Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zh-n-bek-s-rsembaev-pen-fatima-agipbergenovany-otbasyly-s-zaf-byl-ary-beld-kter

Жәнібек Сәрсембаев пен Фатима Агипбергенованың отбасылық ісі/ ZAF былғары белдіктері
2311

09.06.2018

Жәнібек Сәрсембаев пен Фатима Агипбергенованың отбасылық ісі/ ZAF былғары белдіктері

Отбасы істері: ZAF

Қызмет саласы: былғары бұйымдарын өндіру

Құрылған жылы: 2015



Барлығы қалай басталды


Жәнібек. IT саласында қызмет еттім және бір кезде өз ісіммен айналысу туралы ойландым. Өзім үшін ізденіс кезінде өндіріс саласына тоқталдым. Мен алдын ала жоспарлап қоятын адамдардың қатарынан емеспін, жиі кездейсоқ әрекет етемін. Ғаламторда былғарыдан белдік пен әмиян жасау туралы ақпаратқа кез болдым. Маған ұнады, ғаламтордан былғары сататын аяқ киім салонын тауып, өзім үшін кішкенесін сатып алдым. Жасап көріп, қызыққаным соншалықты керекті жабдықтарды қолдан қалайша жасалатынын түсімде көре бастадым. Қазақстанда және Астанада жеңіл өнеркәсіпке қажетті құралдар жоқ, әсіресе былғарымен жұмыс істеуге арналған құралдар. Мысалы, түсімде шаңышқыдан қалайша құрал жасауға болатынын көрдім. Алдымен өзіме белдік жасап, суретті Instagram желісіне жарияладым. Адамдарға ұнады. Кейін екінші белдік жасап, оны да жарияладым. Менің ең бірінші клиентім көршім болды, мен оған алты мың теңгеге екі былғары белдік жасап бердім. Жақында оны көрдім, екі жыл өтсе де, ол әлі белдіктерді тағып жүр. Одан кейін достарым мен туыстарым тапсырыс бере бастады. Осылайша адамдар мені танып, маған жүгіне бастады. Бұл іспен қызығып, бұған дейінгі ісімді қалдыруды шештім, бірақ ол да маған ұнаған еді. Бірінші белдікті өз үйімдегі төрт шаршы метрлі дәлізде жасадым. Бұл кіреберіс болатын, ол арқылы әжетханаға, жуынатын бөлмеге, жататын бөлмеге өтуге болады. Мен жұмыс жасап жатқанда ол жерде әрдайым барлығы өте беретін, балалар келіп, құралдарды алып кетулеріне де
болатын еді.

Кейін мен көрші тұрғын үй кешенінде айына бес мың теңгеге жертөледегі шеберхананы жалға алдым. Ол жерден басқа шеберханаға көшкен сәтте маған жұбайым көмектесе бастады. Сол шеберханада жұмыс басталғаннан екі ай өткен соң біз ең бірінші үлкен көлем жұмысын жасадық. Бұл Жаңа жыл қарсаңында, желтоқсан айы болатын, сол кезде 91 белдік істедік. 2015 жылдың қазан айында жұмыс істей бастадық, ал 2016 жылдың мамырында цехті іске қостық. Қазір екі сауда нүктесі бар: «Жаннұр» СҮ және «Еуразия» ОСО. Басынан бастап маған жұбайым көмектесті. Біздің ZAF брендіміз — бұл қыздарым Зере мен Ажар және әйелім Фатиманың инициалдары. Жұбайым әрдайым үйде болып, балаларға қарайтын, бірақ үлкен көлемді жұмыс болған сәттерде маған көмекке келетін.

20180523-WED_1599.jpg

Бірінші белдікті өз үйімдегі төрт шаршы метрлі дәлізде жасадым. Бұл кіреберіс болатын, ол арқылы әжетханаға, жуынатын бөлмеге, жататын бөлмеге өтуге болады. Мен жұмыс жасап жатқанда ол жерде әрдайым барлығы өте беретін, балалар келіп, құралдарды алып кетулеріне де болатын еді.

Кейін мен көрші тұрғын үй кешенінде айына бес мың теңгеге жертөледегі шеберхананы жалға алдым. Ол жерден басқа шеберханаға көшкен сәтте маған жұбайым көмектесе бастады. Сол шеберханада жұмыс басталғаннан екі ай өткен соң біз ең бірінші үлкен көлем жұмысын жасадық. Бұл Жаңа жыл қарсаңында, желтоқсан айы болатын, сол кезде 91 белдік істедік.

20180523-WED_1618.jpg

2015 жылдың қазан айында жұмыс істей бастадық, ал 2016 жылдың мамырында цехті іске қостық. Қазір екі сауда нүктесі бар: «Жаннұр» СҮ және «Еуразия» ОСО.

Басынан бастап маған жұбайым көмектесті. Біздің ZAF брендіміз — бұл қыздарым Зере мен Ажар және әйелім Фатиманың инициалдары. Жұбайым әрдайым үйде болып, балаларға қарайтын, бірақ үлкен көлемді жұмыс болған сәттерде маған көмекке келетін.

