facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/iblock/0dd/0ddf5a0535d7c13585845725c79f12fe.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
zhas-k-s-pkerler-a-sha-a-degen-k-z-aras-zh-ne-30-zhas-a-dey-n-nen-b-lu-ma-yzdy-ekend-g-zhayynda
logo
Жас кәсіпкерлер ақшаға деген көзқарас және 30 жасқа дейін нені білу маңызды екендігі жайында

04.07.2020

Жас кәсіпкерлер ақшаға деген көзқарас және 30 жасқа дейін нені білу маңызды екендігі жайында

Қазбек Жанғазиев, 28 жаста, қаласы — Лафборо, «Санлин» футбол академиясының негізін салушы және бас менеджері, @k.zhangaziyev


photo5470175356297260338.jpg

Өзі жайында


Мен саналы, жұмысқа қабілетті, табанды, ұқыпты және жауапты адаммын.

Қазақстандағы балалар футболын дамытумен айналысамын. Сонымен қатар «Болашақ» бағдарласымен Ұлыбританияда «спорт менеджері» мамандығы бойынша магистратурада оқып жатырмын.

Бизнес жайында


Кәсіпкерлікпен жеті жыл бойы айналысып келемін. 2013 жылдың жазында күн сәулелік батареясындағы желдеткіштері бар кепкелердің көтерме және бөлшек саудасымен айналыса бастадым.

photo5470175356297260336.jpg

Университетті бітіргеннен кейін, 2014 жылғы қыркүйегінде «Санлин» футбол академиясының негізін салдым. Біз 4-тен 16-жасқа дейінгі балаларды футбол ойнауға үйретеміз. Нұр-Сұлтандағы бір филиалдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша 14 филиалдарға дейін өстік, желімізді франчайзинг арқылы дамытамыз. Осы уақыт ішінде 5000-нан астам баланы оқыттық. Болашақтың бір күнінде түлектеріміздің бірі ірі еуропалық кәсіби клубында ойнайтындай қазақстандық футболды дамытып жатырмыз.

Ақша жайында


Мен үшін ақша – бұл мақсаттарға жетудің құралы. Оларды шетел валютасына аударып, үлескерлік құрылысқа салуды жөн көремін.

Қаражаттың белгілі бір бөлігі саяхатқа жұмсалады. Барлық құрлықтарда болып, 100 елден астам жерлерге барғым келеді.

photo5470175356297260337.jpg

Қаржы менеджментіне көңіл аудару маңызды деп санаймын. Бұл қиын емес – табатын табысыңнан артық жұмсамау, ай сайынғы түсімнен 20-30% қалдырып отыру. Трендтердің соңынан ермеу: iPhone немесе Camry көлігін несиеге алудың қажеті жоқ. Instagram-дағы медиа тұлғаларының жарнамаларына еліктемей, мүмкіндіктеріңізге қарай өмір сүру керек.

Болашақ жайында


Жас ұрпаққа табандылық, жұмысқа қабілеттілік, адалдық, жоспарлаған нәрселерді соңына дейін жеткізу қасиеттерін дамыту қажет. Идеяңызға әрдайым сене білу, берілмеу және кішігірім сәттілік керек.

Болашағы жайында ойланатын жастарға айтарым: сүйікті хоббиіңізді өмірлік ісіңізге айналдыруға кеңес беремін. Мысалы, мен әрқашан футболды ұнататынмын және осындай компания құрғанымнан рақат аламын.

Бүгінде смартфондарға арналған қосымшалар белсенді түрде дамуда. Демеушілер қолдап жатқан киберспорт саласын да атап өткен жөн.


Руслан Хайруллаев, 26 жаста, қаласы — Алматы, кәсіпкер, @rus_libirry


73455994_113421536571057_4143640959783722142_n.jpg

Өзі жайында


Мен Алматыда туып өстім. ҚазҰУ-дың Жоғары экономика және бизнес факультетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірдім.

Бизнес жайында


Кәсіпкерлікпен айналысып жүргеніме жеті жыл болды. Студенттік кезде достарым «Бизнес Молодость» курстарына қатысып, мені де шақырған. Кейін мен Қытайдан киімдерді жеткізетін адаммен таныстым. Осы іске кірісіп кеттім – өзіңе жұмыс істеудің артықшылығын түсіндім.

61260792_334412300581109_3907983956946782059_n.jpg

Бүгінде мен үш жобаның негізін салушысы және серіктесі болып табыламын. Бұл Hide маркетингтік агенттігі, жаңадан ғана іске қосылған Drug киім бренді және негізгі жобам – виниринг пен брекеттерді орнатуды ұсынатын Lab Smile эстетикалық стоматология орталығы. Біз әрқашан жақсы өнімді ұсынуға, бизнесті кеңейтуге және адамдарға күлкі сыйлауға тырысамыз.

