғатты қастерлеу


Алтайда ағаштарға бауларды байлау — кыйра буулар ескі салты бар. Алтайлықтардың пікірінше, байланған баулар Ээзи құдайының қолдауын қамтамасыз етеді. Баулар қайыңға, сағызқарағайға немесе балқарағайға байланады. Шыршаны немесе қарағайды таңдауға болмайды. Баудың түсі де маңызды орын алады. Ақ түс сүтті және өмірді білдіреді, сары – ай мен күнді, көгілдір – аспан мен жұлдыздарды, жасыл – табиғатты, алқызыл – отты білдіреді.

Алтайлықтар әлі күнге дейін қандай салт-дәстүрлерді сақтайды: белкенчек, кыйра буулар және кай кожон

Алтайлықтар табиғаттың емдік қасиеттері бар екеніне сенеді, сол себепті бата алу үшін, аржандарға – бұлақтарға барады.

Таулардың, судың, оттың – әрбір нәрсенің өзіндік рухы бар деп саналады. Алтайлықтарда жаңа ай туғанда, «отты тамақтандыру» деген түсінік бар. Әйелдер отқа ұннан жасалған өнімдерді, еттің, майдың кесектерін лақтырады – оттың беретін жылуы мен тамағы үшін алғыстарын білдіреді. Отқа қоқыс тастауға және одан аттап өтуге болмайды.

Алтайлықтар әлі күнге дейін қандай салт-дәстүрлерді сақтайды: белкенчек, кыйра буулар және кай кожон

Көптеген алтайлықтардың үйлерінде арша болады. Алтайда бұл өсімдік киелі болып саналады. Арша бұтақтарының өртенген түтінімен үйді және отбасы мүшелерін аластайды.

Әрбір рудың киелі тауы, қамқоршы-періштесі бар. Алтайлықтар әйелдерге құрметпен қарайды, бірақ оларға тектік тауға көтерілуге рұқсат етілмейді.


Кай кожон


Ер адамдардың тамақпен ерекше ән айту өнері, бұл өнер тыңдармандарды трансқа ұшырай алады. Бұндай әндерді орындау үшін, ерекше дағды қажет. Ән бірнеше тәулікке созылуы мүмкін және топшур немес комус сияқты арнайы музыкалық аспаптармен орындалады.

Алтайлықтар әлі күнге дейін қандай салт-дәстүрлерді сақтайды: белкенчек, кыйра буулар және кай кожон


Тойға қатысты салт-дәстүрлер


Той екі рет өтеді: күйеу жігіт жағы және куда немесе белкенек – қалыңдық жағы жасайды.

Алтайлықтар әлі күнге дейін қандай салт-дәстүрлерді сақтайды: белкенчек, кыйра буулар және кай кожон

Қалыңдыққа той көйлегін тіккен кезде, болашақ отбасыға міндетті түрде тілектер айтылады.

Қыздарға өзінің руынан шыққан жігітке тұрмысқа шығуға болмайды. Туған-туыстарымен жасалатын неке – отбасы үшін ұятты нәрсе.

Той өтетін аилдың үстіне қайыңның бұталары қойылады.

Алтайлықтар әлі күнге дейін қандай салт-дәстүрлерді сақтайды: белкенчек, кыйра буулар және кай кожон

Қалыңдықтың шашын екі бұрымға өріп қоятын салт бар. Осылайша оның мәртебесі өзгереді. Бір бұрымды әке жақтағы үлкен ағаның әйелі өреді, ал екіншісін ана жақтағы туысы өреді.

Чегедек — бойдақ қыздың киімі. Дәстүр бойынша тұрмысқа шығып жатқан қыз чегедекті киеді.


Мейрамдар


Эл-Ойын — ұлттық мәдениеттің фестивалі. Ол жылына екі рет өткізіледі. Бұл іс-шараға көп қонақтар келеді, концерттер, спорттық іс-шаралар өткізіледі. Барлық аудандар жиналады, әрқайсысы өзінің елтаңбасын, рәмізін, ал әрбір отбасы – рулық немесе тотемдік жануарын танытады.

Алтайлықтар әлі күнге дейін қандай салт-дәстүрлерді сақтайды: белкенчек, кыйра буулар және кай кожон

Чага-Байрам — Алтайлықтардың Жаңа жылы. Ол көктемнің келуімен, 21 наурыз күні, күн мен түн теңелген кезде тойланады.

Jылгайак — орыстардың масленицасына ұқсайды. Алтайлықтар тұлыпты өртеп, жәрмеңке, байқаулар ұйымдастырады.

Жыршылардың құрылтайы — ер адамдар тамақпен ән айту бойынша жарысады.


Киіз үй


Алтайда әлі күнге дейін салт-дәстүр бойынша киіз үйді қояды. Оның алты бұрышы, үш аяғы және шаңырағы болады. Киіз үйдің оң жағы әйелдерге, ал сол жағы ер адамдарға арналған.


Отбасылық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар


Бала туған кезде, алтайлықтар қойды немесе бұзауды сойып, той ұйымдастырады.

Алтайлықтар әлі күнге дейін қандай салт-дәстүрлерді сақтайды: белкенчек, кыйра буулар және кай кожон

Алтайда кенже бала ата-анасымен тұрады және соңғы жолдарына шығарып салады.

Балаларды кішкентай кезден бастап барлық адамдарға «сіз» деп айтуға, үлкендерді сыйлауға, періштелердің рухына табынуға үйретеді.

Алтайлықтар ру түсінігін сақтайды.

Суреттің дереккөзі: @shaltyrak

Материалды жасап шығаруға атсалысқаны үшін Эркелей Тоедоваға — @toedova_erke, Александра Конушеваға — @konusheva_99, Кристина Сабулаковоға — @shaltyrak, Айсура Чачиякқа — @chachiyak алғысымызды білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.