Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/589/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/58911cdd0bb72b01b8ccf6684cfd8922.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
2019-zhyly-aza-standy-lemge-tanyt-an-7-e-zhar-yn-aza-standy

2019 жылы Қазақстанды әлемге танытқан 7 ең жарқын қазақстандық
8089

05.01.2020

2019 жылы Қазақстанды әлемге танытқан 7 ең жарқын қазақстандық

Ержан Максим, @maksim_erjan


Ержан Максим.jpg

2019 жылдың жарқын жұлдызы — Ержан Максим — жас әнші, «Голос. Дети» музыкалық шоуының алтыншы кезең жеңімпаздарының бірі.

Тыңдауларда қазылар алқасының барлық үш мүшесі қазақстандық үшін дауыс берді. Бірақ Ержан Валерий Меладзені тәлімгерлікке таңдап, оның басшылығымен байқаудың финалына жетті.

Мұнымен жеңістер аяқталған жоқ. 2019 жылдың 24 қарашасында Ержан Максим Польшадағы балалар «Евровидениясында» Қазақстанды лайықты таныстырды. Ол екінші орынға ие болды.


Димаш Кудайберген, @kudaibergenov.dimash


Димаш Кудайбергенов (2).jpg

2019 жылы қазақстандықтар мен әлем жанкүйерлері Димаш Құдайбергеннің жетістіктері үшін ерекше мақтаныш сезімінде болды.

Жыл басында әнші Қазақстаннан шыққан алғашқы қатысушы болып, The World ' s Best 2019 американдық шоуына қатысты.

Ресейде Жыл сайынғы «Жыл әні» жүлдесінде Димаш Құдайберген «Жыл әншісі» марапатына ие болды. Марапатты орындаушыға халық әртісі Валерий Леонтьев табыс етті. Сонымен қатар, ресейлік «Виктория» ұлттық музыкалық премиясында ол бірден екі номинацияда жеңіске жетті.

Ал, 10 желтоқсанда Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Barclays Center аренада жеке концертін өткізді.


Данэлия Тулешова, @tuleshova_daneliya


Данэлия Тулешова.jpg

Данэлия The world ' s Best 2019 американдық шоуында өнер көрсеткен Қазақстанның екінші қатысушысы атанды.

Сондай-ақ, осы жылы ресейлік орындаушы Полина Гагаринаның жеке шақыруы бойынша жас әнші Singer 2019 Қытай музыкалық байқауының финалында өнер көрсетті.


Канат Нуртазин, @kanat_n


Канат Нуртазин (2).jpg

Көкшетаулық суретші, жапырақтарда сурет салады, «Сурет салудың 100 әдісі» жобасының авторы.

Канат Нуртазин (1).jpg

Биылғы жылы Disney-дің «Малефисента» және «Суық жүрек 2» екі әлемдік премьерасы өтті. Қанат Нұртазин оладың жарнама роликтері үшін жапырақтарда бейнелерін кескіндеді. Сондай-ақ, суретші Nickelodeon үшін жапырақтарда иллюстрациялар жасады.


Иманбек Зейкенов, @imanbek_zeikenov


Иманбек Зейкенов.jpeg

Биылғы жылы Ақсу қаласының жас теміржолшысы Иманбек Зейкенов танымал болды. Әуесқой диджей американдық рэпер Saint JHN Roses әніне ремикс жазды. Бір әнмен ғана әлемдік чарттарда топ жарды. Трек Apple Music-тің 10 үздігіне кірді, ал Shazam музыка қолданбасында миллиондаған көрермен тыңдады.


Владимир Морозов, @v_morozov


Владимир Морозов.jpg

Биылғы жылы әлемнің ең әдемі ер адамы деп қазақстандық Владимир Морозов танылды. Ол Үндістанда өткен Mister Model Worldwide халықаралық сұлулық байқауында жеңіске жетті. Астаналық 17 финалисті озып, байқаудың бас жүлдесін иеленді.


Элизабет Турсынбаева

Элизабет Турсынбаева.jpg

Элизабет Тұрсынбаева — ресми жарыстарда төрт сальхов орындаған тарихтағы алғашқы ересек мәнерлеп сырғанаушы. Қазақстандағы «Үздік жас спортшы» титулының иегері биылғы жылы тағы да өз жанкүйерлерін таңқалдырды. Ол 2019 әлем вице-чемпионы атанып, төрт құрлық Чемпионатында және қысқы Универсиада — 2019-да күміс медаль жеңіп алды.


Материалды дайындауда көмек көрсеткендері үшін Ксения Придатченкоға, Зифа Хабироваға, Айгерим Тугелге, Асылбек Арынгазға алғыс білідреміз.

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.