20180529-WED_3231.jpg

Фатима. Үш ай бұрын дүниеге үшінші қызымыз келді және қазір бар уақытымды балаларыма арнаймын. Жақын болашақта кішігірім істі бастамақпын — балалар киімін тігу. Біз тігін машинасын сатып алдық.

Бірінші белдікті өз үйімдегі төрт шаршы метрлі дәлізде жасадым



Біздің қағидаларымыз



Жәнібек. Ең бірінші күннен басталған негізгі қағида — клиенттерге сену. Біз ешқашан атаулы тауарларды өндіру үшін алдын ала төлем сұраған жоқпыз. Маған хабарласып, тапсырыс беретін, ал мен атаулы белдікті жасап, апарып тастайтынмын, адамдар шын мәнінде төлейтін.

Командамыз үлкен емес, барлығын өзіміз үйретеміз. Адам өзі үйінде жөндеу жұмыстарын жасайалатынына немесе көлігін жөндей алатынына көңіл бөлемін. Сонымен қатар, мен үшін адамға біз айналысып жатқан іс шынымен ұнайтындығы маңызды.

Қазір бір нәрсені аяқтау үшін жұмыстан кейін қалатын кездер немесе оларға қызықты болғандықтан сенбі, жексенбі күндері жұмысқа шығатын сәттер жиі болып тұрады.

20180523-WED_1573.jpg

Жұмыста отбасылық атмосфера орнатқым келеді. Менің арманым бар — болашақта үлкен зауыт ашып, жанынан қызметкерлер үшін үйлер салып, кішігірім ауыл немесе шағын қала ашу. Алдымен біз шалбарлар мен джинсы үшін бір қабатты белдіктер жасадық.

Кейін екі қабаттыларды да жасай бастадық. Әйелдерге арналған белдіктерді де жасаймыз, бірақ, тәжірибе көрсеткендей, әйелдер бұйымдарына аса ұқыптылықпен қарау керек, алдымен дизайнын, түсін таңдап, кейін ғана жасау керек.

Біздің салада қиындықтың үш деңгейін, үш сатысын атап айтуға болады. Бұл белдіктерді, әмияндарды, сөмкелерді өндіру. Олардың арасында аралық деңгейлер бар. Қазір біз төлқұжат, визитка, картхолдер, кілт, тиын салатын бұйымдарды жасайтын аралықтамыз. Келесі кезең әмиян мен портмоне жасау болады.

20180523-WED_1626.jpg

Сатумен өзіміз айналысамыз, сол себепті жұмысымыз мезгілдік: ерлер мерекесі, 7 мамыр, Жаңа жыл, жаз. 7 мамырда 700 белдік саттық, Жаңа жылда да дәл солай. Орташа айына 400 белд бұік сатамыз. Қазір Қазақстанның барлық қалаларында біздің бренд бойынша ашылу үшін серіктес іздестіріп жатырмыз, дилерлік желіні орнатуды жоспарлап жатырмыз.

Адамдар жиі белдікті шетелдік достары үшін сатып алады. Біздің белдіктер Еуропаның барлық мемлекеттерінде бар: Ұлыбритания, АҚШ, Сингапур, Пакистан, Ресей.

Жұмыста отбасылық атмосфера орнатқым келеді



Біздің жұмыс күндеріміз



20180529-WED_3239.jpg


Жәнібек. Бұрын тек цехта жұмыс істейтінмін, кейін сауда нүстелерін ашқан кезде қалада көп жүре бастадым. Өндіру мен сату — бұл әртүрлі бағыт, бір уақытта екеуімен де айналысу мүмкін емес. Сатуда ескеруді талап ететін көптеген қиындықтар бар. Жақында сатуға қатысты барлық сұрақтарды әпкеме жүктедім, ол менің серіктесіме айналдым, ал енді мен өндіріске қайтып келдім.

Нақты жүмыс тәртібі жоқ. Әдетте жұмысқа таңертең ерте кетіп, кешкі онда келемін. Цехта жұмыс істеуді жалғастырып жатырмын. Барлық жаңа бұйымдарды алдымен өзім жасап көремін, кейін ғана өндіріске жібереміз.



Біздің тәжірибеміз



Жәнібек. Аллаға осындай туыстарым үшін алғыс айта аламын. Әрдайым жұмыста да, істе де тіл табысамыз. Жұбайым әрдайым қолдап, ешқашан жалғыз қалдырмайтын.

Ең бірінші сатып алушылар ол FFF деген теория бар, яғни friends, family and fools — достар, отбасы және ақымақтар. Бірақ, әрине, оларды ақымақ деп атамас едім. Менің ең бірінші сатып
алушыларым достарым мен туыстарым болды, себебі олар менің бастамамды қолдауға тырысты. Менің ойымша, жобаның сәтті болуына менталитет те өз әсерін тигізді. Ол, егер біздің жерлесіміз жаңа істі бастаса, оны тек қана жақсы өнім ретінде қолдамайтындай қалыптасқан. Адамдарға біздің жобаны қолдағандарына ризамын.



Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.