Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
elorda-y-botanikaly-ba-ekzotikaly-s-md-kter-balalar-a-arnal-an-ekskursiyalar-zh-ne-fotosessiyalar

Елордағы ботаникалық бақ: экзотикалық өсімдіктер, балаларға арналған экскурсиялар және фотосессиялар
1413

31.03.2019

Елордағы ботаникалық бақ: экзотикалық өсімдіктер, балаларға арналған экскурсиялар және фотосессиялар

Шолпан Масалимова, жылыжай кешендерінің меңгерушісі, @astanabaq

DSC_9195.jpg


Ботаникалық бақтың аумағы жайында


Ботаникалық бақ 2018 жылдың шілде айында пайда болды. Бақ Қабанбай батыр даңғылы мен Түркістан көшесі, № 24 және 26 шаршы аумақтарын алып жатыр. Аумақтың ішінде саябақ зонасы, спорттық және балалар алаңдары, веложолдар және жүгіруге арналған жолдар, әрі фонтандары бар жасанды су тоғаны орналасқан.

Ашық жерде ағаштардың, бұталардың және гүлдердің алуан түрлері өсетін эксперименттік алаңдар бар.

Ботаникалық бақта тропикалық және субтропикалық өсімдіктер өсірілетін екі жылыжай кешені мен суккулентті өсімдіктерге арналған кешен ашылған. Әрбір жылыжайдың аумағы 700 шаршы метр, жалпы 2000-нан астам өсімдік түрлері өсіп өнеді.

Елорданың ботаникалық бағы – Алматыдағы басты Ботаникалық бақтың филиалы.

DSC_9059.jpg

DSC_9060.jpg


Жылыжайлардың ерекшелікетері жайында


Өсімдіктерді жылыжай кешендеріне отырғызудың алдында карантин мен бейімделуден өткізу үшін, басым бөлігі 2017 жылы әкелінді. Жылыжайлардағы топырақтың түрі құрамды және ол мамандардың жетекшілігімен дайындалды, себебі тропикалық және субтропикалық өсімдіктер үшін топырақ қоспасының бір түрі қажет болса, суккуленттік өсімдіктер үшін мүлдем басқа түрі қажет. Жылыжай толықтай автоматтандырылған. Бұл ТМД елдері бойынша жаңа технологиялар қолданылған жалғыз жоба.

Күрт құбылмалы климатты елде температураны реттеп, ауаға қосымша ылғалдылық беріп тұру маңызды. Субтропикалық елдерден әкелінген өсімдіктер үшін ылғалдылық 60-80 % деңгейінде сақталып тұрады. Жылыжай кешенінің автоматтандыру жүйесі арнайы тұман жаралымы мен тамшылатып суармалау функцияларын қамтиды. Бұның барлығы басқару орталығының мамандарымен қадағаланады.

024e3cba-b27f-410c-aeba-28c159acb14c.jpg

Суға арналған қоймалар орналасқан техникалық бөлмелер бар. Олар автоматты түрде толып отырады және жылыжайдағы өсімдіктер белгілі бір температураға дейін жылытылған сумен суарылады. Сонымен қатар су фильтрлар арқылы тазартудың бірнеше деңгейінен өткізіледі.

Өткен жылы осында қызғалдақтың, нәркес гүлдің, құртқашаштың, шырыштың, зығыпыранның және тағы басқа көп жылдық өсімдіктердің алуан түрлі сұрыптары отырғызылды. Ауа райы жылыған кезде, келушілер бұл өсімдіктердің гүлдеу процесін көре алады. Жылыжайларда әрбір ағаш қанша жеміс беретіні есептеледі, оған қоса отырғызу күні қадағаланады.

DSC_9204.jpg

ec97c052-b8a3-4448-9662-ffefb09ee988.jpg

Жылыжайдың негізгі мақсаты – Қазақстанның тұрғындары әлемнің басқа жерлерінде өсетін және сирек кездесетін өсімдіктер түрлерін көре алуы үшін, оларды жинау және сақтау.

