Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-almytyly-b-r-otbasy-korey-kosmetikasyn-yde-satyp-bes-zhyldan-key-n-b-k-l-aza-stan-boyynsha-d-kender-ashty

Қалайша Алмытылық бір отбасы корей косметикасын үйде сатып, бес жылдан кейін бүкіл Қазақстан бойынша дүкендер ашты
1000

03.12.2018

Қалайша Алмытылық бір отбасы корей косметикасын үйде сатып, бес жылдан кейін бүкіл Қазақстан бойынша дүкендер ашты

Рустам Қасымов, 35 жаста, туған жері — Алматы
Эльмира Есмаханова, 36 жаста, туған жері — Алматы, кәсіпкер, директор

Компания атауы: A Cosmetics ЖШС
Қызмет саласы: бөлшек сауда
Құрылған жылы: 2013
Бастапқы капитал: 200 000 теңге


Барлығы қалай басталды

Эльмира. Бизнеске дейін күйеуіміз екеуміз басқа адамдарға топ-менеджер лауазымында жұмыс істедік. Ал 2013 жылы ары қарай даму керек екенін түсіндік.

We Project ШАХРИСТАН ИЗМ-18.JPG

Өмір бойы өзіме күтім жасауды ұнатамын және сұлулық саласында бір нәрсемен айналысатын ниетім болды. Күйеуім екеумізді абысыным қолдап, корей косметикасымен айналыса бастадық. Ол кезде корей косметикасы нарыққа енді еніп, аса танымал болмайтын. Осылайша косметиканы дәл үйдің ішінде сата бастадық, клиенттер келіп, оларға кеңес беріп, қызмет көрсететінбіз. Бастапқыда Instagram парақшасы ең белсенді алаң болды, кейін сайт ашуды шештік. Ал жарты жылдан кейін Алматыда Сейфуллин мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында дүкен аштық. Бірінші дүкенді ашқаннан кейін Астанада екінші дүкенімізді аштық. Сол уақыттан бері франчайзилермен бірге көп дүкендер аштық.

Алғашқы кезде франшизаны сатқымыз келмеді, барлық дүкендерді өзіміз ашқымыз келді. Алайда біздің косметиканы ұнатып, айналысып жатқан ісіміз жақсы көзқарастарға ие болып, адамдар ұсыныс жасаған кезде біз келістік. Франшиза бойынша ең алғашқы дүкен 2015 жылы Ақтауда ашылды. Шеберлік сыныбына 200-дей адам жиналды. Сол кезде аймақтарға біздің дүкен қажет екенін түсіндім. Қазір бүкіл Қазақстанды қамтыдық — бұл қуантарлық жайт.

Біздің қағидалар мен дәстүрлер

Компаниямыз үш қағиданы ұстанады. Біріншісі — әдемі дүкен, адам кірген бетте таңғаларлық әсерде болу керек. Екіншісі — өнім сапасы. Үшіншісі — кәсібилік, яғни қызмет көрсету.

Біз үшін клиенттің жақсы сезімде болуы маңызды, жай ғана келіп, тауарды сатып алу ғана емес, кейін қайтып келу ниетінің болуы. Сондықтан керемет интерьер жасаймыз, дүкендерімізде әрқашан тірі гүлдерді, сәндік кірпіш пен вулкандық тасты көруге болады.

We Project

Сонымен қатар кәсіби кеңес берумен жұмыс жасаймыз, бұған күшімізді де, уақытымызды да аямаймыз. Кеңесшілерді оқытамыз, өйткені қазіргі кезде әйелдердің уақыттары аз және косметиканы меңгеруге қолдары тимейді. Біздің қызметкерлер әрқашан көмек көрсетіп, кеңес бере алады.

Дүкенді теріні емдейтін өнімдермен толықтыруды шештік. Түрлі іс-шаралар мен көрмелерге, В2В кездесулерге барып тұрамыз, онда өнімнің шынымен де емдік қасиеті бар екенін дәлелдеу үшін оны алдымен өзіме сынап көремін. Соңғы жыл ішінде клиенттердің оң пікірлеріне ие бола бастадық, мәселен, бетіндегі акне проблемасын медициналық дәрі-дәрмекпен емдей алмай, креммен қалпына келтіре алған жас қыз болды. Біздің кремдер пайда әкелетіні қуантады.

Отбасымызды қалыптастыратын қағида — махаббат. Біз үшін бұл өте маңызды. Екіншіден, бұл — өзара түсіністік, үшіншіден – біз ажырамаймыз, әрдайым бірге жүреміз. Мен үшін отбасы — ол басынан бастап менімен бірге жұмыс істеп келе жатқан, қайда барсам да, немен айналыссам да бірге болатын адамдар.


Біздің жұмыс күндеріміз

Адамдар жеке бизнес жүргізгенде бос уақыт көп болады деп ойлаған кезде қателеседі. Уақыт жоқ. Егер бұрын жұмыс істегенде жұманы күтсек, қазір біз үшін жұма да, сенбі же, жексенбі де жоқ. Тәулігіне 24 сағат жұмыс істейміз деп айтуға болады. Бизнес — бұл саған қарап, бірге жұмыс істеп жатқан адамдар үшін үлкен жауапкершілік.

We Project ШАХРИСТАН ИЗМ-13.JPG

Бірінші дүкенді ашар кезде менің маркетолог қызметін жақсы атқара алатынымды түсіндік, жарнамамен, дүкеннің дизайнымен айналысамын. Күйеуім көбінесе дүкендерді салумен, инвестиция іздеумен, масштабтау жұмыстарымен айналысады. Жеңгем компанияның ішкі бөлігін басқарады, ол қызметкерлер мен сатулар.

Күйеуім екеуміздің компанияның операциялық қызметіне араласпағанымызға бір жыл болады. Бізбен жетекші ретінде тек жаһанды сұрақтарды шешеді. Бүкіл жауапкершілікті өздеріне алған топ-менеджерлеріміз бар. Жаңа идеяларды іздестірудеміз.


Біздің тәжірибе

Бизнесіміздің артықшылығы — үлкен қолдау: егер өзім жалғыз айналыссам, бұл әлдеқайда қиынырақ әрі ұзағырақ болушы еді. Үшеуміз отырып, істерді талқылаған кезде бір мезетте жаңа идеяларымыз пайда болып жатады. Отбасыда бір-бірімізге сенеміз және барлығын абысыныма және қызметкерлерге тастап, балаларымызбен және күйеуіммен басқа жаққа кетіп қала аламыз.

Бір ережеміз бар — балаларымыздың жанында немесе отбасымызбен үйде бірге болғанда тек отбасылық істерді талқылаймыз.

We Project ШАХРИСТАН ИЗМ-16.JPG

Кейде күйеуім екеуміздің бизнеске деген көзқарастарымыз қарама-қайшы келеді, өйткені ол ер адам. Мәселен, жұмыс киіміне қатысты: егер мен қыздардың нәзік көрініп, қызыл мен қызғылт түстердің болғанын қаласам, ол қара және көк түстерді таңдайды. Бірақ мұны дауыс беру арқылы тез шешіп, таңдау еркіндігін қызметкерлерге береміз.

Сұлулық индустриясына қатысы жоқ тағы бірнеше жобаны іске асыруды жоспарлаудамыз, әртүрлі бизнес жүргізгіміз келеді. Бір орында тұрмай, үнемі даму үстіндеміз. Менің ойымша, әлі де жеткілікті өспедік және алда бізді көптеген жаңа нәрселер күтуде.

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.