facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-stanny-baru-a-t-rarly-m-razhaylary
logo
Қазақстанның баруға тұрарлық мұражайлары

13.02.2023

Қазақстанның баруға тұрарлық мұражайлары

Қазақстанның баруға тұрарлық қызықты және ерекше мұражайлары туралы бүгінгі материалымызда. Тарихтан — заманауилыққа дейін.


Lumiere-Hall, @lum_kz


Қаласы: Алматы, Қазақстан

Lumiere-Hall — Қазақстандағы тұңғыш проекциялық мұражай. Жаңа мәдени нысан ең заманауи технологиямен жабдықталған. Мұнда ұлы суретшілердің шығармашылығына үңіліп, эстетикалық ләззат алуға, олардың өмірі туралы қызықты деректер жайында білуге болады. Мұражай аумағында өнер әлеміндегі адамдардың шығармашылық өмір жолы туралы лекциялар тыңдауға болатын мультимедиялық көрмесі бар үлкен проекциялық зал орналасқан.


Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, @nationalmuseumkz


Қаласы: Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі 2014 жылдың жазында ашылды. Бұл — 74 000 шаршы метр аумақты алып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мұражай кешендерінің бірі. Мұражайда түрлі форматтағы экскурсиялар өткізіледі: тақырыптық, философиялық, интерактивті сабақтар мен ойын экскурсиялары түріндегі арнайы бағдарламалар.


Балық шаруашылығының тарихы мұражайы


Қаласы: Арал

Қазақстанда 2013 жылы ашылған Балық шаруашылығының тарихы мұражайы Қызылорда облысының Арал қаласында орналасқан. Мұнда Арал теңізінің балық аулау кәсібінің тарихынан сыр шертетін 2000-нан астам жәдігер бар. Ғимарат негізгі залдан келушілер ескі балық аулау кемесінің капитандық мінберіне көтеріле алатындай етіп салынған.


Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы, @ykhlas_museum


Қаласы: Алматы, Қазақстан

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы 1981 жылы Алматыда ашылған.
Мұражайда қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары, сондай-ақ әлемнің 50-ден астам елдерінің мәдени жауһарлары қойылған тоғыз зал бар. Мұнда түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптар залы, Азия және Африка халықтарының музыкалық аспаптар залы, Еуропа халықтарының музыкалық аспаптар залы және тағы басқалар орналасқан.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.