Ақша жайында


Ақша — бұл мақсаттарға жетудің құралы. Қазіргі таңда мен қаражатымды компанияның дамуына жұмсаймын. Кейін басымдықтар өзгеруі мүмкін. Күнделікті өмірде ақша тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалады.

Мен күніне үш-төрт кездесу өткіземін, сол себепті үлкен сомалар мекемелердегі шоттарға кетеді. Қажеттілігіне қарай жасалатын сатып алулар да болады.

95190389_294874994841812_3469922073262290667_n.jpg

Тәуекелдер қаншалықты аз болса, сенімділік те соншалықты артық болатынын түсіну маңызды. Бұл денсаулықтан бастап бизнеске дейін барлық салаларға қатысты. Қандай нәрселерге ақша салып жатқаныңызды ұғыну керек.

Болашақ жайында


Жастық шақта маңыздысы – білім алу. Бұл дипломға ғана емес, сонымен қатар өздігінен дамуға қатысты. Кітап оқу, курстарға қатысу – неғұрлым көп нәрсе білсең, соғұрлым жақсы болады. Сондай-ақ, алған білім мен құралдарды бірден іске асырып көру маңызды. Өзіңді тонуста ұстау үшін өзіңе сыни тұрғыдан қарауды ұмытпау керек.

Жастарға өз таңдауларыңда батылдырақ болуға кеңес беремін. Өзіңе не қажет екенін түсіну үшін, жай ғана сұрақ қою жеткіліксіз. Тереңірек ойға салынып, байқап көру керек. Табысқа жету үшін ақша қажет деген түсінік артта қалды. Жобалар жасап, оларды басқару үшін ақылды болу жеткілікті.

Мен трендтерді қуаламаймын, дегенмен IT саласының қалай дамып жатқанын байқап жүрмін. Соныммен қатар онлайн-өнімдерге деген қаражат салу өзекті болып келеді.



Қасымхан Жапанов, 31 жаста, қаласы — Нұр-Сұлтан, кәсіпкер, @kasymxan


89383979_3553692094702005_7462202339135750838_n.jpg

Өзі жайында


Жалпы мен шығармашыл адаммын, сол себептті жұмысқа деген қатынасым стандарттан тыс. Мінезім байсалды, салмақты – бұл қасиеттерім күйзеліс жағдайларында сабырлы болуға көмектеседі.

Бизнес жайында


Мен студенттік кезімнен дизайнер болып жұмыс істеймін. «Азиада-2011», «Қазақстан Барысы» сияқты ірі жобаларға, сондай-ақ форумдар мен фестивальдерге қатыстым. Университетті бітіргеннен кейін, жеке дизайн-студиямды ашу идеясы пайда болды, оны 2013 жылы іске асырдым.

Creeon графикалық дизайнмен және digital-графикамен байланысты барлық нәрселермен айналысады. Қазақстанның көптеген ірі компаниялары дизайнды шетелдік студияларға тапсырыс береді. Сол себепті студиямыздың міндеті – әлемдік стандартқа сай келетін сапалы өнім жасау. Мысалы, 2019 жылы біз елордамызда өткен Күрес бойынша әлем чемпионатының рәсімдеуін және дизайнын әзірледік.

Ақша жайында


Ақша — бұл мақсат емес, оған жетудің құралы. Мен үшін саяхат ең ұнамды инвестиция болып табылады. Саяхаттаған кезде мен жаңа білім мен шабыт аламын.

Ақшаны, негізінен, құрамдас техникаға немесе шетелдегі кәсіби көрмелерге қатысу үшін жұмсаймын. Бұл әрдайым ой-өрісімді кеңейтеді.

47317499_1994230884024780_3973842656194529509_n.jpg

Ақшаны жоғалтпай, табысты арттыру үшін ақшамды салайын деп жатқан нәрсенің маңыздылығына көңіл бөлемін. Қазіргі кезде шығындарды максималды түрде қысқарту қажет деп санаймын.

Қазақстанда көп бағыттарды дамытуға болады. Сол себепті бастысы – өз ісіңде үздік болу. Табандылық пен қажырлық – кез-келген мақсаттарға қол жеткізудегі басты қасиеттер.

Болашақ жайында


Мектеп оқушыларына емтихандардан қорықпауға және жоғары оқу орындардағы білімнен көп нәрсе күтпеуге кеңес беремін. Қоршаған орта әрдайым басты нәрсе болып табылады, сол себепті қазірден бастап талдау жасап, мақсаттарың мен қызығушылықтарыңа сәйкес келетін дұрыс қоғам құру керек.

100768316_2309155056046756_3923425253284662603_n.jpg

IT саласының болашағы зор. Сол себепті аға буын өкілдері белсенді түрде жастарға ақша салады. Бастысы – қолыңыздан келетін нәрселермен айналысу. Мен мектеп кезінде Photoshop арқылы коллаждар жасаған кезде, болашақта осы ісім арқылы табыс табамын деп ойлаған жоқ едім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.