Жылыжайдың негізгі мақсаты – сирек кездесетін өсімдіктердің түрлерін жинап, сақтау



Мамандар жайында


Мамандар қауіпсіздік техниканы сақтау сабақтары мен арнайы оқытудан өткен соң, Ботаникалық бақтағы жұмысқа кіріседі. Қазірде штатта он шақты ғылым кандидаттары мен докторлары жұмыс істейді, оған қоса магистратура мен докторантурада оқып жатқан жас мамандар да жұмысқа тартылған. Бұл биология бағытындағы болашақ мамандар мен агрономар.

Ботаникалық бақ Еуразия ұлттық университеті мен Аграрлық унивеситетімен жұмыс жасайды. Меморандум аясында биологтар мен ботаниктер жергілікті базаның негізінде тәжірибеден өте алады. Биологиялық білімі жоқ қызметкерлер де бар, оларды Ботаникалық бақтың базасы негізінде оқытады. Осында өсімдіктерді бағып күтуге, оларды өңдеп, суаруға үйретеді. Жұмыстың барлық техникалық бөлігін түсіндіреді.

DSC_9212.jpg

Бүгінде Ботаникалық бақта «өсімдіктер карантині және қорғау» мамандығы бойынша оқып жүрген бірнеше практикант-студенттер жұмыс істеп жүр. Бұл жұмыста жоғары деңгейдегі мамандардың болуы маңызды.


Бақтың ерекшеліктері жайында


Ботаникалық бақ – бұл қала орталығында орналасқан бірегей жасыл аймақ пен демалыс орны. Солтүстік жағалауда жас көшеттер көп емес. Ал осында өсімдіктердің бағалы түрлері өседі және бақтың бір телімі Қазақстанның Қызыл кітабындағы өсімдіктер мен басқа географиялық аумақтардағы өсімдіктерге арналып бөлінді. Жақын арада қонақтарымыз емдік, сирек кездесетін, екпе ағаш және сәндік гүл өсімдіктердің жинақтамаларын көре алады.

338e3d63-6622-48f6-a655-5dc79d0475ac.jpg

89b716a2-5045-410e-8088-b88afa4a4a15.jpg

Әрбір қала тұрғыны ғаламшарымыздың тропикалық, шөлді және субтропикалық аумақтарында өсетін өсімдіктердің түрлерін біле бермейді. Елордалық жылыжай аумағында осындай әлемді танып, әртүрлі елдердің климаты мен ерекшеліктері жайында мағлұмат алу мүмкіндігі бар.

Ботаникалық бақ – бұл қала орталығында орналасқан бірегей жасыл аймақ пен демалыс орны


Ботаникалық бақта қаланы безендіру үшін арнайы өсімдіктерді өсіруге болады. Елорда тұрғындары қаланы шырайгүлдермен көгалдандыратынына үйреніп қалды, бірақ зерттеу орталығының мамандары раушан гүлдер, қатпар баршынгүлдер және лала гүлдердің белгілі сұрыптары сияқты көп жылдық гүл өсімдіктерге көшуді ұсынады. Бақтың базасында тәжірибелер мен зерттеулер өткізіледі. Бұл жұмыстардан кейін өсімдіктердің айрықша түрлерін қалалық ландшафтына қолдануға болады. Мамандар әрбір облыс үшін таңдамалы сұрыптарды ұсынатын болады.

DSC_9138.jpg

DSC_9245.jpg


Іс-шаралар мен жоспарлар жайында


Біз саябақтың аумағында спорттық марафондардан бастап қайырымдылық акцияларға дейін көптеген іс-шаралар өткіземіз.

Экскурсиялық маусымның ашылуы сәуір айына жоспарланған. Ботаникалық бақтың негізінде мектеп оқушыларына арналған үйірме жұмыс жасайды, әрбір бала өсімдіктерді өсіру мен оларды күту туралы мағлұмат ала алады.

Өсімдіктердің көбеюі үшін келешекте қысқы жылыжайды салу жоспары бар. Кез-келген адам дүкендердегі бағалардан әлдеқайда төмен болатын дәндер мен өсінділерді сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жобаны іске асыру үшін мамандар демеушіні іздеп жатыр.

Ботаникалық бақтың аумағында музыкалық және мәдени шараларды өткізу жоспары бар. Фотосессиялар үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Әрбір маусымға түрлі іс-шаралар үлестіріліп қойылды.


Мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы мен Түркістан көшесі, № 24 және 26 шаршы аумағы

Байланыс телефоны: 8 777 119 07 20, 8 701 688 19 11

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.